Дәрі-дәрмек

Ибупрофен, парацетамол және цефтриаксон: елордаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілді

1267
(Жаңартылды 15:52 12.07.2020)
Нұр-Сұлтан әкімдігі COVID-19 бен пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмек жүк ұшағымен жеткізілгенін хабарлап отыр

АЛМАТЫ, 12 шілде — Sputnik. Төтенше жағдайлар комитетінің ұшағы астанаға дәрі-дәрмектің 600 мыңнан астам қамтамасын әкелді. Тауарлардың ішінде елордада аса сұранысқа ие 350 препарат бар. 

"Ксарелто", "Цефтриаксон", "Клексан", "Азитромицин", "Дексаметазон", "Метилпреднизолон", "Ибупрофен", "Нимесулид", "Кардиомагнил", "Левофлоксацин", "Метронидазол", "Гепарин", "Парацетамол", "Офлоксацин" сынды дәрілер жеткізілді.

"Препараттар ірі дәріханалар желісіне ертеңнен бастап үлестіріледі. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек жүк көліктерімен де жеткізіледі. Осы аптада дәріханаларға медикаменттер партиямен әкелінді. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі", - деп хабарлады астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілері дистрибьюторлары және фармацевтикалық компания өкілдерімен келіссөздер жүргізгені хабарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе, логистика, дәрі-дәрмекті сатып алу мен жеткізу процедураларын жеңілдетуге қолдау көрсетілуде.

"Коронавирус инфекциясына қатысты сауалдарға арналған covid19.astana.kz/ru парақшасы іске қосылды. Ол жерде дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғын білуге болады", - деп жазылған ақпаратта.

1267
Кілт сөздер:
коронавирус, дәріхана, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1384)
Тақырып бойынша
Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады
Ешкімге сенбеңіз: еріктілер денсаулық министріне бейнеүндеу жолдады
Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды – видео
"СК-Фармацияға" жаңа басшы тағайындалды
Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Нұр-Сұлтандағы карантин

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма әкім жауап берді

1278
(Жаңартылды 19:42 12.08.2020)
Осы аптада ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы мәлімдейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатаң карантинге қайта оралмау үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ. Қазіргі жағдай айтарлықтай жақсарған.

"Уақытында қолға алынған карантиндік шаралар мен дәрігерлердің арқасында оң динамика бар. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада үкіметтегі ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы айтады", - деді Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды

Осы орайда қала басшысы төтенше жағдайдан кейінгі қателікті қайталамау қажеттігін жеткізді. Ол кезде барлығы босаңсып кеткен. Санитарлық ережелерді сақтамаған. Соның салдарынан қатаң карантин енгізуге тура келді. Осы жолы сақ болмасақ, жағдай қайталануы мүмкін, дейді Көлгінов.

"Бірінші карантиннен кейін қателік жасамайық, әйтпесе қатаң карантин қайтарылуы мүмкін екенін талай рет айттық. Ақырында солай істеуге тура келді. Естеріңізде болса, ауруханалар толып кетті. Жедел жәрдемге 4 мың адамға дейін хабарласты. Медицина мамандарына үлкен салмақ түсті", - деп атап өтті елорда әкімі.  

Оның айтуынша, алдындағы карантинге қарағанда осы жолы кәсіпкерлік нысандар санитарлық ережелерді жақсы сақтап жүр. Ендігі мақсат – карантиннің нәтижесін сақтап қалу. Сондай-ақ, күзге дайындалу қажет. 

"Біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады. Демек, індеттің өршіп кету қаупі бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - дейді қала басшысы.

1278
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
Семейліктер көшеге шықты – қала билігінің жауабы қандай
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Вице-премьер әкімдерге тапсырма берді
Теңге, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі

3618
(Жаңартылды 18:32 12.08.2020)
Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы оқушылар қашықтан білім алуға қажетті компьютермен қамтылады. Оған 6 миллиард теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елордада жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қала әкімі Алтай Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында елордада жалпы 17 мың балаға көмек көрсетілетінін айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың балаға артық. Былтыр мектеп құралдарын сатып алуға әрбір оқушыға бөлінген сома 30 мың теңге болған. Биыл осы көмек 40 мың теңгеге дейін көбейіп отыр.

"Егер отбасында, мысалы, 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Оған бюджеттен 680 миллион теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді Көлгінов.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы оқушылар қашықтан білім алуға қажетті компьютермен қамтылады. Оған 6 миллиард теңге бөлінеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда көпбалалы отбасылар компьютермен қамтамасыз етіледі

"Осылайша, осы санаттағы барлық баланы компьютермен және роутермен қамтамасыз етеміз. Олар – тұрмысы нашар отбасының балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Жалпы 34,5 мыңға жуық бала қамтылады", - деп түйіндеді Көлгінов.

3618
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, оқушылар
Тақырып бойынша
Жалақы екі есе өседі: Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді
Білім министрі ұстаздарға хат жолдады
Шенеуніктер оқушыларға бөлінген қаржыны жымқырды
Жатақханада жатқан студенттердің жағдайы не болады – министрдің  жауабы
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

0
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

0
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео