Америкалық F-35 ұшағының кілтипаны қандай?

© AP Photo / Ross D. FranklinСамолет F-35A Lightning II
Самолет F-35A Lightning II - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-та F-35 Lightning II тікұшағын озық әуе техникасы ретінде таныстырса да, оның шикі тұстары аз емес. Физика заңдарын алдай алмайсың. Америкалық авиаконструкторлар бар күш-жігерін салғанымен осы іспетті аса қымбат жобалар ақталмай отыр

Жақында The Aviationist басылымы Эдвардс әуебазасының маңайында F-35A Lightning II жойғыш ұшағын B61-12 термоядролық бомбаны қолдану жағынан сынақтан өткізгені туралы хабарлады. 2023 жылы қаңтарда ядролық қаруды алып жүре алатын әскери ұшақты сертификаттаудан өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, F-35А жойғыш ұшақтары термоядролық бомбаларды алып жүруге және қолдануға мүмкіндік алады. Оған қоса, B61-12 әуе бомбасын да жаңартты.  Оның қуатын 50 килотоннаға дейін арттыруға болады. Дәлдеу жүйесі де жетілдірілген.

АҚШ-та әскери ұшақ көліктер жүріп жатқан жол үстіне құлады - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ-та әскери ұшақ көліктер жүріп жатқан жол үстіне құлады - видео
F-35 Lightning II көпмақсатты бомбалаушы жойғыш ұшағын құру бағдарламасының құны, шамамен 1,3 триллион долларды құрайды. Негізі F-35-тің сан алуан модификациялары 2011 жылдан бері шығарылады. Бастапқыда мамандар осы машинаға үлкен үміт артты. Алайда іс жүзінде ол сенімді ақтамаған сияқты. Бұған дейін Пентагонга жақын Defense News басылымы F-35 Lightning II ұшағының шикі тұстарын жариялаған болатын. Оған сәйкес, F-35 жойғыш ұшағының жылдамдығы жаман емес. Толық форсажда бір минутқа жетпей, жоғары жылдамдыққа жете алады. Алайда 1 Махтан астам жылдамдықта бір минуттан кейін корпустың қызып кеткен тұсы шашылады, ал 1,6 Махтан кейін ұшақтың құйрығы сынып кетуі әбден мүмкін.

Негізі 5-ші буынға жататын жойғыш ұшақтың тұрақты жылдамдығы 1,4 Махтан төмен болмауы керек. Демек, технологиялық жағынан ешқандай өзгеріс болған жоқ. Ал F-35 ұшағы 4-ші буыннан шыға алмады.

Оқи отырыңыз: Су-35 ұшағы Сирия аспанында АҚШ барлау ұшағын бірнеше рет ығыстырды

Соңғы бір жылда мамандар F-35 ұшағының негізгі кемшіліктерін беске дейін азайтты. Алайда 100 миллион доллар тұратын машина үшін ол да көп болып тұр. Пентагон болса, экплуатациялық сипаттамасын шұғыл түзетіп шықты. Енді, F-35 дыбыс жылдамдығына дейінгі ұшақ болып саналады және қысқа қашықтықта жоғары жылдамдыққа жете алады. Дегенмен, тым жоғары жылдамдықтың салдарынан арнайы стелс-қаптамалар мен құйрық жағындағы көптеген антенналар бұзылады. Осыған байланысты F-35B пен F-35C жойғыш ұшақтарының 1,2 Махпен қанша уақыт жүре алатынын нақты нұсқаулықпен бекітілген. F-35A нұсқасы да баяу ұшады, радарға да көрінеді.

24 маусымда Air Force Magazine журналы әскери ұшаққа қатысты тағы бір жаңалықты жариялады. Сөйтсе, F-35A үлгісіндегі америкалық жойғыш ұшақтармен найзағайлы бұлттарға 25 мильден (шамамен 40 шықырым) кем қашықтыққа жақындауға болмайды. Себебі инертті газды генерациялау бойынша борттық жүйенің (OBIGGS) конструкциясына байланысты атмосфералық электр разрядтан жанар-жағармай бактары жарылып кетуі мүмкін. Бұған дейін OBIGGS жүйесіне қатысты сын-ескертпелер айтылған. Ал 2014 жылы оны модернизациядан өткізген болатын. Алайда жарылыс қауіп жойылған жоқ.

Архивное фото истребителя Су-27 - Sputnik Қазақстан
Жылдамдығы дыбыспен деңгейлес F-35 ұшағы: бағасы мен сапасы сай ма?
АҚШ F-35 жойғыш ұшағын еуропалық одақстарына сатуға тырысып келеді. B61-12 термоядролық бомба да соларға арналған. 2020 жылы сериялық өндіріс іске қосылады. Сол кезде америкалықтар Еуропадағы әскери базаларында B61-12 бомбаларын орналастыруды жоспарлап отыр.

Жалпы, АҚШ-тың авиақұрылыс саласындағы қателіктері аз емес. Бұған дейін бесінші буындағы F-22 Raptor жойғыш ұшағын құру тәжірибесі сәтсіз аяқталған болатын. Себебі бұл ұшақты радармен тез анықтауға болады. Бағасы да тым қымбат – 350 миллион доллар. 2030 жылға дейін Вашингтон алтыншы буынға жататын жойғыш ұшақтарды жасап шығарамыз дейді.

Жаңалықтар
0