Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда залалсыздандыруға арналған кешендер орнатылады

© Photo : акимат Нур-СултанаДезинфекционные тоннели
Дезинфекционные тоннели  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы мотордың көмегімен құрылғының ішінде бу пайда болады. Адамның киімі толықтай залалсыздандырылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Елордада адамдардың киімін залалсыздандыруға арналған 10 кешен орнатылады. Ол медициналық мекемелер аумағында және адам көп шоғырланатын жерлерге қойылмақ.

Біреуі №3 көпбейінді балалар ауруханасында қойылды. Медицина қызметкерлері жұмысқа келгенде және жұмыстан кеткенде сол кешен арқылы шығады. Ал науқастар дәліз арқылы өте алады.

"Олар бу генераторының көмегімен жұмыс істейді. Арнайы мотор дезинфекциялық құралдардың буын шығарады. Осының арқасында кешен арқылы өткенде киім-кешек, аяқкиім түгелдей залалсыздандырылады", - деді балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков.

Мұндай кешендер медициналық мекемелер аумағында және адам көп шоғырланатын жерлерге қойылады, деп жазады астаналық әкімдік сайты.

Сондай-ақ, коронавирустың таралуына жол бермеуүшін елдегі түзету мекемелерінде де орнату жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0