Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 3 нысан жабылды

© Sputnik / Виталий ТимкивСтоловая
Столовая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге тура келетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтау бойынша 230 кәсіпорын тексерілді.   

15 нысан ескерту алып, 3 нысан жабылды. Олар асханалар мен кофеханалар, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды 

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын санитарлық нормаларды бұзған мекемелерді анықтау үшін рейд жүргізеді. Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін жабылған нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады.

Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданды. Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептик пайдалану қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге – нысандардың жұмысын тоқтатуға, қалада жүріп-тұруға шектеу енгізуге тура келеді.

Жаңалықтар
0