Елорда тынысы

Астаналық айына небәрі 10 мың теңгеге күн көріп отыр – видео

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұндай шағым күн сайын артып келеді. Барлық мұқтаж адамға көмек көрсетіп үлгермей жатырмыз, дейді қоғам белсенділері

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Мария Богомолова айына он мың теңгеге өмір сүріп жүр. Ол ай сайын алатын 45 мың теңге жәрдемақының басым бөлігін бөлмені жалға алуға жұмсайды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

37 жастағы Мария Богомолова жәрдемақыдан азық-түлік пен дәрі сатып алуға айына он мың теңгесі ғана қалатынын айтты. Әйел аш қалмау үшін қарызға батты. 

"Азық-түлікке, нан алуға жұмсаймын. Кейде макарон сатып аламын, кейде оны да ала алмаймын. Мысалы сүт пен ет сатып алуға жетпей қалады. Зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналар арасында көмекке мұқтаж жандар көп. Ешқандай көмек көрсетілмейді. Шағым жазып қалдыруға болатын кітапшаны қарасаң, барлығы жағдайын айтып шағымданғанын көруге болады", - дейді елорда тұрғыны.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, мұндай шағым күн сайын артып келеді. Олар барлық мұқтаж адамға көмек көрсетіп үлгермей жатқанын айтады.

"Карантин басталғалы жұмыс күндері материалдық әлеуметтік көмектен бастап, құжат мәселесін айтып күніне 5-6 адам жүгінеді", - дейді қоғам белсендісі Марат Нұрсұлтан.

Ал демалыс күндері көмек сұрайтындардың саны 20-30 адамға дейін артады.

"Карантин кезінде жұмысынан айырылып, жалдамалы пәтерінің ақысын төлей алмайтын кісілердің саны артты. Олардың арасында мигранттар да, басқа қаланың тұрғындары да бар. Олар дер кезінде қаладан шығып кете алмаған", - дейді қоғам белсендісі Анастасия Файль.

Ал шенеуніктер дүрбелең тудыруға негіз жоқ екенін айтты. Олар мұқтаждар санының артқанын қалыпты құбылыс деп танып отыр.

"Жыл сайын халықтың көші-қонына, бала тууға, табиғи өсімге байланысты бұл сан да өсіп келеді. Жылына 164 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі. Айтарлықтай өсім болған жоқ. Жағдай тұрақты", - деді Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Таласова.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, жылына 160 мыңнан астам елорда тұрғыны жеңілдік пен әлеуметтік төлем алады. Бұған 12 миллиард теңге бөлінген. Ал елордада миллионнан астам адам тұрады.

Жаңалықтар
0