ЕАЭ елдерінің тулары

ЕАЭО елдерінің премьерлері не жөнінде келісті?

56
(Жаңартылды 11:13 27.04.2020)
Коронавирус дағдарысы ЕАЭО елдері үшін проблемаларды ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерді де тудырды

23 сәуір күні бейнеконференция арқылы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Онда ЕАЭО премьер-министрлері алдағы уақытта ынтымақтасып өмір сүрудің мәселелерін шешті деп жазады колумнист Геворг Мирзаян.

Бұл жай ғана талқылау емес, келісім құжаты негізінде – еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары туралы келісім еді. Жоба жалпы (тұжырымдамалық) ережелерден және интеграциялық бірлестіктің қызметіне сәйкес 11 жүйелік блокқа топтастырылған шаралар мен тетіктер тізімінен (330 тармақ) тұрады.

Бұған премьер-министрлердің өздері, әрине оптимизммен қарады. Ал Ресей федерациясы үкіметінің басшысы Михаил Мишустин: "Біздің қауымдастық интеграцияның жоғары деңгейіне жетуге дайын болды" деді сенімді түрде. Бір қарағанда, оныкі дұрыс. Аймақ елдерінің экономикалары Ресеймен терең байланысқандықтан, өзара бір-біріне байланған.

Қазіргі уақытта балама байланыстыру мүмкін емес (еуропалық нарықты бағдарлау туралы айту, сыртқы жеткізушілер үшін жабық екенін білетін сарапшылардың сенімсіз күлкісін тудырады) немесе қауіпті (мысалы, мұндай әрекетті Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық белсенділігі мен жергілікті халықтың көзқарасына қарап байқауға болады).

Сондықтан, посткеңестік кеңістіктегі елдердің басым көпшілігінде тек екі ғана нұсқа бар: олар біріккен экономикалық даму мақсатында интеграцияланады немесе көрші елдермен бәсекелестікте іргесін аулақ салу позияциясын ұстанып ұтылады.

Алайда, соңғы кездері қорқынышты ойға негізделген жаңсақ пікірлер өріс ала бастады. Бұл жақында Ресей президенті Владимир Путин айтқан басты мәселе – Кеңес одағы мен Кеңес империясының қайта жандануынан қорқу.

Осылайша, кейбір көршілердің интеграция туралы түсінігі анық болмай шығады. Мәселен, Минск ресми деңгейде интеграцияны терең жақтайды және әріптестерін бұл процеске кедергі келтіргені үшін сынайды.

Беларуссияның премьер-министрі Сергей Румас 23 сәуірде талқыланатын құжаттың мазмұнына наразылық білдіріп: "Тараптардың көптеген шынайы әрі өршіл ұсыныстарын жекелеген сарапшылар жоққа шығарды, тіпті жоғары деңгейде талқылауға да келмеді", – деп наразылық білдірді.

Сонымен бірге Беларуссия президенті Александр Лукашенко айтқан "егемендікті бермейтін интеграция" формуласы бар.

Дегенмен, белгілі бір кезеңде интеграциялық процестер ұлттық деңгейдегі ұжымдық шешім қабылдау үшін егемендіктің бір бөлігін берусіз мүмкін емес екенін атап өткен жөн.

Дағдарысқа рахмет

Бәлкім, мұндай түсініспеушілік пен көзқарастардағы айырмашылық жалғасуы мүмкін еді – бірақ коронавирус дағдарыс басталды. Бұл проблемаларды ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерді де тудырды.

Біріншіден, ол интеграцияның жеткіліксіз тереңдігін айқын көрсетті (интеграциялық бірлестікке қатысушылар бір-бірін құқықтық-экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге психологиялық тұрғыдан да "өзіміз" деп санайтындықтан).

Айта кетейік, ЕАЭО-ға мүше елдер дағдарысқа нақты бірлескен күреспен немесе бірыңғай іс-қимыл бағдарламасымен жауап берген жоқ. Шекаралар жабылды.

Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мұқият зерттеп, оның қайталануына жол бермеуі тиіс сабақ болды. Нақты интеграциясыз, оның қажеттілігін және онымен күресу ниетін түсінбесек, біз алдағы дағдарыстар кезінде жүйкемізді, ақшамыз бен уақытымызды жоғалтамыз. Сондай-ақ, белгілі бір жағдайларда қол жеткізілген интеграциялық процестердегі жетістіктерді ("коронавирус кезінде шекараны жауып тастаған мұндай одақтас неге керек" деген сарындағы әңгімелерді) еске түсірейік.

Қазіргі кезде негізгі әңгіме ауаны біз жекелеген қатысушы елдердің ұлттық мүдделерін тізеден төмен түсіріп, қарқынды түрде интеграциялану турасында өрбуде. Путиннің тағы да дұрыс атап өткеніндей, қол жеткізілген шешімдер ымыраға келеді, демек біреулер қандай да бір жолмен біреуден төмен болады және бір қарағанда идеалды жағдай жоқ.

Шындығында, бұл жай ғана ымыраға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қатынастар жүйесі. Дәл осы жүйені біз қарқынды түрде құруымыз керек – интеграцияның жалпы тәсілдерін әзірлеу, егемендікті және шешім қабылдау принциптерін келісу. Содан кейін ымыраны іздеу интеграцияның түбегейлі тоқтатушысы емес, уақыт ісіне айналады.

Солай десек те, үкімет басшыларының кездесуінен кейін шешілмеген мәселелер қалды. Премьер-министрлер автомобильдік тасымалды ырықтандыру, экономикалық дамуға атаулы көмек тетіктері және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді. Алайда, олар газ тақырыбында ортақ пікір таба алмады.

Атап айтқанда, ЕАЭО біртұтас газ нарығы аясында газды тасымалдау тарифтерін анықтау туралы шешім қабылдау болатын. Дегенмен, ешбір жанжалсыз бұл мәселе 19 мамырда саммитке жиналатын мемлекет басшыларының назарына ұсынылады.

56
Кілт сөздер:
ЕАЭО
Су асты аппараты

"Посейдон" кешенінің сынақтан қашан өтетіні белгілі болды

99
(Жаңартылды 10:39 28.05.2020)
26 мамырда Ресей қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде "Посейдон" су асты аппаратының алғашқы ұшуы 2020 жылдың күзіне жоспарланғанын, әзірше жаңа жүйенің жекелеген тораптары мен агрегаттары сынақтан өтіп жатқанын хабарланды

Оны іске қосу алғашқы ұшқышсыз аппараттың тәжірибелі тасымалдаушысы, көп мақсатты "Белгород" атом су асты қайығының бортында өтеді. Ол "Посейдон" су асты аппаратына арнайы жасалып, 2019 жылдың сәуірінде суға түсірілді. Сынақтар 2021 жылға дейін созылды және сәтті аяқталған жағдайда "Белгород" пен "Посейдон" Ресейдің әскери-теңіз флотының құрамына кіреді.

Құрлықаралық ұшқышсыз қайықтардың бірінші штаттық тасымалдаушысы – әрі қарай жаздың басында суға түсіруді жоспарлап отырған "Хабаровск" атом су асты қайығы болады, содан кейін сынақ шамамен екі жылға созылады деп жоспарланып отыр. Бұл қаруды әзірлеу туралы Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылғы жолдауында жариялады.

Ұшқышсыз су асты қайығы

"Посейдон" – бұл ядролық энергетикалық қондырғысы бар стратегиялық құрлықаралық су аппараты. Ол 1000 метрлік тереңдікте 10 мың километрге дейінгі қашықтыққа 185 км/сағат жылдамдықпен қозғалуға қабілетті. Сынақ "Посейдонның" қайталанбас сипаттамасы мен ұшқышсыз шексіз жүре алатынын растады.

Ұзындығы 24 метр, диаметрі шамамен 1,6 метр аппараттың әдеттегі немесе мегатонды термоядролық оқ-дәрілермен жарақтандырылуы мүмкін, ол авиатасымалдағыш топтарын, стратегиялық су асты қайықтарының базасын, жаудың жағалау инфрақұрылымын жоюға арналған.

Ұшқышсыз режимде "Посейдон" дамыған су асты қайықтарына, қарсыластың ракеталарына қол жетпейтін тереңдікте және жылдамдықта қозғала алады. Автономды басқару жүйесі ағынға қарсы шептерді немесе басқа қорғаныс жүйелерін табуға және жеңуге мүмкіндік береді.

Өткен жылдың ақпан айындағы Конгрестегі тыңдаулардың бірінде STRATCOM басшысы Джон Хайтен "Посейдон" жаңа қару-жарақ ретінде СНВ-III келісімшартындағы шектеулерге бағынбайтынын айтты. 

"Хабаровск" су асты кемесі

"Хабаровск" - Ресейдің ең үлкен әскери құпияларының бірі. Ашық дереккөздерден алынған мәліметтер бойынша, кеме жаңа ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталған және бортта алты ұшқышсыз "Посейдон" алып жүруге қабілетті.

Су сыйымдылығы 10 мың тоннаға жуық, жылдамдығы 32 узелге дейін, бату тереңдігі 500 метр, автономдығы 120 тәулікке жетеді, 100-ден артық адам сияды. "Хабаровск" су асты кемесінің негізгі сипаттамалары құпия сақталған. 

"Посейдон" - Ресейдің технологиялық аппараттарының ішіндегі жалғыз құрал емес.

99
Владивостокәмбебап десанттық кемесі

Қырымда әмбебап кемелер жасалады: ресейлік "Мистральдің" ерекшеліктері қандай

87
(Жаңартылды 17:58 27.05.2020)
Ресей қорғаныс министрлігі мен Керч қаласындағы "Залив" кеме жасау зауыты әмбебап десанттық кеме (ӘДК) құрылысына қатысты алғашқы екі келісімшартқа қол қойды

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, мәміле сомасы шамамен 100 миллиард рубльді құрайды. Ал жоба Зеленодольск жобалық-конструкторлық бюросында жасалған.

Осы кезге дейін мұндай кемелер Ресейде болмаған. Француздық "Мистральдің" ресейлік баламалары әскери-теңіз күштеріне мұхиттың шалғай аудандарында болуын қамтамасыз ете алады. ӘДК алғашқы кемесі 2026 жылға дейін флоттың жауынгерлік құрылымына қосылуы керек және әрі қарай осындай кемелерді әзірлеу жалғасуы мүмкін. Жобаның тағдыры тұтастай алғанда 2027 жылға дейінгі қаруланудың мемлекеттік бағдарламасында алдын-ала нақтыланған.

Ресейдің Сириядағы әскери операциясы 15-25 мың тоннаға дейінгі үлкен десантты кемелердің маңыздылығын растады. 2020 жылдың 9 қаңтарында Ресей президенті Владимир Путин Севастопольдегі Нахимов атындағы Қара теңіз жоғары әскери-теңіз мектебіне барып, әскери-теңіз күштерінің дамуына арналған экспозициясымен және ӘДК-нің кейбір сипаттамасымен танысты. Осылайші, кеме жасау ісіне мемлекеттік деңгейде назар аударылып жатыр.

Бұған дейін РИА "Новостидің" қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі дереккөзі 2020 жылы Керчьке 16 тікұшақ көтере алатын екі әмбебап кеме қойылатынын мәлімдеді. Басқа ақпарат көздеріне сүйенсек, Ресейдің қорғаныс министрлігі ӘДК бортына 20-дан астам ауыр тікұшақтарды орналастыруды жоспарлап отыр. 

Соғыс кемесі

ӘДК міндеті – жабдықталмаған жағалау әскеріне десанттық операция кезінде тікұшақтардың қатысуымен (теңіз әуе тобымен) әскер мен техниканы теңіз арқылы (мыңдаған миль) жауынгерлік қолдау көрсету. Кеме миналық және желілік тосқауылдарды, жаудың сүңгуір қайықтарын бақылауға арналған гидроакустикалық жүйелер орнатуға қабілетті. Сонымен қатар, десантты (теңіз жағалауынан алыс орналасқан кемеден жүзуге қабілетті бронетранспортерлер мен десанттық қайықтарды док камерасы арқылы) жан-жағынан түсірудің технологиялық тұрғыдан мүмкіндігі бар.

Бұдан бөлек, ӘДК бортына әскерлер мен күштердің жедел топтарының штабын, 1000-ға жуық десантшыларды, шабуылдаушы және тасымалдаушы тікұшақтарды, шабуылдаушы десанттық қайықтарды, 76 миллиметрлік әмбебап артиллерияны, өзін-өзі қорғаудағы зениттік құралдарды ("Панцирь-МЕ" үлгісіндегі), сондай-ақ теңіздегі бронетранспортерлерді (кемінде 50 жаяу әскер машинасы мен 10 танк), маңызды арсеналдарды (бүкіл топтың бірнеше күндік ұрыс қимылдары үшін) орналастыру қажет.

