Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан қаласында жүгіруден онлайн жарыс өтеді

Жазылу
Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа қалалардың спортшылары мен әуесқойлары қатыса алады

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Елордада 5-6 қыркүйекте жүгіруден онлайн жарыс өтеді. Стартты әр қатысушы өзіне ыңғайлы уақытта бастай алады, қатысушылардың жеке деректері онлайн режимде тіркеледі, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа қалалардың спортшылары мен әуесқойлары қатыса алады.

"Негізгі жарыстар 5-6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағында, шаңғы-роллерлік жолда өтеді", - делінген әкімдік ақпаратында.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар жарыстың белгілі бір орынмен шектелмейтінін атап өтті. 5 шақырым жүгіріп, #НұрСұлтанпаркchallenge2020-ға қатысу үшін S10.run сілтемесі арқылы тіркелу қажет.

"Жарыс ережелерін мұқият оқып шығыңыз және S10.run қосымшасына Strava-ға қосылуға рұқсат бар-жоғын тексеріңіз. Егер сіз жарысқа тіркелген болсаңыз, жүйе мұны тағы қайталаған кезде "Сіз жарысқа сәтті тіркелдіңіз, біз сізді стартта күтеміз!" жазбасын көрсетеді", - деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Стартты қатысушылар өзіне ыңғайлы кез келген уақытта бастай алады. Тіркелу тегін. Сонымен қатар жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар беріледі. 

Толық ақпаратты S10.run сайтынан сондай-ақ әлеуметтік желідегі Аstanapark парақшасынан білуге болады.

 

Жаңалықтар
0