Аурухана, архивтегі сурет

"Жала жабудың қажеті жоқ": дәрігер желіде тараған видео туралы айтты

1384
(Жаңартылды 10:19 08.07.2020)
Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Мекеменің бас дәрігері мән-жайды айтты

НҮР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Елордадағы аурухана маңында жатқан адам пневмония шалдыққан тұрғын емес, мас болған. Бұл туралы №2 аурухананың бас дәрігері айтты.

Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Ролик авторы науқастарды ауруханаға қабылдамағандықтан, далада жатуға тура келетінін айтқан. 

Бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев ғимарат алдында жатқан адам мөлшерден тыс ішімдік ішкенін мәлімдеді.

"Біріншіден, біз COVID-19 жұқтырғандарға арналған аурухана емеспіз. Бізге жедел жәрдем ондай пациенттерді әкелмейді. Екіншіден, видеодағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Ол кісіні белгісіз біреулер аурухана кіреберісіне жеткізген. Алайда мекеме қызметкерлеріне ескертпеген", - деді ол.

Оның айтуынша, қызметкерлер ер адамды ауруханаға кіргізген. Алайда ол мас болған және медицина қызметкерлерінің көмегінен ба тартқан. Мединалық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Көшеде арбада отырған екінші адам да мас болды. Ол да ауруханаға жатудан бас тартты. Туыстары алып кетті. Кейін тағы да мас күйінде ауруханаға алып келді. Қазір оған көмек көрсетіліп жатыр. Ол алкогольмен уланды.

"Желіде жүрген арандатушы роликтерге сенбеуді сұраймыз. Жалған ақпаратты тарататын авторларға әлеуметтік жауапкершілік туралы ойланып, оны есте сақтағаны жөн. Дәрігер маман ретінде барлық қала тұрғындарының өмірін құтқарып жатырмыз. Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ", - деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев.

 

1384
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

1
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

1
Кілт сөздер:
видео, пара
Карантин кезінде бос қалған Нұр-Сұлтан көшесі

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүре ме?

50
17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдейтініне қарамастан 22 және 23 тамыздағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Алдағы демалыс күндері, 15-16 тамызда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы CTS көлік компаниясы хабарлады.

Өзгерістер болған жағдайда компания қосымша ақпарат береді.  

CTS мамандары елорда тұрғындарын бетперде тағып, жол ақысын төлеуді ұмытпауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі - комиссия отырысы өтті 

"17 тамыздан бастап 9 бағдарға қосымша автобустар қосамыз. №№ 5, 9, 10, 12, 24, 52, 54, 70, 72 бағдарларда автобустардың саны көбейтіледі", - делінген хабарламада.

Қазақстанда карантин жеңілдетіледі

17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Алайда демалыс күндері – 22 және 23 тамызда 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады, қоғамдық көліктер тоқтайды, ал бизнеске қайтадан жұмысын тоқтатуға тура келеді.

Сонымен қатар жұмыс күндері мына нысандар ашылады:

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (аумағының 30%-нен аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м);
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды);
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондар (арақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді;
  • Сондай-ақ, 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес) рұқсат етіледі.
50
Кілт сөздер:
автобус, қоғамдық көлік, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Бас санитар дәрігер қандай жағдайда Қазақстан қатаң карантинге оралатынын айтты
Назарбаев Маминмен кездесіп, қазіргі жағдайдағы басты міндетті атады
Басы дауға қалған Алматы облысының бас дәрігері кешірім сұрады
Демалыстағы қатаң карантин қанша уақытқа дейін созылады