Алматы, архивтегі фото

Елордада 1 маусымнан бастап барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істейді

138
(Жаңартылды 12:30 22.05.2020)
Қазір Нұр-Сұлтанның мектепке дейінгі мекемелері кезекшілік топтар режимінде жұмыс істеп жатыр, он бес балаға дейін қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бір аптадан кейін барлық балабақша бұрынғы тәртіппен жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

18 мамырдан бастап балабақшаларда кезекшілік топтар ашылған болатын.

"Ондай жағдай алдымен жұмыс істеп жүрген ата-аналар үшін жасалып отыр. Әрине, санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң сақтау қажет. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың 7,9 проценті, яғни 4 134 бала барып жүр", - деді Қадырова бүгінгі онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді 

Оның айтуынша, 1 маусымнан бастап барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

"Ал дайындық топтардың балаларын 1 тамызға дейін балабақшаға әкелуге болады", - деп толықтырды басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазіргі кезде Нұр-Сұлтанда 377 балабақша бар. Оған 55 708 бала барып жүр. Ал мектепке дейінгі топтар 3 485 баланы оқытады.

138
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, балабақша
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (396)
Тақырып бойынша
"Birgemiz" қоры қанша отбасыға 50 мың теңгеден таратып берді
Батыс Қазақстанда инфекцияны кімнен жұқтырғаны белгісіз науқас анықталды
Қарағанды облысында карантин шарасы қайта күшейтілуі мүмкін
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқылмайды – ҚМДБ
"Қазмедиа орталығы" ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді
Нұр-Сұлтан әкімдігінің ғимараты

Нұр-Сұлтан әкімдігі қызметкерлерді қысқартады

456
35 миллиард теңге оңтайландырылмақ, үнемделген ақша әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталады, деді қала басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Елорда әкімдігі қызметкерлер штатын қысқартып, бюджетті оңтайландырады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол президенттің тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік секторда, сонымен қатар, аппараттың ішінде де штаттық құрылым мен бюджетті оңтайландыру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"17 заңды тұлға оңтайландырылды, бюджет қайта қаралды. Өнімсіз шығындар 28 миллиард теңгеге қысқартылды. Қазір тағы 7 миллиард теңгені қысқарту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, барлығы 35 миллиард теңге оңтайландырылады", - деді Көлгінов онлайн брифингте.

Қала басшысы үнемделген ақша әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталатынын жеткізді.

Қаржының 14 миллиард теңгесі инженерлік инфрақұрылымға, 3,5 миллиард теңгесі білім, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға және әлеуметтік жұмысқа бағытталмақ.

Үш миллиард теңгеден астамы шағын және орта бизнесті қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін субсидиялауға және тағы басқа міндеттерге жұмсалады.

Айта кетсек, төтенше жағдай кезінде астана әкімдігі мен ведомствоға бағынышты кәсіпорындар қызметкерлерінің 70%-тен астамы қашықтан жұмыстан істеді.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әлі алынбайды – елорда әкімі 

Көлгіновтің айтуынша, карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты қазір көбі біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне оралып жатыр.

456
Жансақтау бөлімі

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 

75
(Жаңартылды 17:17 26.05.2020)
Қала басшысы індетке шалдыққандардың дені отызға толмаған жастар екенін атап өтті. Ол тұрғындарды қауіпті вирустан сақтануға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтырған он төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі уақытта бізде 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сегізі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін бар күш-жігерін салуда", - деді Көлгінов онлайн брифингте. 

Айтуынша, елордада коронавирус жұқтырған 1 686 науқас тіркелген, олардың 51-і емделіп шықты. Бес адам қайтыс болды. 
Қала басшысы індетке шалдыққандардың дені отызға толмаған жастар екенін атап өтті. 

"Қазір күнделікті өсім статистикасы 2-ден 4 процентке дейін болып отыр. Науқастардың 40%-і –  30 жасқа дейінгі жастар, ал 35%-і –  30-дан 50 жасқа дейінгі адамдар. Яғни, осы статистикаға жүгінсек, вирус, негізінен, үлкендерге, зейнеткерлерге немесе бұрыннан ауруы бар адамдарға жұғады деген сөз расталмады. Тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жас талғамайды", - деді елорда әкімі. 

Көлгінов қаланың жасын да, кәрісін де қауіпті вирустан сақтануға шақырды.

Тағы оқыңыз: Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді

 

75
Кілт сөздер:
жансақтау бөлімі, коронавирус, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Блок бекеттер әлі алынбайды – елорда әкімі 
Көлгінов балабақшаларды ашу туралы айтты  
Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар – әкімдік жағдайды түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

114
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

114
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр