Блок бекеттер

11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда не өзгереді - әкімдік жауабы

2246
Астаналық әкімдік 11 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін кәсіпорындар тізіміне қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Төтенше жағдай режимі аяқталған соң астана айналасындағы блок бекеттер бірден алынбайды. Бұл туралы астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Төтенше жағдай режимі мен карантинді шатастыруға болмайды. Карантин режимі төтенше жағдай алынған соң да сақталады. 12 мамырдан кейін қалай болатыны ертең, 11 мамыр күні төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында белгілі болады", - деп хабарлады астаналық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Әкімдік желіде тараған 11 мамыр - 15 маусым аралығында жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімін жоққа шығарды. 

"Желідегі құжат шындыққа жанаспайды. Ресми ақпарат жергілікті атқарушы органдар мен премьер-министрдің ресми сайтында жарияланады", - деді Олжабаева.

Дүйсенбі, 11 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. 

Жиын барысында мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр.

Қазақстанда 16 наурыз - 15 сәуір аралығында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Кейін президент жарлығымен 1 мамырға дейін ұзартылды. Кейін 11 мамыр сағат 00:00 -ге дейін созылды.

2246
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, карантин, Нұр-Сұлтан, мамыр
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (400)
Тақырып бойынша
"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстандағы төтенше жағдай: Тоқаев мәлімдеме жасайды
Коронавирусқа байланысты оқушылардың жазғы демалысы қысқара ма – министр жауабы
"Қашып кете алмайды": Назарбаева карантин кезінде өршіген мәселені көтерді
Карантин астаналықтардың өмірін қалай өзгертті – видео
Маска киген супермаркет қызметкері

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

9
Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген.

Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған.

Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

9
Кілт сөздер:
сауда орталығы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (400)
Тақырып бойынша
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді 
Жолдағы белгі

Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды

36
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды, анықтау жұмыстары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Елордада жеңіл көлік жүргізушісі жарық бағанын құлатып, аялдама кешеніне соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 30 мамыр таңертең Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында болды.

"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанын құлатып, кейін аялдамаға соғылды", - деп мәлімдеді полициядан.

Абырой болғанда, аялдама дәл сол сәтте бос болған, зардап шеккендер жоқ.

© Photo : Polisia.kz
Кроссовер аялдамаға соғылды

Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Жұма, 29 мамырда, Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан еді.

Жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, "МАН" маркалы бағдарлы автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобус салонындағы 13 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның сүйегі сынған, қалғандары түрлі дәрежеде жарақат алды.

36
Кілт сөздер:
аялдама, жол апаты, Нұр-Сұлтан