Миннеаполистегі тәртіпсіздік

АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейдің қатысы бар ма

276
(Жаңартылды 18:01 02.06.2020)
CNN арнасының хабарлауынша, бүкіламерикалық жаппай тәртіпсіздікке Ресей агенттерінің қатысы болуы әбден мүмкін

Жақында сол телеарнада шыққан сюжетте сарапшылардың бірі жаппай тәртіпсіздікке "орыс агенттерінің" қатысы болуы жайлы тұспалдаған болатын. Осы пікірді Америка президенті Дональд Трамп Twitter парақшасында келемежге айналдырды.

Америка президенті мен елдегі ең ықпалды телеарна арасындағы қарым-қатынас Иран мен Израиль арасындағы байланыстан да  жаман. 2016 жылы CNN арнасы Трамп президент болмас үшін бар күш-жігерін салды. Ал Трамп болса, CNN арнасын "фейк-ньюс CNN" деп атайды және арнаның рейтингі құлдырағанына қуанышын ашық түрде көрсетеді.

Сол себепті Атланта қаласындағы тәртіпсіздік қатысушыларының CNN штаб-пәтеріне шабуыл жасап, терезелерді сындырып, барынша тас-талқанын шығарғаны жайлы жаңалық Америка президентіне қуаныш сыйлады. Трамп Twitter парақшасында ирониялық түрде "наразылық білдірушілер өздерінің әрекетін қолдайтын және ақтайтын арнаны талқандады" деген жазбаны бөлісіп қойды.

Ең қызығы, бүгін CNN арнасында мерейтой, ол 40 жасқа толды. Қырық жыл бұрын жас медиамагнат Тед Тернер жаңалықтарды кабель арқылы абоненттерге үздіксіз жеткізетін желі құрды. Ол тәулік бойы ақпарат тарататын тарихтағы алғашқы желі еді. Бұл ақпарат бизнесіне жаңа серпіліс пен революция алып келді. Біз қазір өмір сүріп жатқан онлайн өмірдің алғашқы бастамасы болды.

1980 жылы бұл жаңашылдыққа ерекше мән берілмеді. Себебі ғылым мен бизнес, саясат пен әлеуметтік технологиялардағы америкалық революция бір-бірінен асып түсіп жатты. Тернер тәулік бойы тарайтын жаңалықтар желісін іске қосты, ал бір жыл өткен соң NASA сегіз адамдық экипажға арналған ғарыш кемесін жасап шығарды. Осы уақытта IBM бірінші сериялық дербес үй компьютерін сата бастады, одан кейін ұялы телефон, ал содан соң болашақтың патшасы - интернет пайда болды.

CNN Американың шындыққа әсер етуінің қуатты құралына айналды, құрылғанына 11 жыл толған кезде бүкіл әлем "Gulf war" аталатын шоуын тамашалады.

Көз алдымызда жоғары технологиялық америкалық ұшақтар Еуразияның қуатты әскерінің бірін басып жаншыды. Сол сәтте АҚШ басқа адамзаттан көш ілгері әрі жеңілмейтін, ешкім тоқтата алмайтын ел ретінде шоуды тамашалаған адамдардың есінде қалды.

Ал Ирактың әскери күшінен кейін картадан Кеңес Одағы жоғалғанда, бұл америкалық ХХ ғасырдың хэппи-энді сияқты болды.

...Алайда өмірде хэппи-энд болмайды. Шын мәнінде кез келген жеңіс уақытша, одан кейін әрқашан жаңа тарау басталады. XX ғасырда әлемді жеңген Америка "хэппи-энд синдромына" ұшырауы әбден мүмкін. Мәселен, КСРО ыдырағаннан кейін бірден америкалық мемлекеттік ұйымдар "Ресей бойынша мамандарды" оқытуды күрт доғарды.

CNN, Голливуд және "түрлі-түсті технологиялар", сонымен қатар жаңа ғасырдағы Twitter мен Facebook дәл осы америкалық синдромның құрбаны болды.  "CNN әлемі" үшін 2016 жылы америкалық медиа әлеміндегі үстемдікке қарамастан Трамптың сайлауда жеңіске жеткені апокалипсис болды.

...Қазіргі кезде Американың отыз ірі қаласында тәртіпсіздік болып жатқанда, біз әлемдік экс-гегемон аумағында "медиалық" және шынайы өмірдің өзара қарым-қатынасы әрі қарай қалай дамитынына болжам жасай аламыз.  

Болжам бойынша, бұл жағдай одан әрі де жалғаса береді. Ақырзаман да, хэппи энд те болмайды. Апокалипсис міндетті түрде өлімге әкелмейді. Мүмкін бұл әлемдік саяси және экономикалық, сондай-ақ күш көшбасшылығын жоғалту ғана шығар.

276
Нэнси Пелоси

Ауруын жасырған өледі. АҚШ-та қазір не болып жатыр

107
АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің тез арада Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы мәлімдемесі мен коронавирус жұқтырған америкалықтар санының күн сайын өсуі өткен аптаның елең еткізер жаңалықтары болды

Еске салсақ, Пелосидің мәлімдемесі "америкалықтарға қарсы Ресейдің талибтермен сөз байласуы" туралы ақпараттан кейін жасалды. 

Пентагон және ұлттық қауіпсіздік жөніндгі кеңесші О'Брайеннің мәлімдемесіне сәйкес, бұл мәлімет расталған жоқ. Сондықтан, ол жөнінде АҚШ президентіне баяндалмаған.

Алайда, бүгінгі Америка қалыпты мемлекеттің жұмыс жасауына негізделген қарапайым заңдылықтар бойынша тіршілік етіп жатқан жоқ. Ол хайптардың ішкі шайқасының заңы бойынша өмір сүруде және оны былай тұжырымдауға болады: "Ешқандай заң жоқ".

Мемлекет басшыларының кездесуі
© Sputnik / Алексей Никольский
Сондықтан ядролық держава өкілдері палатасының басшысы, өз идеологиясымен әділеттілік пен турашылдықты насихаттайтын мемлекеттің бірінші тұлғаларының бірі еш фактімен расталмаған "жедел ақпараттың" пайда болуына қатысты бірмәнді саяси қорытынды шығарды: ядролық екінші мемлекетке қарсы санкция қабылдау керек және мұны тез арада орындау қажет.

Ақпараттың рас-өтірігін тексеруге бас қатырмай, оны қоғам назарына ұсына салған БАҚ ел президентін "Ресейдің жағымсыз тұстары туралы баяндағанды ұнатпайды" деп айыптауға көшті. Олар бәз-баяғы "Трамп – орыс тыңшысы" деген ойдан құрастырылған теорияға сүйеніп әрекет жасап жатыр.

COVID-19 ауруын жұқтырғандар саны күн сайын 50 мыңнан асып жатқаны туралы екінші "ақпаратқа" келсек, америкалық БАҚ-тың оны қалай ұсынып жатқаны қызық.

Мысалы, беделді Huffington Post былай деп жазады:

"Соңғы өршудің кейбір себептерін мамыр айының соңындағы Еске алу күнін мерекелеуге дейін бақылауға болады". CNN:

"Трамптың маскаға қарсы крест жорығы оны "шағу" үшін қайта оралды". The New York Times:

"Сауалнама көрсеткендей, көптеген америкалық ер-азаматтар маска тағуды әлсіздік деп санайды және президент Трамптың маска тағудан бас тартуы да бұл әлсіздердің әрекеті дегенді меңзеп тұр".

Жүз мыңдаған, тіпті, миллиондаған америкалық сақтық шараларына салғырт қарап, ешқандай коронавирус жоқ секілді жүр. Барлық сыртқы бақылаушылар мұның ақыры жақсы болмайтынын және вирустың қайта өршуіне алып келетінін айтқан болатын. Енді вирус жұқтырғандар саны артып жатқанда, оның негізгі себебін айтуға болмайтыны белгілі болды.

Сол себепті прогрессивті аналитиктер халықтың түкке қажетсіз ерлігі (халық мүлде басқа), Трамптың жауапсыздығы және мамырдағы Еске алу күнін кінәлі етіп, тіпті соқырға көрініп тұрған айқын себептерді атағысы келмейді.

Бұл екі мысал да бір құбылыстың – ауқымды әрі қорқынышты құбылыстың белгісі секілді. Оны қысқаша "эмоциялық қауіпсіздік идеологиясы" деп атауға болады. Бұл идеологияға сәйкес, нысандағы аудиторияның эмоциялық қолайлылығына зиян келтірмейтін және оның көзқарастарына қайшы келмейтін фактілер мен логикалар ғана "тірі қалады". Нысандағы аудитория үшін "америкалықтардың бас терісі үшін орыстардың ақы төлеуі" туралы ойдың ақылға қонымсыздығы және Америкадағы коронавирустың өршуіне не себеп екені туралы ақиқат маңызды емес.

Сол себепті, кез келген жағдайда "Ресей мен Трампты айыпта" деген ұстаным бар.

Бұл Американың алдында тұрған шынайы проблемаларды шешуде еш көмектеспейтіні анық. Есесіне, америкалық қоғамның ішіндегі прогрессивті күштердің белсенділігін арттырады және қазіргі ел президентінің қарсыластарына оны орнынан алып тастауға ықпал етеді.

107
Кабул тұрғындары

Сайлау қарсаңында Трамптың беделін түсірудің айла-амалы қандай?

72
Мұхиттың арғы бетіндегі ең ықпалды басылым The New York Times Америкадағы сайлау қарсаңында антиресейлік дауды бастауға кезекті әрекетін жүзеге асырды. Дәл осы БАҚ арқылы Ресейге қарсы ақпараттық шабуыл жасалды

Негізгі мақсат – Дональд Трамптың беделін түсіру және Ресейге қарсы кезекті санкциялардың қабылдануына қол жеткізу. Бұл жолғы себеп-сылтау да ерекше. Америкалық барлау қызметіндегі өзінің анонимдік ақпарат көзіне сүйене отырып "Ресей америкалық әскерилердің көзін жойғаны үшін ауғандық жауынгерлерге құпия түрде сыйақы жариялады. Трамп әкімшілігі барлау қызметінің адам сенгісіз тұжырымына қандай шара қолданарын шеше алмай, бірнеше ай бас қатырды".

Америкалықтардың көзқарасы бойынша, егер, олар The New York Times басылымына сенген болса, жағдай қорқынышты және қор қылайтындай-ақ: бұл сипаттамада Ресей Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың жандайшабы болса, ауғандық жауынгерлер өлтірілген янкилерді қанды рубльдерге айырбастап жатқан табыс көруші екен-мыс. Мұның барлығы Трамп әкімшілігінің еш әрекет жасамауы жағдайында орындалып жатқан көрінеді.

Өзін әлемнің көшбасшысы санайтын елдің азаматтары Американың ең беделді басылымында мынандай ақпаратты оқығанда қандай сезімде болатындарын елестетудің өзі қорқынышты:

"Шенеуніктердің хабарлауынша, барлау қызметінің тұжырымы туралы мәліметтер президент Трампқа жеткізілді және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі наурыз айының соңындағы ведомствоаралық жиында бұл проблеманы талқылады. Шенеуніктер орындалуы ықтимал болжамды әрекеттер тізімін әзірлеп қойды. Ол тізім Мәскеуге дипломатиялық шағым жолдаудан бастап күшейтілетін санкцияларды және тағы басқа әрекеттерді қамтиды. Алайда, шенеуніктер Ақ үй әлі қандай да бір қадамды мақұлдамай отырғанын айтады.

Америкалық және НАТО-ның басқа да әскерилерін өлтіруді ынталандыру бойынша операция америкалық және ауғандық ресми тұлғалардың "Талибан" қозғалысына Ресей тарапынан қолдауы деп атауының маңызды әрі арандатушылық сипаттағы күшеюі болар еді. Әрі десе, ресейлік шпиондық бөлімше батыс әскеріне қарсы шабуыл ұйымдастыруының алғаш рет анықталуы осы болар еді".

The New York Times атын құпия сақтауды жөн көрген америкалық әскери қызметшілердің сөзінен құрастырған Ресейге қатысты мұндай медиалық "айыптау актісіне"  бірнеше түсіндірме мен ескертпе енгізген жөн.

Біріншісі: 1990 және 2000 жылдары мыңдаған ресейлік азаматты өлтірген террористерге АҚШ, соның ішінде америкалық медиа көрсеткен медиалық, логистикалық, дипломатиялық және ақпараттық қолдаудан кейін басқа елдің территориясын жаулап алушы болып табылатын Құрама штаттарының әскерилеріне қатысты жоғарыда аталғандай қитұрқы әрекет жасалған күннің өзінде АҚШ-тың шағымдануға ешқандай моральдық құқығы жоқ.

Оның үстіне, әдеттегідей, Ресейге қатысты тағылған бұл айыптың ешқандай дәлелі жоқ.

Екінші ескертпе: империялығы мен орыс халқына фобиялылығы үшін нью-йорктық журналистердің оң көзқарасына ие америкалық истеблишмент мәселесі әлі күнге шешілмеген террористік проблема сипатындағы бүгінгі Ауғанстанды құрушы өзі екені анық. Ауғандық, тіпті, ауғандық қана емес, басқа да террористік қозғалыстарды америкалық қаражатқа және америкалық қару-жарақпен америкалық мамандар құрғанын дәлелдейтін фактілер анықталған. Айта кету керек, мысалы, 2001 жылғы бәрімізге белгілі жайтқа дейін Бен Ладен мырза жылдар бойы америкалық БАҚ пен саясаткерлердің сүйікті одақтасы болып келді.

