Автобустарда санитарлық нормалардың сақталуын тексеру

Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты

1378
Елордада автобустар бесінші шілдеден уақытша тоқтатылған болатын, олардың қозғалысы әзірге жанданбайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік әзірге жүрмейді. Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

"Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар линияға шығар алдында қосымша хабарлаймыз", - деп жазды әкімдік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Әкімдіктің бұл шешімі желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Елорда тұрғындары таксиге ақша жоқтығын, жұмысқа баратын көлік таппай қиналып жүргенін айтты.

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің қозғалысы 5 шілдеден уақытша тоқтатылды. Дәл осы күні Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға күшейтілген болатын. Кейінірек карантин тағы екі аптаға, 2 тамызға дейін ұзартылды.

19 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 8145 адам індетке шалдықты.

1378
Кілт сөздер:
автобус, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (595)
Нұр-Сұлтандағы карантин

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма әкім жауап берді

1357
(Жаңартылды 19:42 12.08.2020)
Осы аптада ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы мәлімдейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатаң карантинге қайта оралмау үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ. Қазіргі жағдай айтарлықтай жақсарған.

"Уақытында қолға алынған карантиндік шаралар мен дәрігерлердің арқасында оң динамика бар. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада үкіметтегі ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы айтады", - деді Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды

Осы орайда қала басшысы төтенше жағдайдан кейінгі қателікті қайталамау қажеттігін жеткізді. Ол кезде барлығы босаңсып кеткен. Санитарлық ережелерді сақтамаған. Соның салдарынан қатаң карантин енгізуге тура келді. Осы жолы сақ болмасақ, жағдай қайталануы мүмкін, дейді Көлгінов.

"Бірінші карантиннен кейін қателік жасамайық, әйтпесе қатаң карантин қайтарылуы мүмкін екенін талай рет айттық. Ақырында солай істеуге тура келді. Естеріңізде болса, ауруханалар толып кетті. Жедел жәрдемге 4 мың адамға дейін хабарласты. Медицина мамандарына үлкен салмақ түсті", - деп атап өтті елорда әкімі.  

Оның айтуынша, алдындағы карантинге қарағанда осы жолы кәсіпкерлік нысандар санитарлық ережелерді жақсы сақтап жүр. Ендігі мақсат – карантиннің нәтижесін сақтап қалу. Сондай-ақ, күзге дайындалу қажет. 

"Біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады. Демек, індеттің өршіп кету қаупі бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - дейді қала басшысы.

1357
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (595)
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
Семейліктер көшеге шықты – қала билігінің жауабы қандай
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Вице-премьер әкімдерге тапсырма берді
Теңге, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі

3894
(Жаңартылды 18:32 12.08.2020)
Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы оқушылар қашықтан білім алуға қажетті компьютермен қамтылады. Оған 6 миллиард теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елордада жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қала әкімі Алтай Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында елордада жалпы 17 мың балаға көмек көрсетілетінін айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың балаға артық. Былтыр мектеп құралдарын сатып алуға әрбір оқушыға бөлінген сома 30 мың теңге болған. Биыл осы көмек 40 мың теңгеге дейін көбейіп отыр.

"Егер отбасында, мысалы, 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Оған бюджеттен 680 миллион теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді Көлгінов.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы оқушылар қашықтан білім алуға қажетті компьютермен қамтылады. Оған 6 миллиард теңге бөлінеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда көпбалалы отбасылар компьютермен қамтамасыз етіледі

"Осылайша, осы санаттағы барлық баланы компьютермен және роутермен қамтамасыз етеміз. Олар – тұрмысы нашар отбасының балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Жалпы 34,5 мыңға жуық бала қамтылады", - деп түйіндеді Көлгінов.

3894
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, оқушылар
Тақырып бойынша
Жалақы екі есе өседі: Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді
Білім министрі ұстаздарға хат жолдады
Шенеуніктер оқушыларға бөлінген қаржыны жымқырды
Жатақханада жатқан студенттердің жағдайы не болады – министрдің  жауабы
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

0
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

0
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео