Алтай Көлгінов

Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты

89
(Жаңартылды 15:35 17.07.2020)
Нұр-Сұлтан әкімдігі азаматтарды қабылдау үшін электронды карталардың пилоттық жүйесін іске қосты. Жүйе тұрғындар өтінімдерінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Астана әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын онлайн форматта қабылдады. Азаматтар әлеуметтік баспана, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, қосымша білім алу бойынша сауалдар қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігі азаматтарды қабылдау үшін электронды карталардың пилоттық жүйесін іске қосты. Жүйе тұрғындар өтінімдерінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді. 

Онлайн қабылдау барысында аналар жұмысқа орналасу және бизнес бастау бойынша өтінім білдірді.
Елорда әкімі әкімдік әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға көмек беретінін айтты.

"Біздің міндетіміз – жұмысқа орналасу және қосымша білім алуға көмектесу. Еңбек ету керек. Бұл болашақта жеке бизнес ашуға және бірден бірнеше тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді", - деді елорда әкімі.

Айта кетейік, мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында елорда әкімі биыл 500-ден аса адамды қабылдады.

89
Кілт сөздер:
жұмыс, тұрғындар, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
Алтай Көлгінов отставкаға кетуі тиіс пе – агенттік жауап берді
42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр
Мүфтият құрбандық шалудың тағы бір жолы туралы айтты
Мамин Минск қаласына не үшін барғаны белгілі болды - видео
"Қоңыраулар саны азайды" – Алтай Көлгінов карантиннің пайдасы туралы
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

100
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

100
Кілт сөздер:
видео, пара
Карантин кезінде бос қалған Нұр-Сұлтан көшесі

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүре ме?

93
17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдейтініне қарамастан 22 және 23 тамыздағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Алдағы демалыс күндері, 15-16 тамызда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы CTS көлік компаниясы хабарлады.

Өзгерістер болған жағдайда компания қосымша ақпарат береді.  

CTS мамандары елорда тұрғындарын бетперде тағып, жол ақысын төлеуді ұмытпауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі - комиссия отырысы өтті 

"17 тамыздан бастап 9 бағдарға қосымша автобустар қосамыз. №№ 5, 9, 10, 12, 24, 52, 54, 70, 72 бағдарларда автобустардың саны көбейтіледі", - делінген хабарламада.

Қазақстанда карантин жеңілдетіледі

17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Алайда демалыс күндері – 22 және 23 тамызда 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады, қоғамдық көліктер тоқтайды, ал бизнеске қайтадан жұмысын тоқтатуға тура келеді.

Сонымен қатар жұмыс күндері мына нысандар ашылады:

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (аумағының 30%-нен аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м);
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды);
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондар (арақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді;
  • Сондай-ақ, 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес) рұқсат етіледі.
93
Кілт сөздер:
автобус, қоғамдық көлік, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Бас санитар дәрігер қандай жағдайда Қазақстан қатаң карантинге оралатынын айтты
Назарбаев Маминмен кездесіп, қазіргі жағдайдағы басты міндетті атады
Басы дауға қалған Алматы облысының бас дәрігері кешірім сұрады
Демалыстағы қатаң карантин қанша уақытқа дейін созылады
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 16 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 16-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

17 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - экологиялық білім беру тақырыбында тікелей эфирде пікірталас өтеді. Іс-шараға Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев; ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева; білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ білім беру және экология саласындағы сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.  

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0