Қамаудағы ит

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар бос тұрған иттер ғимаратына көшуге мәжбүр болды

482
(Жаңартылды 09:48 10.09.2020)
Көпбалалы аналар бірнеше жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Олар бұл мәселеге көңіл бөлінбей жатқанына наразы

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Елордада иттерге арналған тәлімбақ төңірегінде тағы да дау шықты. Ғимараттың бос тұрғанын естіген көпбалалы аналар қоныстанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Негізінен, әйелдердің 6-8 баласы бар. Дені "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері.

Многодетные матери решили заселиться в пустующий питомник
© Sputnik / Стрингер.
Әйелдер келгенде бос ғимараттың есігі ашық тұрған

Олар пәтер кезегінде он жылдан бері тұрғанын айтты. Алайда баспана әлі де арман болып отыр. Көпбалалы аналар ғимарат бос тұрғанын жануарларды қорғаушылардың жазбаларынан білген. Сондықтан осы ғимаратқа қоныстанды.

Әйелдер бос ғимараттың есігі ашық тұрғанын айтты. Олар мұнда үш күн болған.

Әкімшілік ғимараттың суы мен электр жарығын сөндіріп кетті.

"Астана-Ветсервис" әкімшілігі не дейді

"Астана-Ветсервис" кәсіпорнының директоры Данияр Әбдулов болған жағдайды сейсенбі күні білгенін айтты.

"Бір жағынан бұл әйелдерді түсінемін. Олардың жағдайы қиын. Екінші жағынан бұл... нонсенс", - деді ол.

Часть вещей многодетных семей привезла грузовая машина
© Sputnik / Стрингер.
Әйелдердің заттары ғимаратқа жүк көлігімен жеткізілді

Кәсіпорын жетекшісі бұл ғимарат үшін жауапты екенін жеткізді. Сондықтан кеше, сәрсенбі күні ол жағдайды бақылау үшін көлігінде қонбақ болды. Алайда сағат 22.20-да Sputnik Қазақстан тілшісіне әкімдік пен полиция әйелдермен кездесу өткізгені белгілі болды.  

"Қазір ғимаратта ешкім жоқ", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

482
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
"Жаман сөздің бәрін біз естиміз": Нұр-Сұлтанда автобус айдайтын көпбалалы ананың әңгімесі
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар бос тұрған иттер ғимаратына көшуге мәжбүр болды
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Тоқаев заңға қол қойды
Қазақстанда шілдеден бастап кейбір көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өседі
Жәрмеңке

Қызылорда және Ақтөбе облыстары елордаға 540 тонна азық-түлік әкеледі

291
Жәрмеңкеге келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда және Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік әкеледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

19 және 20 қыркүйекте "Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоп пен қант неге қымбаттағанын түсіндірді 

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон і, 5 тонна алкогольсіз сусындар және тағы басқа өнімдерді сату жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады ("Айс" ЖШС, "Агрофирма Тау" ЖШС, "Ново-Альджанский мелькомбинат" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "Ақтөбе-нан" ЖШС, "Айбек" ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, "Степное" ЖШС, "Рокос" ЖШС, "Изет ГринХаус" ЖШС және "Гринхаус Қазақстан" ЖШС жылыжай көкөністері, "Мир круп" тұзы, "Жаңажол" күріш, "Сырмаржаны", "Байқоңыр" Агрохолдингі", "Наймир", "Байқоңыр" ӘКК).

Келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс.

291
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы, жәрмеңке
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
"Екі есе қымбаттады": алматылықтар қандай өнімдерді жаппай сатып алып жатыр
Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 
Алматыда сұранысқа ие бес тауардың бағасы төмендеді
Ақша, теңге

Нұр-Сұлтанда 1 миллион теңге алатындар саны артады 

497
(Жаңартылды 10:27 16.09.2020)
Тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұрын тізімде толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асырап отырған отбасылар болса, қазір тізімге тұрмысы төмен адамдар санатының бәрін қосамыз. Оның ішінде жетім балалар да қамтылады", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады. Сол жерде тиісті құжат қабылданады деген жоспар  бар. 

"Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертификат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертификатының мөлшері – 1 миллион теңге. Оларды "Шаңырақ" (5-10-20) жобасына қолдануға да болады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Осылайша, бұған дейінгі тізімге басқа санаттар да кіретін болатын. Олар:

  • жетім балалар;
  • I және II топ мүгедектері;
  • зейнеткерлер;
  • ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер;
  • мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
  • экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде  баспанасынан айырылғандар;
  • бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері немесе ертеде "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар;
  • I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар.
497
Кілт сөздер:
үйлер, теңге, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты
2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады
Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді
Медицина құралдары, архивтегі фото

Дәрігерлер трактордың астына түскен қызды аман алып қалды

0
Қыз жедел хирургия бөліміне ес-түссіз күйде түскен. Дәрігерлер оны бірден аппаратқа қосып, жамбасына шұғыл ота жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Астаналық дәрігерлер абайсызда трактордың астына түскен бес жасар қызға ота сәтті жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Қорғалжын ауылында екі бала шөп тиелген трактордың тіркемесіне шыққан. Алайда екеуі де құлап, доңғалақтың астына түскен. Салдарынан 8 жасар ұл оқиға орнында жан тапсырды. Ал бес жасар қыз Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті 

Аурухананың травматолог дәрігері Мұхтар Ахмұрзаевтың айтуынша, қыз жедел хирургия бөліміне ес-түссіз күйде түскен. Оны бірден аппаратқа қосып, жамбасына шұғыл ота жасаған. Бала 10 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты.

"Бала өте ауыр жағдайда түсті, жарақаттан қатты шок алып қалған.  Бірақ аурухана мамандары – хирургтар, нейрохирургтар, травматолог пен реаниматологтар жедел көмек көрсетіп, отаны сәтті жасап шықты", - дейді Ахмұрзаев.

Қазіргі кезде бала ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Ата-анасы дәрігерлерге шексіз ризашылығын жеткізді.

"Қазір қызымның жағдайы жақсы. Көңіл-күйі де жақсарған. Әкесімен видео байланыс арқылы сөйлесіп тұрады. Отбасымызбен дәрігерлерге алғыс айтамыз. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші дәрігерлердің арқасында қызымыз аман қалды", - дейді қыздың анасы.

Полиция осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.

 

0
Тақырып бойынша
"Рөлді ұстамай-ақ айдаймын": мас жүргізушінің оқиғаға дейінгі әрекеті белгілі болды
Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті - фото
Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Нұр-Сұлтанда әйел адам көлік астына түсіп қаза болды
Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады – видео