Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша ұтып алуға болады

© Sputnik / Абзал КалиевПокупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Түбіртек талап етіп, жүлде ұтып ал!" акциясы арқылы телефон теңгерімін төлеуге болады. Бұл шара жылдың соңына дейін жалғасады  

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік кірістер департаменті жыл сайынғы "Түбіртек талап етіп, жүлде ұтып ал!" акциясының іске қосылғанын хабарлады.

Акцияның мақсаты – халық арасында азаматтық белсенділікті арттырып, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестік қалыптастыру.

Оқи отырыңыз: Бір миллион теңге ұтып алуға болады - Қазақстанда байқау жарияланады

Әрбір тұтынушы сатып алынған тауарының (жұмыс немесе қызмет) түбіртегін мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша ұтып алу мүмкүндігіне ие, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ кассалық бақылау машинасының фискалды чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады. Онда ақпарат расталғаннан кейін телефон теңгерімі толтырылады.

Акция 2020 жылдың 13 мамырында басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0