Елорда тынысы

Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірі жартылай жабылады

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы Нур-Султана после снятия режима ЧП
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғындарға жолдағы кептелістің алдын алу үшін бағытты алдын ала жоспарлау керектігі ескертіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. АстанадағыДостық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Достық көшесінде (Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде) көше-жол желісін орташа жөндеу аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарланған", – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Тұрғындарға жолдағы кептелістің алдын алу үшін бағытты алдын ала жоспарлау керектігі ескертіліп отыр.

Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол).

Тағы оқыңыз: "Соғыстан кейінгі жол сияқты": белсенді Қостанай көшелері туралы көркем фильм түсірді

Барлық жұмыс "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша іске асады. Бұл бағдарлама бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.

Жаңалықтар
0