Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда мыңдаған оқушының көлік картасына 40 мың теңгеден аударылады

190
(Жаңартылды 14:20 20.08.2020)
Тұрмысы төмен отбасынан шыққан және жетім балалар көлік картасы арқылы мектепке қажетті заттарды сатып алады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Елорданың білім басқармасы тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға қаржылай көмек беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл әрбір балаға берілетін қаржылай көмектің мөлшері 40 мың теңгеге дейін көбейген. Осы ақшаны 17 мың оқушыға беру жоспарланып отыр. Қаржылай көмек арнайы электронды жүйеге "әлеуметтік бірліктер" ретінде түседі. Оны баланың "Transcard" мектеп-көлік картасы арқылы тек мектепке қажетті заттарға ғана жұмсауға болады.   

"City Transportation Systems" ЖШС де (бұрынғы "Астана LRT" – Sputnik) "Transcard"  карталары арқылы қаржылай көмекті пайдалану тәртібін түсіндірді. 40 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға "Всеобуч Қамқор" электронды жүйесі арқылы үлестіріледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда көпбалалы отбасылар компьютермен қамтамасыз етіледі 

"Мұғалімдер осы жүйеге өз мектептеріндегі әлеуметтік осал топтарға жататын оқушылар туралы ақпарат енгізеді. Ал ақшалай қаражат "Всеобуч Қамқор" электронды порталында "Әлеуметтік бірліктер" түрінде аударылады. Ал "Transcard"  мектеп-көлік картасы оқушыларды анықтау құралы ретінде пайдаланылады", - дейді мамандар.

Әр сауда орны NFC функциясы бар смартфонмен және жоба аясында жасалған қосымшамен қамтамасыз етіледі.

Сатушы телефон арқылы:

  • көлік картасындағы қолжетімді ақшаны тексереді;
  • оқушы таңдап алған тауардан сатып алынған заттардың тізімін жасайды;
  • көлік картасын телефонға жақындатқан кезде сатушы тауар сомасын есептеп алады;
  • шотта қаражат жетіспеген жағдайда сатушы жеңілдік бере алады немесе қолма-қол ақшамен/картамен қосымша төлемді ала алады.

Мектеп көлік карталарын жасау үшін Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайында орналасқан  "City Transportation Systems" ЖШС орталық кассасына  бару керек. Көмек алу үшін және мектеп көлік картасына "Әлеуметтік бірліктерді" аударуға өтініш қалдыру үшін оқу орнындағы әлеуметтік педагогке немесе 556-960, 550-179 нөмірлері арқылы хабарласу керек.

"Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мектеп көлік картасына transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беруге болады", - дейді компания қызметкерлері.

190
Кілт сөздер:
оқушылар, көлік картасы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
"Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді
"Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды?": Маржан Арапбаева ренішін жеткізді
Түркістанда бір топ адам көшеге шықты – әкімдік полицияның әрекетін түсіндірді
Жәрмеңке

Қызылорда және Ақтөбе облыстары елордаға 540 тонна азық-түлік әкеледі

297
Жәрмеңкеге келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда және Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік әкеледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

19 және 20 қыркүйекте "Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоп пен қант неге қымбаттағанын түсіндірді 

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон і, 5 тонна алкогольсіз сусындар және тағы басқа өнімдерді сату жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады ("Айс" ЖШС, "Агрофирма Тау" ЖШС, "Ново-Альджанский мелькомбинат" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "Ақтөбе-нан" ЖШС, "Айбек" ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, "Степное" ЖШС, "Рокос" ЖШС, "Изет ГринХаус" ЖШС және "Гринхаус Қазақстан" ЖШС жылыжай көкөністері, "Мир круп" тұзы, "Жаңажол" күріш, "Сырмаржаны", "Байқоңыр" Агрохолдингі", "Наймир", "Байқоңыр" ӘКК).

Келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс.

297
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы, жәрмеңке
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
"Екі есе қымбаттады": алматылықтар қандай өнімдерді жаппай сатып алып жатыр
Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 
Алматыда сұранысқа ие бес тауардың бағасы төмендеді
Ақша, теңге

Нұр-Сұлтанда 1 миллион теңге алатындар саны артады 

513
(Жаңартылды 10:27 16.09.2020)
Тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұрын тізімде толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асырап отырған отбасылар болса, қазір тізімге тұрмысы төмен адамдар санатының бәрін қосамыз. Оның ішінде жетім балалар да қамтылады", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады. Сол жерде тиісті құжат қабылданады деген жоспар  бар. 

"Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертификат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертификатының мөлшері – 1 миллион теңге. Оларды "Шаңырақ" (5-10-20) жобасына қолдануға да болады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Осылайша, бұған дейінгі тізімге басқа санаттар да кіретін болатын. Олар:

  • жетім балалар;
  • I және II топ мүгедектері;
  • зейнеткерлер;
  • ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер;
  • мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
  • экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде  баспанасынан айырылғандар;
  • бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері немесе ертеде "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар;
  • I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар.
513
Кілт сөздер:
үйлер, теңге, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты
2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады
Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді
Архивтегі фото

"Бомба түскендей шулап жатыр": әкімдік спортзалдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

7
(Жаңартылды 15:57 22.09.2020)
Салынып жатқан спортзалдың бір блогында шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен, дүрлігуге себеп жоқ, дейді Алматы облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында дене шынықтыру кешенінің шатыры опырылып құлауына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, мамандар апаттың себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысының әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Ұйғыр ауданындағы Шоңжы ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің үшінші блогы – спортзалдың шатырын жасағанда металл конструкция опырылып құлаған. Бұл блоктың жалпы ауданы 1058,4 шаршы метрді құрайды. Ал бірінші және екінші блоктарға зақым келмеген. 

"Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Құрылыстың бас мердігері – "Лидер-НК" ЖШС. Нысанның құрылысы өткен жылы қараша айында басталды", - дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған әкімнің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов басшылық етеді. Жұмыс тобының өкілдері апаттың себебін анықтау мақсатында оқиға орнына аттанды. Олардың арасында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаев та бар. Оның айтуынша, дүрлігуге себеп жоқ. Өйткені шатыр құлаған нысан – дене шынықтыру кешенінің бір блогы ғана. Ал фотодан үлкен бір аймақ сияқты көрінеді.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады   

"Қазір жұрт ядролық бомба түсіп кеткендей шулап жатыр. Шын мәнінде бір блокта шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен. Ана бір жас бала фотоға түсіргенде дұрыс қырынан алмаған. Сөйтіп, суретті жан-жаққа таратып жіберген. Қазір комиссия қай жерден қате кеткенін анықтауға кірісті. Бір айдың ішінде белгілі болатын шығар. Біз де осында жүрміз", - деді Усманов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.       

Оның сөзіне қарағанда, дене шынықтыру кешені Шоңжы ауылының шетінде орналасқан. Құрылыстың екі блогы салынып тұр. Үшінші блоктың шатыры қалпына келтіріледі.

"Жоспар бойынша нысанды жыл соңына дейін тапсыру қажет. Болмаса, тағы бір айға созамыз. Ауыр жұмыс емес, жылдам аяқтайды", - деп түйіндеді Усманов.

Құрылыстың жалпы құны – 1,1 миллиард теңге. Ол жерде бір уақытта 180 спортшы жаттығу жасай алады.

7
Кілт сөздер:
бомба, шатыр, спорт зал
Тақырып бойынша
Оралда темекі тартуға шыққан тұрғындар балконмен бірге құлап кетті
Астанада кран құлап, 29 жастағы жігіт қаза тапты
Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті
Астана билігі "сақалды" құрылыстардағы крандарды алып тастауға кірісті
"Отырамыз ба тозып?" Қарағандыда құлап қалған үйдің тұрғындары шу көтерді