Құрылыс нысаны

Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды

395
(Жаңартылды 16:24 21.05.2020)
21 мамырдағы жағдай бойынша астанада 10 нысан карантинде. Қала бойынша барлығы 1 403 науқас тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр - Sputnik. Елорданың құрылыс нысандарының бірі карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, скрининг кезінде осы құрылыста істейтін инженерден коронавирус табылды. Осыдан кейін компанияның 600-ден астам қызметкері тест тапсырып шықты. Сол кезде тағы 63 адамда коранавирус анықталды. Олардың бәрін стационарға жатқызды. Құрылыс аймағы дезинфекцияланды. 

"Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп күнде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық нормаларын тексеріп отырады. Осы уақытқа дейін санитарлық нормаларды бұзған 25 нысан жабылды. Соның ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, кафелер, мейрамханалар бар. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар ашылмайды", - дейді әкімдік қызметкерлері. 

Айта кетейік, 21 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 10 нысан карантинде. Қала бойынша 1403 науқас тіркелген. 633 адам коронавирустан  мделіп шықты.150 кәсіпорын ескерту алды.

Тағы оқыңыз: Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды

 

395
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, құрылыс, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Есмағамбетова қандай жағдайда қатаң карантин қайта енгізілетінін айтты
"Халық карантин аяқталды деп ойлайды": бас санитар дәрігер ескерту жасады
Қарағанды облысында карантин шарасы қайта күшейтілуі мүмкін
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма
Карантин жеңілдетілген соң Алматыда көлік қозғалысы 20%-ке артты  
В Нур-Султане  после ослабления карантина открылись кафе

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалар ашылады

192
50 адамнан аспайтын орынға есептелген кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп түсіндірді әкімдік қызметкерлері

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. 25 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалар ашылады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

"Жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысын жандандырудың шарты – залдағы орын саны 50-ден аспауы тиіс. Келушілер орындар санына сай болуы керек, олар іргелес үстелдердің соңғы орындары арасындағы кем дегенде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет", - делінген санитар дәрігердің қаулысында.

Оқи отырыңыз: Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді     

Сонымен бірге ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет, салтанат залдарының жұмысына тыйым салынады.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне сауда және ойын-сауық орталықтары ғимаратында орналасқан кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат етілетінін айтты. Елорда сауда орталықтарындағы фудкорттар әзірге жұмыс істемейді.

192
Кілт сөздер:
дәмхана, мейрамхана, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Теңіздегі коронавирус: кен орны іркіліссіз жұмыс істеп жатыр
Қазақстанда вокзалдар қалай жұмыс істейді
Қазақстанның екі қаласында қоғамдық моншалар іске қосылады  
Нұр-Сұлтанда орталық базар ашылды
Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды
Павлодар облысында сауда орталықтары ашылып жатыр – келушілер нені білуі керек
Нұр-Сұлтан

Жаңа қаулы: астаналықтарға карантинде не істеуге рұқсат етілді, ал неге тыйым салынды

1501
(Жаңартылды 14:07 24.05.2020)
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар Нұр-Сұлтанда 25 мамырдан жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева халық арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы жаңа қаулы қабылдады.

Карантин кезінде астаналықтарға не істеуге рұқсат етілді

  • 2 және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде міндетті түрде маска киіп, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
  • аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауға міндетті түрде маска киіп, 3 адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
  • 1.3. саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
  • қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маска, қолғап киіп жүру және антисептик пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау керек;
  • жеке, қызметтік автокөлікті және таксиді шектеусіз пайдалануға рұқсат етіледі, тек такси және қызметтік көлік жүргізушілері міндетті түрде маска, қолғап киіп, тері антисептиктерін пайдалануы қажет;
  • 50 адамдық орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі, көрші үстелдердің шеткі орындары арасындағы әлеуметтік қашықтық 2 метрден кем болмауы керек;
  • санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен карантиндік режимді сақтай отырып, білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинарлық сабақтардың, ересектерге арналған үйірмелердің (жеке сабақтар немесе 5 адамнан аспайтын топтар) қызметіне рұқсат етіледі;
  • діни нысандардың (мешіттер, соборлар, шіркеулер, синагогалар) қызметіне рұқсат етіледі, бірақ бір сәтте кіретін адамның саны 50-ден аспауы тиіс және 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы шарт. Келушілер әр түрлі есіктен кіріп, шығуы керек.

Нұр-Сұлтанда карантинде не істеуге тыйым салынды

  • ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанат залдарының жұмысына тыйым салынады;
  • отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар өткізуге, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге тыйым салынады;
  • COVID-19 індеті таралуының толық төмендеуіне дейін түнгі клубтар, фитнес-клубтар мен залдар, тренажер залдары (орталықтары), СПА-салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық кабинеттер, клиникалар мен орталықтар, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту орталықтары, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), компьютерлік клубтар, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар және т. б.) қызметіне тыйым салынады. Тек Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларын ұлттық құрама командаларды олимпиадалық және паралимпиялық ойындарға даярлау үшін ғана пайдалануға болады;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзетін серуендеу кеме құралдардың жұмысына тыйым салынады;
  • көше саудасының кез келген түріне тыйым салынады;
  • адамдардың қатысуына байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін балдар, кештер, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салынады;
  • кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады.

Соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 8 322 адамға жетті, оның 4 214-і емделіп шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында соңғы тәулікте 58 адамнан коронавирус табылды.

1501
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Алматы қаласындағы жол көлік оқиғасы

Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды

0
(Жаңартылды 10:23 25.05.2020)
Алдымен блок бекетке, содан соң полиция экипажына соқтығысқан BMW автокөлігінің 28 жастағы мас жүргізушісі мас болған

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматыда Көксай шағын ауданындағы блок бекетте жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екінші полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 6-да болды. 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы BMW автокөлігі алдымен блок бекет қоршауын, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан 42 жастағы патруль полицейі Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

"Оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенімен, ол есін жимастан көз жұмды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, BMW жүргізушісі мас болған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі қыздың әкесі.

Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен. Үйленген, екі қыздың әкесі.

0
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео
Әжей жол үстінде көлік жүргізушісін ұрып тастады – видео
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото