Мұнай айдау станциясы, архивтегі сурет

Мұнай бағасының төмендеуі әлемдік газ нарығына қалай әсер етеді

102
Мұнай нарығындағы оқиғалар мен коронавирус проблемасы газ мәселесінің маңыздылығын біршама арттыра түсті. Әрине, мұнай бағасының төмендеуі әлемдік газ нарығына өзіндік әсерін тигізетіні сөзсіз

Біріншіден, кейбір нарықтар үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша газдың бағасы бірінші кезекте Азиядағы СТГ (сұйытылған табиғи газ) мұнай бағасына байланысты екенін еске түсіріңіз. Соңғы айларда газ нарықтағы профициттің салдарынан арзандап, ал мұнай ОПЕК+ келісімдерінің әрекеті салдарынан қымбат болып тұрған кезде бағаның екі түрі арасында үлкен алшақтық пайда болды, деп жазады РИА Новости. 

Газ бен СТГ-ның биржалық бағалары миллион BTU  (БЖБ – британдық жылу бірліктері) үшін үш доллар шамасында болып келді (қазір де солай): бұл мың текше метр үшін шамамен 105 доллар. Ал мұнайға байланысты келісімшарттар бойынша СТГ бағасы үш есе жоғары болды және миллион BTU үшін тоғыз долларға жетті. Бұл күлкілі жағдайға айналды.

Сөйтіп, қытайлық импорттаушылар коронавирустың еңсерілмеуі мүмкін екендігін алға тартып, ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша сұйытылған газды қабылдаудан бас тарту туралы айта бастады. Бірақ екінші тарап сұйытылған табиғи газдың осы көлемдерін спот бағамен сатып алуға бірден келісім берді.

Қазір жағдай айтарлықтай өзгерді. Мұнайдың екі еселенген бағасы мен екі түрлі бағаның арасындағы айырмашылық сақталуда, бірақ ол әлдеқайда төмен: шамамен бір миллион BTU үшін үш емес, 4,5 доллар айырмасында.мұнай

Сонымен қатар, мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан газға баға белгілеу миллион BTU үшін үш доллар деңгейінде қалды. Неге бұлай? Біріншіден, одан әрі төмен түсіру мүмкін емес. Пессимистер жазға қарай бағаның одан да төмендеуін күтеді. Бірақ, біз операциялық шығындарының өзін әрең жауып жатқан американдық сұйылту зауыттарын тоқтатуға жақынбыз. Ал Қытайдың ақпан айындағы газға деген сұранысын өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда он пайызға төмендеген.

Тағы оқыңыз: Елбасы энергетикадағы серпілісті күтеді

Бір қызығы, "Газпромның" мұнай бағасының құбылыстарына минималды түрде сезімтал екендігі айқын. Ақпан айының басында жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес, компанияның Еуропадағы сатылымының тек 30% -ы ғана мұнаймен байланысты болған. Сондай-ақ, Болгариядағы бағаны қайта қарау қажеттігі де күн тәртібіне шықты (мүмкін бұл мұнай индекстеуінен биржалық бағаларға ауысумен байланысты шығар).

Қалай болғанда да мұнай бағасының қазіргі төмендеуі "Газпромның" кірісіне аз әсер етеді деп айта аламыз. (Дегенмен, бұл жағдай компанияларға оңай емес екенін атап өтеміз. Өйткені, газдың биржалық бағасы өте төмен деңгейде, бірақ олар мұнай бағасының құлдырауына дейін де болған).

СТГ-ның нарықтағы басымдықтары туралы не айтуға болады

Біз жақында ғана барлық қатысушылардан жаңа жобалар бойынша инвестициялық шешімдер қабылдауын мейлінше 2025 жылға шегеру керектігі жөнінде әңгімелегенбіз. Катар жаңа сұйытылған табиғи газ зауыттарының құрылысын кейінге қалдыруда. Бірақ, Мозамбик пен АҚШ-тағы жобалар әлі де талқылану үстінде.

Осыған қарап бұл жылы сұйытылған табиғи газдың жаңа жобалары іске қосылмай қалу ықтималдығын жоққа шығармаймыз. Әрине, қазір сұраныс азайды оның үстіне бүкіл әлемнің санасында коронавирус бар. Ал құрылыс басталғаннан іске қосылғанға дейінгі аралықта кемінде төрт жыл болуы керек дегеннің өзінде, бар мәселе вируста емес екенін түсіну керек. Бұл жерде негізгі әңгіме компания жобалары қайтарымдылықты қамтамасыз ете алмауында болып тұр.

Бұрын, тіпті газдың ағымдағы бағалары төмен болса да, СТГ жобалары инвестициялардың екі әдіспен қайтарылуына кепілдік бере алатын еді. Оның біріншісі, егер соңғы сатып алушы мұнай бағасына сілтеме жасай отырып келісімшарт жасасуға келіссе. Ал екіншісі, егер зауыттан СТГ өндірудің барлық көлемін (және бағалық тәуекелдерін) мұнай және газ алыптарының бірі кейіннен СТГ сатушысы ретінде әрекет ету құзыретін қабылдаған болса.

Қазір мұндай екі мүмкіндіктің де аяқталғаны белгілі. Осы күнгі мұнайдың бағасымен байланысты келісімшарттар СТГ келісімшарттарына негізделген инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз етпейді. Ал мұнай компаниялары болса, өздерінің базалық мұнай кен орындарында қалай аман қалуды көбірек ойлануда. Демек, бұдан әрі сұйытылған газ нарығындағы қауіпті қымбат мұнаймен субсидиялау мүмкін емес.

Тағы оқыңыз: Мұнай бағасы қайта өсе бастады

Мұнай бағасының құлдырауына дейін кейінге қалдырылып келген АҚШ-тағы ең қызықты СТГ жобаларының бірі – Tellurian компаниясының Driftwood LNG зауыты болды. Ақпан айының соңында Дональд Трамптың Үндістанға жасаған сапарынан соң үнді серіктестері СТГ сатып алу бойынша бұрын қол жеткізілген алдын-ала келісімдерді біріктіреді деп күтілген еді. Оған қоса, Driftwood LNG жобасы инвестициялық шешім қабылдауға жеткіліксіз деп танылса, кепілдендірілген сатылымға ие болады деп жоспарланған. Алайда, үнділік тарап СТГ импортына қатысты шешімді тағы бір рет кейінге қалдырды.

СТГ нарығындағы қазіргі жағдай Ресей үшін қолайлы. Десек те, бұл "бөрікті аспанға ату"  немесе сыртқа сыр білдірмеудің жолы емес. Әрине, кемшіліктер көзге көрініп тұр: СТГ сатудан түсетін кіріс азаяды және "Ямал СТГ"-мен  жасалған келісімшарттардың едәуір бөлігі мұнай бағасына байланған. Тұтастай алғанда, тауар нарықтарындағы жағымсыз құбылыстар Ресей үшін негізгі экспорттаушы ретінде айқын минус болып табылады.

Баға төмендеуінің қандай артықшылықтары бар

Бір жағынан Ресей өз зауытының жабдықтарын жаңа зауыттарда барынша пайдалануға мүдделі, бірақ өндірісті дамыту мен іске асыруда біршама кідіріп отыр. Сонымен бірге, СТГ нарығындағы бәсеке мен оның үлесін алуға деген құштарлық – мұның бәрі ресейлік қатысушыларға зауыттардың іске қосылуын кешіктірмеу үшін шетелдік құралдарды қолдануға мәжбүр етті. Енді әлемдік СТГ нарықтарындағы қазіргі үзіліс бізге өз жабдықтарымыз бен технологияларымыздың үлкен үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Айрықша атап өтерлігі сол, біз осының өзінен үдерістік даму шапшаңдығына қатысты жағымды жаңалықтарды көреміз. Жақында ғана "Обский СПГ" жобасы үшін газ турбиналары мен компрессорлық жабдықтарға тапсырыс берілгені белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, бұл инвестициялық шешім әлі қабылданбаған "Новатэктің" тағы бір СТГ жобасы. Бірақ, оның жабдықтарына қазірдің өзінде тапсырыс беріліп жатыр.

Ал зауыт "Ямал СТГ"-ның төртінші желісін (жылдың соңында іске қосылатын) салыстырмалы түрде кішігірім "тест" бойынша алдын-ала сыналатын ресейлік "Арктический каскад" технологиясын қолданады. Жалпы әлемдік тәжірибеде инвестициялық шешім қабылданбаса да, компаниялар құрылысқа дайындалу үшін белгілі бір қадамдар жасаған әрекеттер кездеседі. Бұл жағдайда инвестициялық шешім қабылданғаннан бастап іске қосылуға дейін үш-төрт жылдай уақыт өтеді. Ең оптимистік бағалаулар бойынша "Обский СПГ" 2022 жылдың соңында іске қосылуы мүмкін.

102
Кілт сөздер:
Ресей, газ, мұнай
Тақырып бойынша
Астанада мұнай-газ нарығының өзекті мәселелері талқыланады
Мұнай таусылғаннан кейін не болады?
Загрузка...