Қазмедиа орталығы ғимараты

"Қазмедиа орталығы" ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді

143
(Жаңартылды 19:51 21.05.2020)
22 мамыр - 7 маусым аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратында кіріп-шығуға шектеулер енгізілгені хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. "Еуразия" арнасының 2 қызметкерінен коронавирус анықталды. 

18-20 мамыр аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратындағы телеарнаның 200-ге жуық қызметкері Covid-19-ке тексерілді. 

""Еуразия" арнасының 2 қызметкері стационарда жатыр. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды. Арна басшылығы қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруі қажет", - деп жазылған қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

"Қазмедиадағы" карантин

Сонымен қоса 22 мамыр мен 7 маусым аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратында кіріп-шығуға шектеулер енгізілді.

Барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет екені ескертілді. Медициналық масқа киіп, қолды антисептикпен өңдеу, адамдармен арақашықтықты сақтау маңызды. Дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үйде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу керек екені айтылып отыр.

143
Кілт сөздер:
карантин, телеарна
Тақырып бойынша
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқылмайды – ҚМДБ
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
"Birgemiz" қоры қанша отбасыға 50 мың теңгеден таратып берді
Алматыда COVID-19 табылған науқастардың жартысынан көбі емделіп шықты
В Нур-Султане  после ослабления карантина открылись кафе

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалар ашылады

157
50 адамнан аспайтын орынға есептелген кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп түсіндірді әкімдік қызметкерлері

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. 25 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалар ашылады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

"Жобалық қуаттылығы 50 орыннан аспайтын дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысын жандандырудың шарты – залдағы орын саны 50-ден аспауы тиіс. Келушілер орындар санына сай болуы керек, олар іргелес үстелдердің соңғы орындары арасындағы кем дегенде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет", - делінген санитар дәрігердің қаулысында.

Оқи отырыңыз: Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді     

Сонымен бірге ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет, салтанат залдарының жұмысына тыйым салынады.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне сауда және ойын-сауық орталықтары ғимаратында орналасқан кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат етілетінін айтты. Елорда сауда орталықтарындағы фудкорттар әзірге жұмыс істемейді.

157
Кілт сөздер:
дәмхана, мейрамхана, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Теңіздегі коронавирус: кен орны іркіліссіз жұмыс істеп жатыр
Қазақстанда вокзалдар қалай жұмыс істейді
Қазақстанның екі қаласында қоғамдық моншалар іске қосылады  
Нұр-Сұлтанда орталық базар ашылды
Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды
Павлодар облысында сауда орталықтары ашылып жатыр – келушілер нені білуі керек
Нұр-Сұлтан

Жаңа қаулы: астаналықтарға карантинде не істеуге рұқсат етілді, ал неге тыйым салынды

1409
(Жаңартылды 14:07 24.05.2020)
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар Нұр-Сұлтанда 25 мамырдан жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева халық арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы жаңа қаулы қабылдады.

Карантин кезінде астаналықтарға не істеуге рұқсат етілді

  • 2 және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде міндетті түрде маска киіп, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
  • аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауға міндетті түрде маска киіп, 3 адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
  • 1.3. саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
  • қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маска, қолғап киіп жүру және антисептик пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау керек;
  • жеке, қызметтік автокөлікті және таксиді шектеусіз пайдалануға рұқсат етіледі, тек такси және қызметтік көлік жүргізушілері міндетті түрде маска, қолғап киіп, тері антисептиктерін пайдалануы қажет;
  • 50 адамдық орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі, көрші үстелдердің шеткі орындары арасындағы әлеуметтік қашықтық 2 метрден кем болмауы керек;
  • санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен карантиндік режимді сақтай отырып, білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинарлық сабақтардың, ересектерге арналған үйірмелердің (жеке сабақтар немесе 5 адамнан аспайтын топтар) қызметіне рұқсат етіледі;
  • діни нысандардың (мешіттер, соборлар, шіркеулер, синагогалар) қызметіне рұқсат етіледі, бірақ бір сәтте кіретін адамның саны 50-ден аспауы тиіс және 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы шарт. Келушілер әр түрлі есіктен кіріп, шығуы керек.

Нұр-Сұлтанда карантинде не істеуге тыйым салынды

  • ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанат залдарының жұмысына тыйым салынады;
  • отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар өткізуге, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге тыйым салынады;
  • COVID-19 індеті таралуының толық төмендеуіне дейін түнгі клубтар, фитнес-клубтар мен залдар, тренажер залдары (орталықтары), СПА-салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық кабинеттер, клиникалар мен орталықтар, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту орталықтары, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), компьютерлік клубтар, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар және т. б.) қызметіне тыйым салынады. Тек Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларын ұлттық құрама командаларды олимпиадалық және паралимпиялық ойындарға даярлау үшін ғана пайдалануға болады;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзетін серуендеу кеме құралдардың жұмысына тыйым салынады;
  • көше саудасының кез келген түріне тыйым салынады;
  • адамдардың қатысуына байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін балдар, кештер, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салынады;
  • кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады.

Соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 8 322 адамға жетті, оның 4 214-і емделіп шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында соңғы тәулікте 58 адамнан коронавирус табылды.

1409
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

0
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

0
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео