Сирияның қазіргі жағдайы қалай?

© Sputnik / Mikhail Voskresensky / Медиабанкке өтуРайон Джобар в пригороде Дамаска
Район Джобар в пригороде Дамаска - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия Араб Республикасында бейбіт өмір бірте-бірте реттеліп келеді. Осы елде қалған террористік топтардың қарсылығына қарамастан әскери патрульдер күшейіп жатыр. Ал қақтығыс аймақтары азаюда

Бүгінде содырлардың сан алуан топтары анда-санда көрініп қалады. Олардың ішінде "Ислам мемлекеті*" ұйымы бар. Ресейдің қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 2019 жылдан бері "Ислам мемлекеті*" Сирия Араб Республикасында бақылауда ұстаған жерлерінен айырылды, бірақ басқа террористік құрылымдардың ықпал ету аймақтары бар.

Сириялық босқындар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
ТМД елдері Сирия мен Ирактағы балаларды бірлесіп қайтармақ
Ал ресейлік әскерилердің басым бөлігі Идлиб аймағында шоғырланған. Сол жерде Ресей мен Түркия жауынгерлері М-4 тас жолын бірлесіп күзетіп жүр. 2020 жылы 5 наурызда екі елдің президенттері тиісті келісімге қол қойған. Келесі күні әскери іс-әрекетті доғару режимі күшіне енді. Лаңкестік топтар бейбіт процесті бұзуға тырысса да, ашық күреске шыға алмай отыр. Себебі күші аз.

16 маусымда ресейлік және түрік әскерилерінің бірлескен патрулі кезінде Эриха мен Урум-әл-Жауза елді мекендерінің арасында содырлар теракт жасауға тырысты. Қолдан жасалған жарылғыш заттың салдарынан М-4 тас жолында ресейлік бронетранспортерге болмашы зақым тиді. Бірлескен патрульдің жеке құрамы зардап шеккен жоқ.

Сирияның солтүстігінде Кобани қаласына жақын жерде 9 маусымда ресейлік әскери полиция жүрген жерде қолдан жасалған мина жарылды, ешкім зардап шекпеді. Ал мамырдың соңында М-4 тас жолының бойында түріктің әскери патрулі фугасқа түсті, бір әскери қаза болды.

Идлиб провинциясында ресейлік патрульдер ғана емес, Ми-8АМТШ пен Ми-35 тікұшақтары да кезекшілік атқарады.

Жалпы, САР-дағы әскери операция кезінде қару-жарақтың 300 түрі сынақтан өтті, 87 мыңнан астам содырдың көзі жойылды. Олардың ішінде ТМД елдерінен шыққан 5 мың адам бар.

Двусторонняя встреча представителей России и Ирана в рамках Астанинского процесса по Сирии - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нұр-Сұлтандағы Сирия келіссөздері аясында екі жақты кездесулер өтті
АҚШ болса, "Ислам мемлекетін* жеңдік!" деп, жер-жаһанға жар салса да, өз әскерін шығаруға асығатын емес. 16 маусымда олар әскери техника тиелген 45 жүк машинасын, 7 брондалған машина мен жанар-жағармайы бар цистернаны Ирактан Сирияның солтүстік-шығысына жіберді. Әскери колонна "әл-Валид" атты заңсыз шекара бекеті арқылы Хасеке провинциясына кірген.

Дамаск ондай әрекеттерді басқыншылық деп бағалап, Вашингтонның мұнай кеніштерін бақылауға тырысып жатқанын мәлімдеді. Ал АҚШ-тың жаңа санкциялары ең алдымен Араб республикасының бейбіт халқына қатты тиіп отыр. Себебі медициналық препараттар, компьютерлер, су тазалау жүйелері, құрылыс материалдары, электрогенераторлар және жоғары дәлдігі бар медициналық техника сияқты тауарларды кіргізуге тыйым салынды.   

* Қазақстанда және басқа бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0