Дариға Назарбаева Қамқорлық коворкинг орталығына барды

Көпбалалы аналар оқиды: Дариға Назарбаева жаңа орталыққа барды

7367
Елордадағы жаңа орталықты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірлесіп ашты

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Тұңғыш президент қорының директоры Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтандағы "Қамқорлық" коворкинг орталығының ашылу салтанатына қатысты. 

"Мұнда көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін әйелдер, тұрмысы төмен азаматтар мен ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүретін балалар, мүгедектер оқытылады", - деп мәлімдеді қордың баспасөз қызметінен.

Орталық қабырғасында жүзеге асырылатын жобалардың бірі – "Кәсіпкер ана", авторы – Жастар конгресінің өкілі Айнұр Жүнербаева.

Кезінде ол жеке кәсібін бастап, оны кеңейтті. Енді, орталық жұмысы арқылы  өз тәжірибесімен бөліскісі келеді.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева қазір немен айналысып жүр - желіде видео пайда болды

Дариға Назарбаева орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, кабинеттерді қарап шықты. Орталық басшылығымен әңгімелесу барысында Назарбаева инфекциядан қорғау, жұмыс гигиенасы және білім алушылар үшін әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету тұрғысынан жұмыс орындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

Орталық 7 бағыт бойынша тренинг өткізеді:

  • тамақ өнеркәсібі;
  • IT-индустрия;
  • сұлулық индустриясы;
  • тігін ісі;
  • киіз басу өнері және тағы басқа.

Бұған қоса, әйелдер үшін әлеуметтік және психологиялық сауаттылықты арттыру тренингтері өткізіледі. Орталық аумағында балаларға арналған бөлме де бар.

Жылына 1800 әйелді оқыту жоспарланып отыр. Курс мерзімі бір айдан үш айға дейін созылады. Курс соңында сертификат беріледі.

Орталықтың ақпаратынша, оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылардың "Еңбек" бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашып, 505 мың теңге грант алуға мүмкіндігі бар.

7367
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Дариға Назарбаева
Кілт, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтанда арендалық баспанаға құжат қабылдау басталды

88
Әлеуметтік пәтерді жалға алғандар ай сайын әр шаршы метр үшін 1 455 теңге төлеп тұрады, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін, баспана жалға алушының меншігіне өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды. Кезекте тұрғандарға 224 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған және Нұр-Сұлтан әкімдігіне ведомстволық бағынысты мекемелердің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, сондай-ақ полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің барлық санаттағы азаматтары қатыса алады", – деп мәлімдеді қаланың тұрғын үй қорынан.

Тілендиев даңғылында, Сары бұлақ бойында орналасқан "Жаңа қоныс" тұрғын үй кешенінен және С.Торайғыров көшесіндегі "Керемет" тұрғын үй кешенінен 224 пәтерді жалға беру жоспарланып отыр.

Әлеуметтік пәтерді жалға алғандар ай сайын әр шаршы метр үшін 1 455 теңге төлеп тұрады. Жалға алудың ең көп мерзімі – 20 жыл. Мерзім аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Қала тұрғындары отбасы құрамына қарамастан 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлерге өтініш бере алады. Алайда, таңдаған пәтерді алуға келісім беру жалға алушының төлем қабілетіне тікелей байланысты.

Тағы оқыңыз: 1 шаршы метрі – 100 теңге: әлеуметтік коттедждер кімдерге арналып салынады

"Мәселен, ауданы 37 шаршы метр бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны – айына 53 835 теңге. Бұл жағдайда отбасының кірісі, басқа міндеттемелерді қоспағанда, кем дегенде 110 000 теңге болуы керек", - деді әкімдіктен.

Арендалық баспанаға құжаттар 7 қазанға дейін қабылданады.

Өтініш zhilfond.kz сайты арқылы қабылданады. Бұл ресурста "Онлайн қызметтер" бөлімінде "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш беру (ҚИК)" терезесі пайда болды. Өтініш қалдыру үшін азаматтарда электронды цифрлық қолтаңба және жұмыс орнынан анықтама болуы керек.

88
Кілт сөздер:
баспана, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
Абай даңғылының бойындағы тұрғын үй кешендері

Нұр-Сұлтан қаласының бет-бейнесі қалай өзгереді

49
Алдағы он жылда Қазақстанның бас шаhарының бет-бейнесі өзгеріп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі жайлы қалаға айналуы мүмкін, дейді сарапшылар

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика жөніндегі орталығы әкімдікке жаңа идеялар ұсына отырып, қала инфрақұрылымын жақсарту туралы тұжырымдарын әзірлеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған жобалардың бірқатары жүзеге асырылды. Бас шаhарды одан әрі көркейту мақсатында атқарылатын жұмыс жоспары турасында орталық басшысы Елнар Базыкен айтып берді.

Адамдарға жайлы қала

Урбанистика орталығы әртүрлі топтың мүдделерін ескере отырып, қаланың қоғамдық кеңістік деңгейінде дамуының әлеуметтік-экономикалық стратегиясына арналған 2030 жылға дейінгі бас жоспарын ұсынды.

"Қала құрылымындағы өте маңызды элемент – қоғамдық кеңістік. Оның дұрыс басқарылуы біз үшін маңызды. Әлемде инвесторлардың, белсенді азаматтардың қоғамдық орындарды тиімді басқару тәжірибесі бар", – деді Базыкен қалаларды дамытуды қолдау жөніндегі QazUrban қауымдастығының ашылуында.

Орталық автокөліктер үшін емес, адамдардың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы қала құру идеясын насихаттайды. Ол үшін мүмкіндігінше, қоғамдық орындарды көптеп құру, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды кеңейту және велосипед жолақтарының ұзындығын арттыру жоспарлануда.

Триатлон саябағындағы спорттық ойындар мен таза ауада демалуға арналған көпірасты кеңістік үлгісімен қаланың басқа бөліктерінде де, мәселен Пушкин көшесіндегі көпір астында осы тектес демалыс орындарын жүзеге асыру көзделіп отыр.

Подмостовое пространство на улице Пушкина в Нур-Султане
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтандағы Пушкин көшесіндегі көпірасты кеңістік

Сонымен қатар, орталық Нұр-Сұлтандағы "Астана" саябағынан бастап, Бейбітшілік пен келісім сарайы маңындағы президенттік саябаққа дейінгі барлық үлкен саябақтар біріктірілетін болады.

План объединения парков Нур-Султана
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтан қаласының саябақтарын біріктіру жоспары

Қоғамдық орындарға келетін болсақ, мұнда жасыл желекті көбейту, субұрқақтар мен қаланың бірқатар ауданында орындықтары мен әткеншектері бар демалыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Мәселен, Омаров көшесінің бойында Қазан қаласындағыдай (Татарстан) субұрқақтар кешенін орнату көзделуде.

"Біздің балаларымыз сумен ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан, арық бойында су ойындарына арналған алаңқай ашқымыз келеді. Қазір бұл жоба жүзеге асырылып жатыр. Келер жылы қала тұрғындары нәтижені көрген кезде қатты қуанады деп ойлаймын", – деді Елнар Базыкен.

Благоустройство улицы Омарова
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Омаров көшесін көркейту

Елорданың солтүстік жағалауындағы Абай даңғылы, Сәтпаев және Петров көшелері де түрленіп, көркейетін болады.

Бұл жерлерде урбанистер көше құрылымын өзгертіп, велосипед жолдарының орнына велотұрағы бар велосипед жолақтарын жасағысы келеді.

Болашақта ол былай көрінуі мүмкін.

Благоустройство улицы Петрова
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Петров көшесін көркейту

"Ескі алаңдағы жобаға бөлек тоқталып өтейін. Ол өте көпфункционалды жоба. Біз қалалық орман, амфитеатр аймағын құруды көздейміз. Онда адамдар кішігірім концерттер мен іс-шараларды өткізе алады және осы жерге өте керемет субұрқақ орнатқымыз келеді", – деді елорда әкімдігінің алдындағы алаңда абаттандыру жобасының нобайын көрсеткен орталық басшысы.

Благоустройство площади перед акиматом Нур-Султана
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алдындағы алаңды көгалдандыру

Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы – консультативтік-кеңесші орган. Бірақ Елнар Базыкеннің айтуынша, көптеген шешім уәкілетті органдармен келіссөздер арқылы жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта урбанистер өз идеяларын толық жүзеге асыра ала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Ал ұсынылған бас жоспар кемінде он жылға есептелген.

49
Кілт сөздер:
қала, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Назарбаев Алматыға көшіп келушілерге жер беруді тапсырды
"Келіншегімен жататын төсегі де жоқ": жастар мәселесін көтерген депутат неге ашынды?
Шымкенттің жаңа әкімі Тоқаевтан қандай тапсырма алғанын айтты
"Миллиондаған адам кәсібін ауыстырады" Назарбаев болжам жасады
Қазақстанда тағы екі қалаға республикалық мәртебе беріледі
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

0
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

0
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео