Мұнай келісімі: бұдан кейін не болады

© AP Photo / Nabil al-JouraniАрхивное фото иракских рабочих на нефтеперерабатывающем заводе
Архивное фото иракских рабочих на нефтеперерабатывающем заводе  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ОПЕК+ келіссөзінің нәтижесін әлемдік мұнай дипломатиясында қол жеткізілген жоғары жетістік деп санауға болады

ОПЕК+ саммитінде өндірісті қысқарту туралы келісім коронавирус әсерінен мұнайға сұраныстың төмендеуін өтей алмайды. Демек, бағаның өсуіне оның әсер ету мүмкіндігі де шектеулі болады. Алайда, бұл келісімсіз мұнай нарығындағы жағдай қиындай түсетін еді, деп жазады РИА Новости сарапшысы Иван Данилов.

Факел стационарной платформы на нефтяном месторождении - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді
Британдық The Guardian басылымы америкалық беделді Goldman Sachs банкінің дерегіне сүйене отырып, "коронавирус дағдарысы сұранысты сәуір мен мамырда күніне 19 миллион баррельге азайтады" деп жазды. Сондай-ақ, ол жерде өндірісті қысқарту ертең келісілгенімен, мұнай қоймалары толуға жақын тұрғанда, алдағы аптада бағаның арзандауына жол бермеу үшін тым кеш қабылданған шешім екені атап көрсетілген.

Айта кету керек, америкалық банкирлердің бағасы салыстырмалы түрде оптимистік болды: олар жоғарыда аталған есептеулер өндіруді 15 миллион баррельге азайтады немесе қатаң карантиндік шаралар 19 миллион баррель сұранысты "кесіп тастайды" деген болжамға сүйене отырып жасаған. Дегенмен, басқа бағалаулар бойынша ол 20-25 миллион баррель шамасында болуы мүмкін.

ОПЕК+ мәмілесі – оның ауқымдылығы мен жаңалықтардағы орнына қарамастан, мұнайды экспорттаушы елдердің бүгінгі бағалары мен бюджет кірістерін қолдау ғана емес. Ол сонымен бірге болашаққа, яғни эпидемияның аяқталуымен қатар, экономикалық қалпына келу кезеңіне бағытталған өте күрделі ымыра болып табылады.

ОПЕК+ келісімінің негізгі көздеген мақсаты алдағы апталар мен айларға емес, болашаққа бағытталған деп атап көрсетілді виртуалды саммит аяқталғаннан кейін жарияланған ресми мәлімдемеде.

Архивное фото вывески на здании, где расположена штаб-квартира ОПЕК в центре Вены - Sputnik Қазақстан
Әлем
Нарықты бірге сақтаймыз: ОПЕК+ келіссөзі қандай нәтиже беруі мүмкін
"Жиналысқа қатысушылар 2020 жылдың 1 мамырынан бастап, 2020 жылдың 30 маусымын аралығындағы екі ай ішінде мұнайдың жалпы өндірісін тәулігіне 10,0 миллион баррельге төмендету туралы келісімге келді. Келесі алты ай ішінде, 2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін келісілген жалпы түзету тәулігіне 8,0 миллион баррельді құрайды, одан кейін 2021 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 30 сәуірге дейін 16 ай мерзімге тәулігіне 6,0 миллион баррельге түзетіледі.

Түзетулерді есептеудің бастапқы көрсеткіші – 2018 жылдың қазан айында Сауд Арабиясы корольдігі мен Ресей федерациясын қоспағанда, күніне 11,0 миллион баррель деңгейіндегі бірдей базалық мұнай өндірісі. Келісім 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды, бірақ оның мерзімін ұзарту 2021 жылы желтоқсанда қаралатын болады".

Олар мұнай нарығының қатысушыларын өндірушілерді қысқа мерзімді проблемалардан құтқаруға тырысуда. Атап айтқанда, мұнай нарығында ұзақ мерзімді тапшылықты қалыптастыруға бағытталған "төтенше жағдайдың төмендеуіне" тап болмайтындығына сендіруге ұмтылуда. Бірақ тұтыну деңгейінің тапшылығы эпидемияға дейінгі деңгейге жақындағаннан кейін ғана "белсенділігін" арттырады.

Архивное фото иракских рабочих на нефтеперерабатывающем заводе  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемдік мұнай нарығы қайта бөліске түсе бастады
Айта кету керек, мәміле әлі де бұзылуы мүмкін, өйткені ОПЕК-тің негізгі ұстанымы – ешкім мұнайдың жарқын болашағына "тегін билет" ала алмайды. Сондықтан саммиттің қорытынды қарарында барлық қысқартулар Мексика (келісімді қолдамаған жалғыз ел) өндірісті күніне 400 мың баррельге дейін қысқартуға қол қойған жағдайда ғана күшіне енеді деп көрсетілген. Бұл өте негізгі мәселе. Өйткені, бұл жерде ең ірі мұнай өндіруші болмаса да, егер  ол оған қатысудан босатылса, келісім ыдырап кетеді: Сауд Арабиясы мен Ресей бірлесе отырып әлемдік мұнай өндірісінің 20 пайыздан астамын бақылағанымен, барлық "қысқартуды" өздеріне ала алмайды. Тіпті, егер өндірістің құлдырауын АҚШ-пен бөліскен күннің өзінде әлемдік өндірістің үштен бір бөлігі ғана "қысқаруы" керек болады.

Мұны мұнай экспорттаушы елдердің көпшілігі, соның ішінде ішкі саяси көзқарастар тұрғысынан ОПЕК+ келісіміне ресми түрде қол қою мүлдем қолайсыз елдер де түсінеді. Мысалы, Рейтер агенттігі Ослоның мұнай келісіміндегі позициясы туралы былай хабарлады: "Батыс Еуропадағы ең ірі мұнай өндіруші ел – Норвегия. ОПЕК+ өзінің жоспарын жүзеге асыратын болса, сенбі күні бұл ел мұнайды қысқартуды қарастырып жатқандығын айтты".

Ал жиналыс үстінде: "ОПЕК+ елдері арасында өндірісті қысқарту туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда Норвегия мұнай өндіруін біржақты азайту мәселесін қарастырады", – деді Бру (Норвегияның мұнай және энергетика министрі).

Мексика ОПЕК+ келісімін орындамауға да құқылы, өйткені бұл елдің мұнай экспорттаушылар арасында өзіндік ерекшелігі бар: Мексика жыл сайын қаржы нарықтарындағы мұнай экспортын "сақтандырады" (және бұл белгілі бір шығындарды талап етеді). Сондықтан бұл ел ағымдағы жылдың соңына дейін эпидемиямен байланысты және басқа да өндірушілер арасындағы баға соғысында жағдайды елемеуге болады.

Бірақ Мехико Дональд Трампты назардан тыс қалдыра алмайды, ал ол мәміленің жасалуына өте мүдделі. Сонымен қатар, ВВС атап өткендей, АҚШ президенті мұнай өндірісінің төмендеуіне байланысты оңтүстік көршісіне келетін қаржылық шығындарды уақытша мойнына алуға дайын (және бұл сирек жағдай): "АҚШ президенті Мексиканың жағдайды реттеп алуына көмектесетінін айтқан. Ол біз мұнай өндірісін қысқартамыз, бірақ кейінірек Мексика оны "өтейді" деген. Трамп келісімнің қабылданатындығына сенімді емес екенін білдіріп: "Біз осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Менің ойымша, ақыр соңында бәрі ойдағыдай болады", – деді ол.

Егер Ақ үй жасаған "мексикалық ұсыныс" Мексика басшылығы үшін де, ОПЕК+ мүшелері үшін де қабылданбайтын болса, ОПЕК+ келісімі әлі де бұзылуы мүмкін.

Айта кету керек, АҚШ-тың ОПЕК+ мәмілесіне қатыспауы америкалық тақтатас компанияларына көмектеспейді. Өйткені, ОПЕК+ өндірісінің қысқартылу мөлшері бағаны толығымен апаттық құлдырауға жол бермейтіндей етіп таңдалады. Ал мұндай баға мөлшері америкалық тақтатас компаниялары үшін банкроттық деңгеймен тең. АҚШ энергетика министрі Дэн Бруйетт жұма күні: "Біз осы жылдың соңына қарай АҚШ өндірісі тәулігіне екі миллион баррельге қысқарады деп санаймыз. Кейбір модельдер одан да әсерлі сандарды көрсетеді, мысалы, күніне үш миллион баррельге дейін", – деді.

Мүмкін, америкалықтарға бұл азайтуды ОПЕК+ келісімі емес, "нарық" жасады деп айту оңайырақ шығар, бірақ оның салдары өзгермейді. Алайда, мұнай бағасының бұдан кейінгі дамуы қазір эпидемиямен күресіп жүргендердің қолында: ол неғұрлым тез аяқталса, соғұрлым бағалар тезірек қалпына келеді. Дегенмен, Мексика басшылығының қыңырлығы да белгілі бір дейгейде рөл атқарады. Бірақ ОПЕК + форматындағы ірі мұнай одағы өкілдерінің қолынан не келді, соны істеді. Оның нәтижесін әлемдік мұнай дипломатиясының үлкен жетістігі деп санауға болады.

Жаңалықтар
0