Сонда АҚШ түрлі елдерде азаматтық соғыс, жаппай қыру және терроризмнің қанат жаюына алдымен жағдай жасайды да, кейіннен, бұл әрекеттерінің күтпеген салдары америкалық әскерилердің өліміне және Құрама Штаттарының халықаралық аренада ұятқа қалуына алып келген кезде америкалық медиалық-әскери кешеннің қабырғаларында барлығына Ресей кінәлі және тез арада оған қатысты санкция енгізу қажеттілігі туралы күңкіл естіле бастайды.

Алайда, жақсы жаңалық та жоқ емес.

Егер, бұған дейін NYT немесе The Washington Post секілді басылымдарда тұрақты жарияланып келген америкалық қарулы күштер саласынан ұсынылған мұндай ақпараттарға деген көзқарас ауқымды сипатқа ие болып, кең талқыға салынып, Трамп әкімшілігі өзін қоғам алдында қалай да ақтап алуы үшін тез арада Ресейге қарсы кезекті санкция енгізуіне алып келсе, бүгінде жағдай мүлде басқаша.

"Рашагейт" пен Ресейге қарсы жалған мәліметтері бар фейк айыптаулар мен жасанды баяндаулар жылдары өз мәресіне жетті: Америка қоғамының ауқымды сегменті өз бұқаралық ақпарат құралдарына және өз қарулы күштеріне сенбейді. Ал, саясаткерлерге беделді медиа мен оның ақпарат көздерін жалған мәліметтері үшін айыптап қана қоймай, дәл осы бағалауға сәйкес әрекет етулеріне мүмкіндік береді.

Радиолокациялық станция
© Photo : Министерство обороны Республики Казахстан
Президент Дональд Трамп айыптауға твиттер арқылы жауап берді: "The New York Times-тың фейк жаңалықтары өзінің құпия ақпарат көзінің атын атауы қажет. Олардың мұны жасай алмайтынына бәс тігемін. Себебі, ол адам ойдан құрастырылған!".

АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры міндетін атқарушы Ричард Гренелл осы мәселе бойынша Демократиялық партия мүшесі – конгрессменмен әлеуметтік желіде сөз таластырып қалды. Ол конгрессменді барлау мәліметтерін саяси мақсатта қолданды деп айыптады.

"Мен бұл жайлы ешқашан естіген емеспін. Сіздердің барлау қызметін саясиландырып жатқандарыңыз жиіркенішті жағдай. Сіздер өңделмеген барлау ақпараты қаншалықты тексерілетінін түсініп тұрмаған боларсыздар. Анонимдік ақпарат көздерінен журналистерге қандай да бір мәліметтің ұсынылуы өте қауіпті. Себебі, сіздер секілді адамдар оны саяси пайда үшін қолданады".

The New York Times мақаласындағы президентке қатысты жазылған мәліметтерді америкалық барлау қызметі ресми түрде жоққа шығарып та үлгерді. Теория бойынша барлығы осылай болуы керек екені түсінікті. Бірақ, шындықтың мұндай шағын үлесінің өзі заманауи Америка үшін ғажайып құбылыспен пара-пар.

Айтқандай, егер америкалық журналистер отандас әскерилерінің өліміне алып келген арандатушыларды көргісі келсе айнаға қараулары керек. Адам өлтіргені үшін ақы барлық кезде материалдық сипатта бола бермейді.

Тәжірибе көрсеткендей, атақ пен қоғам ықыласына бөлену мүмкіндігі қомақты қаражатқа қарағанда терроризмді әлдеқайда тиімді ынталандырғыш болып табылады. Америкалық полицейлерді, сондай-ақ, консерваторлық құндылықтарды жақтаушылар мен "трампшыларды" әзәзіл әрі азғын еткен The New York Times пен америкалық басқа да БАҚ оларға қарсы эмоциялық, психологиялық, тіпті, физикалық күш қолданғандарға қандай да бір "эмоциялық марапат" уәде ететін көрінеді.

Барлық дерлік америкалық медиа арандатушысы ретінде пікір білдірген жақында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлердің қаны либералды және ілгерішіл америкалық журналитердің қолында екені анық.

Алайда, мұндай журналистер үшін америкалық полицейлердің өмірі маңызды емес. Ал, антиресейлік санкцияға себеп іздегенде немесе Демократиялық партияның мүдделерін қорғағанда олар америкалық сарбаздардың мәйітін жұрт алдында жоқтауға дайын.

Мұндай жалған ақпарат таратушы медиа құрылымдарға сенетіндер саны АҚШ-та да, әлемде де азайып келе жатқаны таң қаларлық жағдай емес. Негізінен, америкалық ықпал мен ұлылыққа қарсы сөз байласу тап осы The New York Times редакциясының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

72
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

139
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

139
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?