Кемеде тактикалық және жедел-тактикалық қондырғылардың біріктірілген жауынгерлік басқару жүйесі болуы тиіс. ӘДК мәселелерін сәтті шешу үшін қазіргі заманғы радиолокациялық станциялар, навигациялық кешен, электронды соғыс жүйесі және су астындағы диверсиялық күштерді анықтауға арналған құралдар қажет. Осы аталған функциялар мен су ығыстыру мөлшері қуатты қозғалтқыш қондырғысын қажет етеді.

Қырым кемелерінің нақты сипаттамалары әзірге белгісіз, бірақ бәсекеге қабілетті жобалардың бірі – Крылов мемлекеттік ғылыми орталығының "Прибой" ӘДК, оның корпусының ұзындығы 200 метр, ені 34 метр және су ығыстыруы шамамен 23 мың тоннаны құрайды. Ал америкалық ұқсас кемелердің толық су ығыстыруы - 45 мың тонна.

Өндірістік база

Керч қаласындағы "Залив" зауыты әскери кеме жасау саласында едәуір тәжірибе жинады және "қырымдық "Мистральдің" жобасын жүзеге асыру үшін барлық технологиялық мүмкіндіктерге ие. Кеменің ұзындығы 360, ені 60 метр – бұл ӘДК үшін жеткілікті. "Залив" зауыты су ығыстыруы 150 мың тоннаға дейінгі кемелер жасай алады. Бұл қажетті құрал-жабдықтар мен жоғары санатты мамандарға иелік ететін Еуропадағы ең ірі кеме жасау кәсіпорындардың бірі. Бұған дейін Қырым билігі Керч қаласындағы "Залив" зауытында әмбебап десанттық кеме жасау жобасын қабылдауға дайын екенін растады.

Ресейдің әскери-теңіз күштерінің құрамында десанттық кемелер онша көп емес және олар заман талабына толық жауап бермейді. Мысалы, 775 және 1171 десанттық кемелер жобасы 1974-1991 жылдары Польшаның Гданьск қаласының кеме зауыттарында жасалған. 

2027 жылға дейін Ресей қару-жарақ бағдарламасына мемлекеттен 19 триллион рубль бөлу жоспарланып отыр.

87
Дрон, архивтегі фото

Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді

0
(Жаңартылды 18:06 28.05.2020)
"Қазпошта" басшысының айтуынша, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді, онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқаттарды дронмен жеткізу қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, бас кезінде мұндай қызметті республика бойынша іске қосу жоспарланған. Алайда көп жерде ауа-райы қолайсыз болғандықтан қатты жел тұрғанда дронмен тапсырыс жеткізу мүмкін болмаған. Осыған байланысты ондай қызметті тек оңтүстік аймақтарда ғана қалдыруға шешім қабылданды.

"Қазіргі кезде дрондар Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында ұшады. Осы уақытқа дейін ұшқышсыз аппараттардың көмегімен 22 тонна жүк жеткізілді. Оған көбінесе хаттар мен басылымдар кіреді", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді. Онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады.

"Мысалы, кей кезде шалғай жатқан бір ауылға сәлем-сауқат жеткізу керек. Төтесінен 50 шақырым болса, айналма жолмен 250 шақырым шығады. Екі келі газет үшін көлік жіберген тиімсіз. Ал дрон таудан асып өтеді де, газетті тастай салады. Сөйтіп, қайтып ұшып келеді", - деп түсіндірді Сәрсенов.

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы 

Компания басшысы дронды ұшыру үшін құқық қорғау органдарынан рұқсат алынатынын жеткізді. Азаматтық авиация комитеті де өз келісімін беруі керек.

"Әлем осы қызметті біртіндеп дамытып жатыр. Алайда дрондарды қалада ұшыру жағынан бірқатар қиындық бар. Себебі ұшақтар мен тікқұшақтар ұшып жүреді. Халықтың қауіпсіздігі бар және тағы басқа шектеулер енгізілген. Сол себепті біз әзірге ондай қызметті шалғай жерде ғана дамытуды ұйғардық. Болашақта әлемдегі жағдайға қарай дрондарды қолдануды кеңейтетін шығармыз", - деп түйіндеді "Қазпошта" басшысы.

 

0
Кілт сөздер:
Қазпошта, дрон
Тақырып бойынша
Көзбен басқарылатын дрон сынақтан өткізілді
Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады