Астанадағы карантин

Нұр-Сұлтанда карантин туралы қаулы жаңартылды: не өзгерді?

2602
(Жаңартылды 10:48 20.07.2020)
Бұған дейін астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі бас санитар дәрігердің қаулысындағы кейбір шектеулер қабылданбағанын айтқан болатын. Әкімдік тұрғындарға кешкі он бірден кейін жаяу серуендеуге болмайды деген ақпаратты жоққа шығарды

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Елордада қатаң карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында хабарланды.

"Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 19 шілдесіндегі сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 2 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу карантиндік шаралары ұзартылсын", - делінген қаулыда. 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мынадай талаптарды қатаң сақтауы қажет:

  • ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды,жиналыстарды өткізуге тыйым салуды;
  • спорт жаттығуларын тек жеке тәртіппен және тек ашық ауада өткізуді;
  • 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға тыйым салу;
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада, қоғамдық орындарда жүруін шектеуді;
  • 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде маска кию бойынша міндетті талаптарды және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды;
  • жұмыс орнынан және кері қарай жүріп-тұруға, аулаларда және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып жеке серуендеуге, 3 адамнан аспайтын топтарға  рұқсат етіледі;
  • қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және адамдар көп жиналатын нысандарға барғанда, қоғамдық орындарға барғаннан кейін маска тағуы және антисептик пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы қажет.

ХҚКО, бизнес орталықтар мен базарлар қалай жұмыс істейді

  • Санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ХҚКО алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 арқылы брондаумен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Call орталық сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді, ал демалыс және мереке күндері қызмет көрсетпейді;
  • көтерме азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар (ғимараттардан тыс) жұмыс және демалыс күндері сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 15.00-гедейін жұмыс істейді;
  • тамақ өнімдерін (шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) сататын азық-түлік дүкендері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың, букмекер кеңселеріне жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге, мереке және демалыс күндері қызметіне тыйым салынған;
  • жеке медициналық орталықтардың, стоматология алдын ала жазылу бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • салттық қызмет көрсету бойынша объектілер сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • "Қазпочта" АҚ онлайн көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін қызмет көрсетеді;
  • Қоғамдық тамақтану нысандары тек ашық ауада жұмыс және демалыс күндері  10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді, келушілер санын 30 адамнан асырмауы қажет. Үстелдер арасында екі метр қашықтық сақталады. Ол жерде салтанатты жиын өткізуге тыйым салынған.

Сонымен қатар қаулыға сәйкес, қалалық қоғамдық көліктің жұмысын тоқтайды, аймақтар арасындағы жолаушылар автобусының қозғалысы тоқтайды.

Бұған дейін астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі бас санитар дәрігердің қаулысындағы кейбір шектеулер қабылданбағанын айтқан болатын. Әкімдік тұрғындарға кешкі он бірден кейін жаяу серуендеуге болмайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

2602
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
Ақтау тұрғындары алаңға шықты - видео
Атышулы қазақстандық компания төңірегінде тағы да дау шықты
Марат Саятов өмірден озды
COVID-19: Қазақстанда тағы 1 500-ге жуық адам вирус жұқтырды
Фуа-гра, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтанда мейрамханалар карантин кезінде жұмыс істеген

56
(Жаңартылды 10:22 13.08.2020)
Тексеру кезінде Ерімбетов көшесіндегі "Шашлык" және "Белый дом" кафелері карантин шараларына қарамастан жұмыс істегені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. 5 шілдеден бастап елордада 722 заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр. Тексеру кезінде 11 тамыз күні түнде Ерімбетов көшесінде "Шашлык" және "Белый дом" кафелері жұмыс істегені анықталды. Карантин шараларына қарамастан, мекемелер келушілерді қабылдаған.

Полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған мобильді топ келген кезде мекемеде 11 клиент болды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды 

Сондай-ақ Балқантау көшесіндегі "Кентау", Сарыарқа даңғылындағы "Асқар" дүкендері түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп, бас санитар дәрігердің шешімін бұзған.

Сонымен қатар, күндізгі тексеру кезінде Достық көшесіндегі "Карима" мейрамханасында келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны белгілі болды.
Сондай-ақ жалға алушылардан балалар автокөліктерін жалдауға және елордалық саябақтардың бірінде балмұздақ сатуға қатысты заңбұзушылықтар анықталды.

"Барлық заң бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. 5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 722 заңбұзушылық тіркелді, олардың 487-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

56
Кілт сөздер:
карантин, мейрамханалар
Тақырып бойынша
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 3 нысан жабылды
Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Нұр-Сұлтандағы карантин

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма әкім жауап берді

2302
(Жаңартылды 19:42 12.08.2020)
Осы аптада ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы мәлімдейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатаң карантинге қайта оралмау үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ. Қазіргі жағдай айтарлықтай жақсарған.

"Уақытында қолға алынған карантиндік шаралар мен дәрігерлердің арқасында оң динамика бар. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада үкіметтегі ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы айтады", - деді Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды

Осы орайда қала басшысы төтенше жағдайдан кейінгі қателікті қайталамау қажеттігін жеткізді. Ол кезде барлығы босаңсып кеткен. Санитарлық ережелерді сақтамаған. Соның салдарынан қатаң карантин енгізуге тура келді. Осы жолы сақ болмасақ, жағдай қайталануы мүмкін, дейді Көлгінов.

"Бірінші карантиннен кейін қателік жасамайық, әйтпесе қатаң карантин қайтарылуы мүмкін екенін талай рет айттық. Ақырында солай істеуге тура келді. Естеріңізде болса, ауруханалар толып кетті. Жедел жәрдемге 4 мың адамға дейін хабарласты. Медицина мамандарына үлкен салмақ түсті", - деп атап өтті елорда әкімі.  

Оның айтуынша, алдындағы карантинге қарағанда осы жолы кәсіпкерлік нысандар санитарлық ережелерді жақсы сақтап жүр. Ендігі мақсат – карантиннің нәтижесін сақтап қалу. Сондай-ақ, күзге дайындалу қажет. 

"Біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады. Демек, індеттің өршіп кету қаупі бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - дейді қала басшысы.

2302
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
Семейліктер көшеге шықты – қала билігінің жауабы қандай
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Вице-премьер әкімдерге тапсырма берді
Зертхана қызметкері

Соңғы тәулікте 476 адамның індетке шалдыққаны расталды

0
(Жаңартылды 08:37 14.08.2020)
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жетсе, 78 633 науқас аталған дерттен айығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 184 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 66 / 8
  • Алматы қаласы - 40 / 9
  • Шымкент қаласы - 3 / 3
  • Ақмола облысы - 21 / 11
  • Ақтөбе облысы - 9 / 5
  • Алматы облысы - 18 / 10
  • Атырау облысы - 15 / 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 30
  • Жамбыл облысы - 16 / 10
  • Батыс Қазақстан облысы - 32 / 19
  • Қарағанды облысы - 44 / 18
  • Қостанай облысы - 27 / 6
  • Қызылорда облысы - 8 / 5
  • Маңғыстау облысы - 13 / 13
  • Павлодар облысы - 11 / 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 30 / 6
  • Түркістан облысы - 26 / 19.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус дертімен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жеткен. Ал өткен тәулікте республика бойынша 1 877 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 113
  • Алматы қаласы - 641
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 66
  • Ақтөбе облысы - 9
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 543
  • Шығыс Қазақстан облысы - 68
  • Жамбыл облысы - 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 12
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 11
  • Қызылорда облысы - 252
  • Маңғыстау облысы - 23
  • Павлодар облысы - 21
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 22
  • Түркістан облысы - 13.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 78 633.

0
Кілт сөздер:
емделу, індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады