Радиолокациялық станция

Ресей Балқаштағы РЛС-тан не себепті бас тартты

365
(Жаңартылды 17:58 24.06.2020)
"Воронеж" радиолокациялық станциялар желісін құрғаннан кейін көрші елдерде орналасқан ескі станцияларға қажеттілік азайып келеді. Осылайша, стратегиялық жүйені бірте-бірте технологиялық тұрғыда оңтайландыру жұмысы атқарылып жатыр

22 маусымда Ресей үкіметі зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе аясында Балқаш радиолокациялық станциясын қолдануға қатысты Қазақстанмен арадағы келісімнің күшін жоюға арналған заң жобасын Мемлекеттік думаға енгізді. Осы бастаманың арғы жағында таза технологиялық мәселе тұр. Сондықтан екі елдің стратегиялық одақтастық пен әріптестік байланыстарына сызат түспейді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Қазақстан мен Ресей ортақ қорғаныс пен қауіпсіздік кеңістігін күшейтуді жалғастыра береді.

Балқаш көлінің жағасындағы "Днепр" радиолокациялық станциясын пайдалануды тоқтату шешімі ашық қабылданып отыр. Бұл жерде ешқандай құпия саясат пен конспирология жоқ. 1970 жылы құрылған "Днепр" станциясы зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе аясында біраз уақыт жұмыс істеді және қазақ жерінде 2 500 шақырымның кеңістігін бақылап тұрды. Ал жақында Ресейдің Орск қаласында іске қосылған "Воронеж-М" радиолокациялық станциясы 6 000 шақырымды бақылай алады. Жоғары жаққа 4 000 шақырымды қамтуға мүмкіндігі бар. Осылайша, жаңа станция "Днепрден" екі жарым есеге тиімді болып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын ескі станцияны жалға алуға кететін 20 миллион доллар үнемделеді.

Негізі, зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе жердегі және ғарыштағы эшелондардан тұрады. Жер бетіндегі желіге "Воронеж" радиолокациялық станциялары кіреді. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, станциялар жеті аймақта орнатылды. 2022 жылға дейін тағы екі өңірде жаңа станциялар бой көтереді. Соның арқасында зымыран-ғарыш қорғанысы күшейе түседі. Ал ескі станцияларды сөндіріп тастайды. Мәселен, 2012 жылы Әзербайжандағы "Дарьял" радиолокациялық станциясын пайдалану жұмысы тоқтатылған болатын. Қазақстандағы "Днепр" де солай болады.

Ескі станциялардың жұмысы тоқтатылса да, Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігі әлсіремейді. Ресейде жаңа станциялар шоғырланады. Бірақ барлығы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен ТМД елдеріне қызмет етеді. Былайша айтқанда, қорғаныс жағынан "ортақ мүлік" болады.

Зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйенің негізгі мақсаты – Ресейге және ТМД елдеріне жасалатын зымыран шабуылын жоғары дәлдікпен анықтау. Осылайша, басқару пунктеріне баллистикалық зымырандардың ұшырылғаны туралы ақпарат түседі. Агрессияның шыққан жері, соқының ауқымы мен уақыты – бәрі-бәрі анықталады. Содан мемлекеттік деңгейде шұғыл шешімдер қабылданады.

Жер бетіндегі эшелонға "Контейнер" атты радиолокациялық станция да кіреді. Ол бір уақытта 5 000 әуе нысанға дейін анықтап, бақылай алады. Соның ішінде көзге көрінбейтін ұшақтар, "Томагавк" зымырандары мен гипердыбыстық нысандар бар. Батыс, шығыс, солтүстік-батыс пен оңтүстік бағыттарда осы іспетті төрт станция салынады деген жоспар бар.

Ал "Воронеж" радиолокациялық станциялары бір уақытта 500 нысанға дейін бақылай алады. Олар – баллистикалық зымырандар, ғарыш пен аэродинамикалық нысандар. Заманауи станциялардың дәлдігі де өсе түсті. "Воронеж" станциясына 30 технологиялық аппаратура кіреді. Бұл "Дарьялда"  4 000-нан астам болған. Жаңа станцияның энергияны тұтыну көлемі – 0,7 МВт. ("Днепр" – 2 МВт, "Дарьял" – 50 МВт). Сосын жаңа радиолокациялық станцияларды пайдалануға көп маманды тартудың қажеті жоқ. 15 адам барлық жұмысты істей алады. "Воронеж" үлгісіндегі станцияны пайдаланудың максималды мерзімі – 25 жыл.

Жаңа станцияның негізгі ерекшелігі сол, оны жаңа жерде 18 айдың ішінде құрастыруға болады. Бұрын "Дарьял" мен "Днепрді" 5-9 жыл бойы жинаған. Ресейдің қорғаныс министрлігі кеңестер кезінде салынған барлық станцияны "Воронеж" станцияларымен алмастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе 1976 жылы пайдалануға берілген болатын. Оның құрамында "Днестр" мен "Днепр" радиолокациялық станциялар желісі болған. Зымыран шабуылы туралы ескертетін ресейлік жүйеге ұқсас станциялар АҚШ пен ҚХР-да бар. Ресей оны да құруға атсалысып жатыр.

365
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, байланыс
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ЖЭС-ін қайта құру мәселесін талқылап жатыр
Лавров Тоқаевпен Байқоңыр мәселесін талқылауы мүмкін – Притчин
Омбы институты екі қазақстандық кемені байланыс құралымен жабдықтайды
Әбішев тегін ұялы байланыс пен интернетті кімдер пайдалана алатынын айтты
Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді
Триумф С-400 қондырғы кешені

Түркия С-400 зымыран жүйесінің кезекті сынағын өткізіп жатыр

24
4 шілдеден бастап Түркия Мюртед әуе базасында түрлі биіктік пен қашықтықтан ұшуларды орындайтын F-16 мен F-4 жойғыштарына қарсы С-400 ресейлік зениттік зымыран жүйесінің (ЗЗЖ) кезекті сынағын өткізіп жатыр

Анкара ресейлік ӘШҚ-ЗШҚ жүйелерін пайдаланғаны үшін қабылданатын санкциялар туралы Вашингтонның көптеген ескертпесін елеген жоқ.

"Триумфты" америкалық өндірістің "туындысы" F-16 Viper мен F-4 Phantom II жойғыштарында тестілеу де жай сәйкестік емес. Өткен жылы АҚШ-тың мазасызданғанына қарамастан, түрік мамандары Анкараның қақ төбесінде түрлі биіктікте С-400 жүйесін америкалық F-16 жойғыштарына қарсы сынақтан өткізген болатын. "Триумфтердің" көпсатылы сынақтары 2020 жылдың қараша айына дейін жалғасады.

С-400-ді жеткізу өткен жылдың жазында басталып, Анкара мен Вашингтон арасында шиеліністің ушығуына алып келді. Америкалықтар түрік серіктестерінен келісімшарттан бас тартып, оның орнына Patriot кешендерін сатып алуды талап етті. Түркияны F-35 жойғыштары өндірісінің бірлескен бағдарламасынан шығарып тастаймыз деп те қорқытты. Анкара әскери-саяси қысымға морт сынбай, америкалықтардың талаптарын орындаудан бас тартты және "Триумф" альянсқа еш қауіп төндірмейтінін бірнеше рет атап өтті.

Ресей Түркияға сомасы 2,5 миллиард долларды қамтитын С-400 төрт дивизионын жеткізуге арналған алғашқы келісімшартты өткен жылдың қарашасында орындады. 2020 жылдың маусым айында Анкара мен Мәскеу "Триумфтердің" екінші кешенін жеткізу туралы келісімшарт жасасты.

Дәл осы сәтті Түркия Республикасы қорғаныс өнеркәсібі хатшылығының басшысы Исмаил Демир "С-400 жүйесі қолдану үшін сатып алынуда. Нүкте" деген болатын. Ал АҚШ-та өз әдетіне салып, түрік жерінде "Триумфтың" көзін жоюға тырысып бағуда: оны өздері сатып алуды ұсынуда, америкалық кешендермен алмастыруын талап етуде және жаңа санкциялармен қоқан-лоққы көрсетуде.

Түркиядағы С-400 сынақтары нысанды анықтау қашықтығы, ілесіп ұшу беріктігі, нысанды жою тиімділігі секілді әскери параметрлерін нақтылау үшін жүргізіліп жатыр. Анкара маңында орналасқан Мюртед әуе базасындағы ресейлік зениттік зымыран жүйелері F-35 пен F-22 ұшақтарын қоса алғанда, шынайы аэродинамикалық нысандарда тестіленуде. Белгілі болғандай, құпия әрі радарға "көрінбейтін" америкалық бесінші буын жойғыштар "Триумфтың" анықтау және жою радиусында үш рет пайда болған. Қара теңіз бен Түркия аумағынан Таяу Шығыс елдеріне жеткізу барысында АҚШ әскери-әуе күштерінің F-35 пен F-22 маршруты Мюртед қаласынан 200 километр қашықтыққа созылып жатыр.

С-400 зымыран жүйесі
© Sputnik / Сергей Пивоваров
FighterJetsWorld басылымының мәліметі бойынша, ӘШҚ бойынша түрік мамандары РЛС-ті түрлі режим мен түрлі биіктікте тексеріп жатыр. Түркия тарабы ресейлік С-400-ді америкалық бесінші буын жойғыштарында тексеру нәтижелерімен бөліскен жоқ. Алайда, әскери сарапшы Виктор Баранецтің мәліметі бойынша, аталған тексеруге қатысқандардың бірі "Рособоронэкспорт" өкілімен әңгіме барысында "Америкалық ұшақтар радарларда қабырғадағы шыбын секілді көрініп тұр" дегенді айтқан. Наразылықтардың жоқтығын есепке алсақ, "Триумфтар" Анкараның көңілінен шыққанын пайымдауға әдбен-ақ болады.

Түркияның қорғаныс ведомствосы бұған дейін С-400 жүйесін тестілеу сәтті өтіп жатқанын хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес, ресейлік жүйе РЛС әрекет ету аумағының шекарасында – 600 километр қашықтықта F-16 FightingFalcon жойғышын анықтаған, шағын биіктікте барлық нысандар табылған. "Триумф" шекті қашықтықта төртінші буын қаруы саналатын бомбалаушы жойғышты тауып қана қоймай, ол жою аумағына кіргенге дейін зымырандарды нысанға жөнелтуге тұрақты дайын тұрады. Яғни, әскери кезекшілік кезінде 16 FightingFalcon ұшақтары 400 километр қашықтықта автоматты түрде жойылады. Еске салсақ, бір дана F-16 жеңіл жойғышының құны 50 миллион долларға дейінгі соманы құраса, F-35 – екі есе қымбат.

"Мюртед" әуе базасындағы сынақтар америкалық авиция жойғыштарының абыройына үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Әйтсе де, Анкарамен қырық пышақ болып жауласу Вашингтон мүддесіне сәйкес келмейді. Түркия аумағындағы америкалық ядролық қару-жарақтың Инджирлик әуе базасы бар. Бұл қауіпті аумақтағы АҚШ ӘӘК негізгі тірек пункті. Геосаяси тұрғыдан АҚШ пен НАТО үшін Түркияның маңызы зор. Сондықтан, ол альянстағы жағдайға ықпал ете алады. Анкараның Мәскеумен жақындасуы оны батыс серіктестерінің қысымынан төтеп беретіндей қауқарлы болуына ықпал етіп тұр.

С-400-ді сатып алғаны үшін Вашингтон түріктердің F-35 бағдарламасына қатысуын уақытша тоқтатты. Анкара "жазаланды", бірақ, бағдарламадан шығарылған жоқ. Осы шектеуден кейін Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы Ресейден Су-35 және Су-57 жаңа жойғыштарын сатып алу мүмкіндігі туралы мәлімдеді. МАКС-2019 әуе салонында Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызмет директоры Дмитрий Шугаев аталған мәселенің шынайылығын растады. Сондықтан, алдын ала болжамды бүгіннен жасауға болады.

Түркияның әскери техниканы сатып алу әлеуетіне әділ баға берсек, онда республиканың қорғаныс қабілетінің сапалы өсімі байқалады: "Триумфтың" бір батареясы 72 бағытталған зымыраны бар және бір уақытта 36 нысанның көзін жоя алады. Түрлі типтегі зымырандар желісі 5 метрден 30 километрге дейінгі диапазонда бомбалаушы жойғыштарды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, қанатты, тактикалық және баллистикалық зымырандарды жоюға мүмкіндік береді. "Триумф" жүйесі түрлі қашықтықтағы зениттік кешендерді біріктіре алады және ӘШҚ құралдарының желісін басқара алады. 

Қазір жаңа мүмкіндіктер дәуірі туды. Анкарада "Прометей" С-500 ресейлік зениттік зымыран жүйесін сатып алу талқыланып жатыр. 

24
Көзілдірік пен газеттер

Жаңалыққа қарсы насихат: батыс БАҚ-ының позициясы қандай?

6
(Жаңартылды 18:24 10.07.2020)
Аудиторияға мейлінше кең әрі әрқилы жаңалықтарды жинақтау мен жеткізу төртінші билік өкілдерінің бір міндеті десек , батыстық БАҚ өз қызметін уақыт өткен сайын нашар атқарып келеді

"Россия сегодня" ХАА "Осьминог 2.0. Ресейдегі коронавирус" атты зерттеу ұсынды. Аталған жұмыс батыс (басқа да) БАҚ-тарындағы Ресейдің бет-бейнесіне арналған. Бұл жолы пандемия нысанға алынғанымен, "Үлкен жетілік" қана емес, ауру бастау алған Қытай медиасы да қамтылды.

Себебі, қытайлық медиа бойынша статистика батыс басылымдары жариялайтын ақпарат аясында өзгеше сипат алып келді.

Жалпы, "Осьминог 2.0" айтарлықтай жаңалық ашқан жоқ: батыстық БАҚ COVID-19 ауруын антиресейлік насихатты жалғастыруға арналған кезекті ақпараттық сылтау ретінде қолданған.

Бұл жолы да америкалықтар көш бастап тұр – қамтылатын аудиториясы бойынша жетекші америкалық БАҚ-тағы аталған тақырып бойынша жарияланымдардың 58%-і негативті сипатта болған. Одан кейінгі орында тұрған германиялық медиадағы көрсеткіш – 44%, канадалықтарда – 41%, британдықтарда – 38% құрап отыр.

"Жетіліктің" қалған үш мемлекетіндегі Ресейге қатысты негатив бойынша бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен: Жапонияда – 33%, Италияда – 28%, Францияда – 21%.  

Оң сипаттағы ақпараттар үлесі тіпті нашар – 1-ден 5%-ке дейін. Бұл сатыда Италия ерекшеленіп тұр. Мұнда Ресей мен коронавирус жайлы позитивті сипаттағы жарияланымдар үлесі 9% құрап отыр. Алайда, пандемиямен күресте италиялықтарға Ресей көрсеткен көмектің (медициналық ресурстар мен дәрігерлер жөнелту) рөл ойнағанын түсіну қиын емес. Сол себепті БАҚ беттеріндегі жағымды мақалалардың құрауышы салыстырмалы түрде артық.

Брақ, бұл сандардағы басқа аспект қызықты болып тұр: олар ағымдағы жағдайдың ең өзекті геосаяси трендтерін айқындап тұр. Бір жағынан, ағылшын-сакстар антиресейлік шабуылдың шебінде тұрып, оның қозғаушы күші болып отырса, екінші жағынан, орыс фобиясына қатысты бейтараптылықты ұстануға тырысатын өз одақтастарын жоғалтуда. Әрине, бұл ақылға қонымды. Себебі, 2014 жыл алысқа ұзағалы қашан.

Сандар көрсеткендей, Германия ең алдымен өзі үшін қиын жағдайда тұр. Немістердің жетекші БАҚ-тарының антиресейлік белсенді позициясы мемлекеттік-саяси бағытқа қарсы келуде. Олай дейтініміз, Берлин Мәскеумен бірлескен жобаларды қорғап әрі дамытып қана қоймай, сатылы түрде АҚШ-тың жартылай басқыншылығынан құтылуға әрекет етіп жатыр. Алайда, медиа саласында жетекші басылымдардың ұлттық мүдде емес, вашингтондық "басшылардың" мүддесі үшін әрекет етіп жатқаны байқалады.

Нақты тақырыптарға келсек, антиресейлік-ковидтік насихат өз мазмұнымен ерекшеленбеді. Мұнда да бәз баяғы "хикая желісі" қолданылған. Яғни, Ресей кезекті рет құрдымға кетіп жатыр және ол бұрынғыдай әлем үшін үлкен қауіп төндіруде.

Негізінен, бұл елдегі жалпы жағдайға, отандық денсаулық сақтау саласына, пандемиямен күресте ресейлік билік әрекеттеріне қатысты сын сипатында болды. Жағдай ушығып, кез келген уақытта Ресейдің шаңырағы ортасына түсуі мүмкін деген болжамдар да жасалды. Ал, ғаламшарға қатысты қауіпке келсек, онда бұған қатысты да еш жаңалық ойлап таппаған: басты айыптау – Мәскеу пандемия туралы жалған ақпарат тарататын науқандар өткізуінен басталып, Ресейдің қол жуу аурудан сақтамайтыны туралы ақпарат таратып, адамзатты адастырып жатқанына дейін қамтылған.

Қытайлық БАҚ-та проблеманы жариялау сипаты өзгеше. Мұнда мәселе Ресейдегі коронавирус туралы позитивті жарияланымдардың 20% үлесінде немесе негативті жаңалықтардың жоқтығында емес. Басты ерекшелік аталған тақырыпта жазылған мақалалар санында болып тұр. Қарастырылған мерзім – наурыздан маусым айына дейінгі аралықта Қытайдың жетекші 5 медиаресурсында эпидемияға қарсы ресейлік әрекеттер жайлы 1 200-ден астам мақала шыққан. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл көрсеткіш Канадада – 238, Италияда – 371, Жапонияда 470 болса, америкалықтар 428 мақаласымен жалпы тізімнің бесінші орнында тұр.

Анықталғандай, үш айдың ішінде қытайлық БАҚ "Ресейдегі коронавирус" тақырыбы бойынша ғаламшардағы ең қуатты әрі мықты саналатын америкалық медиадан үш есе көп мақала жариялаған. Айта кету керек, қытайлық жарияланымдардың 80%-і бейтарап ақпараттық сипатта болған. Яғни, ақпараттық хабарламалар жайлы сөз болып отыр.

Бұл Қытайдың Ресей ісіне ерекше назар аударуынан болып отыр десек жаңылысқан болар едік. Мәселе қытайлық БАҚ-тың батыстағы әріптестеріне қарағанда әлдеқайда көп ақпараттар легін өткізетін тиімді жұмысы жайында болып отыр.

Бұл батыстағылардың ақпараттық көшбасшы мәртебесінен айырылып қалу үрейін растайды. Әрине, аудиторияға жеткізу үшін олар анекдотқа тән үлгіде болғанымен, астарында негіз бар.

Бір кездері батыс өз түсінігінде мінсіз көшбасшы әрі өзгелерге үлгі боларлықтай бұқаралық ақпарат құралдарын құрды. Идеологиялық және геосаяси қарсыластарына қарсы жүргізілген күресте сөз бен ақпаратты тарату еркіндігі батыстың басты артықшылығына айналды.

Бірақ, қазіргі жағдай мүлде басқаша. Уақыт өткен сайын батыс БАҚ-тарына мейлі ол Қытай болсын, Ресей болсын, ақиқатты айтатын медиамен тайталасу қиын болып барады. Америкалық және еуропалық саясаткерлердің "Кремль медиақармауы" туралы дүрлігуіне тоқтаусыз күлуге болады. Бірақ, RT пен Sputnik жаңалықтары Еуропаның танымал ақпараттық ресурстарына қарағанда оқырман тарапынан жиі байланыс алуда. Қытайлық 1 200 хабарламаға бір ғана бағдарда жазылған америкалық 450 мақаланың қарсыластығы да жоғарыда аталған процестің айқындығын растап тұр.

 

6

Дәріні ұшақпен қалай тасымалдау керек - видео

0
Бүгінде дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кейбір медициналық препараттарды табу қиын. Алыпсатарлар да көбейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik,Арман Асқар. Туған-туысқанына көмектесеміз деген қарапайым адамдар бір қаладан тауып алған дәріні басқа қалаға беріп жіберуге тырысады. Әуежайға барып, жолаушыларға жалынады. Sputnik Қазақстан тілшісі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда болып, дәрі-дәрмекті тасымалдау тәртібін біліп қайтты. Жолаушылардың өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қатысты ойын да сұрады. 

Ұшаққа қалай кіргізеді

Әуежайдың тексеру қызметінің бастығы Серікбол Сәдуақасовтың айтуынша, әрбір жолаушы тек өзіне қажетті дәріні ғана ұстап жүре алады. Өзге біреудің медициналық препараттарын тасымалдауға болмайды. Жолжүкте артық дәрілер анықталса, әуежай қызметкерлері хаттама толтырып, препараттарды қоймаға апарып қояды. Оны хаттаманың көшірмесімен 30 күннің ішінде алып кетуге мүмкіндік бар.  

"Негізі, медициналық препараттарды аз мөлшерде ғана алып жүруге болады. Ол адамның қолжүгінде болуы керек және нақтылануы керек. Яғни, дәрігердің нұсқауы болуы шарт. Рецептпен бірге ұстайды. Сосын "обезболивающий" дейміз ғой. Сондай препараттар аз мөлшерде, бір-екі таблетканы өткізуге болады", - дейді Сәдуақасов. 

Жеткізіп беруге дайынбыз

Жолаушылардың көбісі ережені білмейді. Бірақ өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қарсы емес.

"Адамдар ауырып жатыр. Оларға көмектесу керек. Ал бір жағынан қарағанда, қазір әр түрлі махинациялар жасап жатыр ғой. Дәрілерді қымбатқа сатуда. Бәлкім, контрабанда жасайтын шығар. Оны білмейміз ғой. Негізі, көмектескен дұрыс. Бірақ оны адамдар емес, мемлекет істеу керек қой", - дейді олар.

Сұхбат берген жолаушылардың басым бөлігі дәріні жеткізіп беруге келісті. Дегенмен, шұғыл пошта қызметін қолдануға кеңес бергендер де болды.

Дәрі-дәрмек тапшылығы қашан шешіледі

Халыққа үндеу жасаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бүгінде медициналық препараттарды сертификаттау, жеткізу және сатып алу  жеңілдетілді. Осының арқасында қажетті дәрі-дәрмекті ауруханалар мен дәріханаларға дер кезінде жеткізуге мүмкіндік бар.

Қазірдің өзінде стационарлар үшін шамамен 30 мың науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70 процентке көп. Бөлшек сауда желісіне де медициналық препараттар түсіп жатыр. Парацетамолдың 800 мың қаптамасы жеткізілді. Осы аптаның аяғына дейін тағы 900 мың қаптаманы әкеледі. Ал антибиотиктердің 150 мың қаптамасы дәріханалар желісіне тапсырылды. 

Мемлекет басшысы халықты дүрбелеңге салынып, дәріні артығымен алмауға үндеді. Себебі одан тапшылық басталады.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, видео, дәрі, ұшақ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді