Аялдама, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді

186
(Жаңартылды 12:33 15.05.2020)
Қазіргі кезде тек қала ішіндегі автобустар ғана бар. Екінші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Елордада қоғамдық көліктің жүру уақыты бір сағатқа ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі "CTS" компаниясына сілтеме жасап.

"Бүгіннен бастап астанада автобустардың жүру кестесі өзгерді. Енді қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді. Бұған дейін сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынады", - делінген ресми хабарламада. 

Қазіргі кезде тек қала ішіндегі автобустар ғана қатынап жүр. Екінші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығатын болады. Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Соның ішінде бетперде мен қолғап кию, антисептикті қолдану бар. Осы шараларды жолаушылар да сақтау қажет.

"Жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатты. Жол жүру үшін көлік карталарын және жолақы төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар: SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Карантин енгізілгенге дейін қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі 98 процент болған", - дейді компания мамандары. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қалааралық автобустар қашан жүре бастайды

Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктелді.  Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды. 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылған болатын. 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады. Ал бір сағаттың ішінде тегін ауысып отыру жеңілдігін алып тастады. Оны алу үшін арнайы тарифтерді сатып алу қажет.

 

186
Кілт сөздер:
қоғамдық көлік, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс
Пойыз жолаушыларына жолға тамақ алуға рұқсат етіледі – Байғабылов
Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады
Нұр-Сұлтан әкімдігінің ғимараты

Нұр-Сұлтан әкімдігі қызметкерлерді қысқартады

519
35 миллиард теңге оңтайландырылмақ, үнемделген ақша әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталады, деді қала басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Елорда әкімдігі қызметкерлер штатын қысқартып, бюджетті оңтайландырады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол президенттің тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік секторда, сонымен қатар, аппараттың ішінде де штаттық құрылым мен бюджетті оңтайландыру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"17 заңды тұлға оңтайландырылды, бюджет қайта қаралды. Өнімсіз шығындар 28 миллиард теңгеге қысқартылды. Қазір тағы 7 миллиард теңгені қысқарту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, барлығы 35 миллиард теңге оңтайландырылады", - деді Көлгінов онлайн брифингте.

Қала басшысы үнемделген ақша әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталатынын жеткізді.

Қаржының 14 миллиард теңгесі инженерлік инфрақұрылымға, 3,5 миллиард теңгесі білім, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға және әлеуметтік жұмысқа бағытталмақ.

Үш миллиард теңгеден астамы шағын және орта бизнесті қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін субсидиялауға және тағы басқа міндеттерге жұмсалады.

Айта кетсек, төтенше жағдай кезінде астана әкімдігі мен ведомствоға бағынышты кәсіпорындар қызметкерлерінің 70%-тен астамы қашықтан жұмыстан істеді.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әлі алынбайды – елорда әкімі 

Көлгіновтің айтуынша, карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты қазір көбі біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне оралып жатыр.

519
Жансақтау бөлімі

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 

77
(Жаңартылды 17:17 26.05.2020)
Қала басшысы індетке шалдыққандардың дені отызға толмаған жастар екенін атап өтті. Ол тұрғындарды қауіпті вирустан сақтануға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтырған он төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі уақытта бізде 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сегізі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін бар күш-жігерін салуда", - деді Көлгінов онлайн брифингте. 

Айтуынша, елордада коронавирус жұқтырған 1 686 науқас тіркелген, олардың 51-і емделіп шықты. Бес адам қайтыс болды. 
Қала басшысы індетке шалдыққандардың дені отызға толмаған жастар екенін атап өтті. 

"Қазір күнделікті өсім статистикасы 2-ден 4 процентке дейін болып отыр. Науқастардың 40%-і –  30 жасқа дейінгі жастар, ал 35%-і –  30-дан 50 жасқа дейінгі адамдар. Яғни, осы статистикаға жүгінсек, вирус, негізінен, үлкендерге, зейнеткерлерге немесе бұрыннан ауруы бар адамдарға жұғады деген сөз расталмады. Тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жас талғамайды", - деді елорда әкімі. 

Көлгінов қаланың жасын да, кәрісін де қауіпті вирустан сақтануға шақырды.

Тағы оқыңыз: Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді

 

77
Кілт сөздер:
жансақтау бөлімі, коронавирус, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Блок бекеттер әлі алынбайды – елорда әкімі 
Көлгінов балабақшаларды ашу туралы айтты  
Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар – әкімдік жағдайды түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Архивтегі фото

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

0
Күмісхан Оразақынова коронавирус инфекциясын Кеген аудандық ауруханасына емделуге барғанда жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты.

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды 

"Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық", - дейді дәрігерлер.

Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

"14 күн бойы клиникалық протоколдарға сәйкес ем-шара жасалып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық", - дейді дәрігер-инфекционист Алмагүл Асқарқызы.  

Ал одан кейінгі екі ПЦР талдауы теріс нәтиже көрсетіп, жалпы клиникалық-лабораториялық көрсеткіштер дұрысталғандықтан ауруханадан шығарылған.

"Осы Шелектегі ауруханада жатып, жазылып шығып жатырмын. Сексен тоғыздамын, бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!", - дейді Күмісхан Оразақынова.

0
Кілт сөздер:
кейуана, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді