Нұр-Сұлтан әкімдігінің ғимараты

Нұр-Сұлтан әкімдігі қызметкерлерді қысқартады

695
35 миллиард теңге оңтайландырылмақ, үнемделген ақша әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталады, деді қала басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Елорда әкімдігі қызметкерлер штатын қысқартып, бюджетті оңтайландырады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол президенттің тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік секторда, сонымен қатар, аппараттың ішінде де штаттық құрылым мен бюджетті оңтайландыру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"17 заңды тұлға оңтайландырылды, бюджет қайта қаралды. Өнімсіз шығындар 28 миллиард теңгеге қысқартылды. Қазір тағы 7 миллиард теңгені қысқарту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, барлығы 35 миллиард теңге оңтайландырылады", - деді Көлгінов онлайн брифингте.

Қала басшысы үнемделген ақша әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталатынын жеткізді.

Қаржының 14 миллиард теңгесі инженерлік инфрақұрылымға, 3,5 миллиард теңгесі білім, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға және әлеуметтік жұмысқа бағытталмақ.

Үш миллиард теңгеден астамы шағын және орта бизнесті қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін субсидиялауға және тағы басқа міндеттерге жұмсалады.

Айта кетсек, төтенше жағдай кезінде астана әкімдігі мен ведомствоға бағынышты кәсіпорындар қызметкерлерінің 70%-тен астамы қашықтан жұмыстан істеді.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әлі алынбайды – елорда әкімі 

Көлгіновтің айтуынша, карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты қазір көбі біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне оралып жатыр.

695
Медицина қызметкерлері

Нұр-Сұлтанда 11 тамыздан бастап емханалар жұмыс істейді

112
(Жаңартылды 20:02 10.08.2020)
Коронавирус мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 11 тамыздан бастап қалалық емханалар жұмысына кіріседі. Бұл жайында елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

"№1 және №2 қалалық балалар ауруханасы тамыз айының басынан бастап бұрынғы режимде жұмыс істей бастады. Ертеңнен бастап қалалық емханалар жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Сонымен қатар қала әкімі індетті жұқтыру қаупі жойылды деп айтуға әлі ерте екенін, инфекцияны тоқтату үшін сақтық шаралары мен санитарлық нормаларды барынша сақтау қажет екенін айтты.

"Біз карантиннен кейінгіэ пидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасадық. Болжамға сәйкес жағдай бірден жақсарып кетпейді", - деді әкім.

ОРВИ маусымын ескерсек, жылдағыдай медициналық мекемелерге ауыртпалық түседі. Қазірдің өзінде дайындық жүргізіліп жатыр, деп толықтырды Көлгінов. 

Айтуынша, емхана, ауруханаларға қосымша көмек көрсетілді. 600-ден астам флуометр, 500-ге жуық оттегі концентраторы, 500-ге жуық арнайы төсек-орын, жасанды таныс алу және КТ аппараттары алынды. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктері мен екі апта ішінде қалаға 110 тоннадан астам дәрі жеткізіледі. 

"Қажет болған жағдайда төсек-орын барлық 16 инфекциялық стационарда қайта ашылады. Спорттық ғимараттармен басқа да бірқатар нысан кез келген сәтте орын әзірлей алады", - дейді Көлгінов.

Сондай-ақ, елорда әкімі тұрғындардың бірінші карантиннен кейін санитарлық нормаларды сақтамағанын, соның кесірінен індетке шалдыққандар саны күрт өскенін айтты. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар мүмкіндігінше барын салып жұмыс істеді. Карантин шаралары ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді, деп толықтырды ол.

Инфекциялық стационарлардағы төсек-орынға сұраныс шілденің басынан бастап 99%-тен 18,5%-ке дейін төмендеді. 16 стационардың бесеуі жабылды. Оларда болған барлық науқас жазылып шықты. Коронавирус мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды. Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 6 есе қысқарды.

 

112
Кілт сөздер:
коронавирус, тамыз, емхана, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19: денсаулық министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті
Қауіпті синдром – балаларда анықталып жатқан дерт туралы ақпарат жарияланды
Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады
"Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Оқушылар, архивтегі фото

Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді

30
Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді мекендерде салынып жатыр, деп мәлімдеді елорда басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов осы жылы 12 мектеп салынатынын хабарлады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Көлгінов Instagram парақшасында елорда әкімдігінің алдында мектепке артылған шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа оқу орындарын құру міндеті тұрғанын мәлімдеді.

"Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін салмақ артып келеді. Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді мекендерде салынып жатыр", - деді әкім.

Көлгінов бірқатар оқу нысандарының құрылыс барысымен танысты. Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин 21/1 көшесі) тағы бір мектеп салынып жатыр. Мектеп аумағы кеңейтілмек.

"Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны – 12", - деп атап өтті елорда басшысы.

Ұлы Дала мен №39 көше қиылысындағы 1200 оқушыға есептелген (екі ауысымда - 2400) білім ордасы 2021 жылы пайдалануға беріледі. Мектеп құрылысына жеке инвестордың қаражаты жұмсалады.

30
Кілт сөздер:
мектеп, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
Шенеуніктер оқушыларға бөлінген қаржыны жымқырды
Аймағамбетов оқушылардың мектепке қай кезде баратынын айтты  
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Білім министрі ұстаздарға хат жолдады
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0