Ақша, теңге

Нұр-Сұлтанда 1 миллион теңге алатындар саны артады 

553
(Жаңартылды 10:27 16.09.2020)
Тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұрын тізімде толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асырап отырған отбасылар болса, қазір тізімге тұрмысы төмен адамдар санатының бәрін қосамыз. Оның ішінде жетім балалар да қамтылады", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады. Сол жерде тиісті құжат қабылданады деген жоспар  бар. 

"Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертификат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертификатының мөлшері – 1 миллион теңге. Оларды "Шаңырақ" (5-10-20) жобасына қолдануға да болады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Осылайша, бұған дейінгі тізімге басқа санаттар да кіретін болатын. Олар:

  • жетім балалар;
  • I және II топ мүгедектері;
  • зейнеткерлер;
  • ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер;
  • мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
  • экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде  баспанасынан айырылғандар;
  • бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері немесе ертеде "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар;
  • I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар.
553
Кілт сөздер:
үйлер, теңге, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты
2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады
Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді
Базар, сатып алушылар, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда базарлар мен сауда орталықтары жабылады

3321
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәливаның жаңа қаулысы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның сауда нысандарында дезинфекция жүргізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенбі, 25 қыркүйек, сағат 15.00-ден 26 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін бірқатар нысан қызметін уақытша тоқтатады:

  • "Шапағат" коммуналдық базары,
  • "Сары-Арқа" көтерме-бөлшек сауда орталығы,
  • "Астаналық базар" (С. Сейфуллин көшесі, 47),
  • "Жаннұр" СОСО (Абай даңғылы, 48),
  • "Тұлпар" СОСО (Ш.Уәлиханов даңғылы, 24),
  • "Әлем" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 62),
  • "Әсем" СОСО ( Ы. Дүкенұлы көшесі, 31),
  • "Гарант" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 73),
  • "Джафар" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 71),
  • "Есіл" СОСО (Республика даңғылы, 6),
  • "Седьмой континент" бизнес орталығы (Кенесары көшесі, 40),
  • Magnum Cash&Carry гипермаркеті (Ш. Уәлиханов көшесі, 20).

Бұл нысандарда дезинфекция жүргізіледі.

3321
Кілт сөздер:
сауда орталықтары, Нұр-Сұлтан, базар
Базар, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда тағы екі базар салынады әкім жобасын көрсетті

101
Жаңадан салынатын жылыжайлар мен базарлар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда аумағында тағы екі базар салынады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қаладағы жылыжайлар мен азық-түлік базарын көбейтеміз. Бүгінгі өткен инвестициялық кеңес жылыжай кешені мен екі базардың құрылысын қолдады. Атқарылып жатқан бұл жұмыстар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Елордада оң және сол жағалауларды жалғайтын екі көпір салынады 

Сондай-ақ, инвестициялық кеңесте темірбетонды бұйымдар, гиперпресстелген кірпіш, ағаш өнімдері мен жарықдиодты жарықшамдар шығару сияқты жобалар қолдау тапты.

"Бұл материалдардың барлығы да құрылыста қолданылады. Құрылыс қарқынын ескерсек, отандық өндіріс материалдары салынып жатқан объектілердің өзіндік құнын төмендетуге көмегін тигізеді", - дейді Көлгінов.

Кеңес мүшелері бірқатар медицина мекемелерінің құрылысы мен  медициналық маска шығаратын өндіріс жобасын қолдады.

101
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, базар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартылады
Нұр-Сұлтанда тегін білім беретін жеке мектеп ашылады
"Қайта жөндейсіздер": Көлгінов жол салушыларға ескерту жасады
2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады
Нұр-Сұлтанда крематорий салынады
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

0
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

0