Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда базарлар мен сауда орталықтары жабылады

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуБазар, сатып алушылар, архивтегі сурет
Базар, сатып алушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәливаның жаңа қаулысы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның сауда нысандарында дезинфекция жүргізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенбі, 25 қыркүйек, сағат 15.00-ден 26 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін бірқатар нысан қызметін уақытша тоқтатады:

  • "Шапағат" коммуналдық базары,
  • "Сары-Арқа" көтерме-бөлшек сауда орталығы,
  • "Астаналық базар" (С. Сейфуллин көшесі, 47),
  • "Жаннұр" СОСО (Абай даңғылы, 48),
  • "Тұлпар" СОСО (Ш.Уәлиханов даңғылы, 24),
  • "Әлем" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 62),
  • "Әсем" СОСО ( Ы. Дүкенұлы көшесі, 31),
  • "Гарант" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 73),
  • "Джафар" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 71),
  • "Есіл" СОСО (Республика даңғылы, 6),
  • "Седьмой континент" бизнес орталығы (Кенесары көшесі, 40),
  • Magnum Cash&Carry гипермаркеті (Ш. Уәлиханов көшесі, 20).

Бұл нысандарда дезинфекция жүргізіледі.

Жаңалықтар
0