Сайлау қарсаңында Трамптың беделін түсірудің айла-амалы қандай?

© Sputnik / Александр Хроленко Жители Кабула
Жители Кабула - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұхиттың арғы бетіндегі ең ықпалды басылым The New York Times Америкадағы сайлау қарсаңында антиресейлік дауды бастауға кезекті әрекетін жүзеге асырды. Дәл осы БАҚ арқылы Ресейге қарсы ақпараттық шабуыл жасалды

Негізгі мақсат – Дональд Трамптың беделін түсіру және Ресейге қарсы кезекті санкциялардың қабылдануына қол жеткізу. Бұл жолғы себеп-сылтау да ерекше. Америкалық барлау қызметіндегі өзінің анонимдік ақпарат көзіне сүйене отырып "Ресей америкалық әскерилердің көзін жойғаны үшін ауғандық жауынгерлерге құпия түрде сыйақы жариялады. Трамп әкімшілігі барлау қызметінің адам сенгісіз тұжырымына қандай шара қолданарын шеше алмай, бірнеше ай бас қатырды".

Нефтедобыча - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тақтатас өндірісі: АҚШ мұнай өндіру саласында құлдыраудан рекорд жасайды 
Америкалықтардың көзқарасы бойынша, егер, олар The New York Times басылымына сенген болса, жағдай қорқынышты және қор қылайтындай-ақ: бұл сипаттамада Ресей Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың жандайшабы болса, ауғандық жауынгерлер өлтірілген янкилерді қанды рубльдерге айырбастап жатқан табыс көруші екен-мыс. Мұның барлығы Трамп әкімшілігінің еш әрекет жасамауы жағдайында орындалып жатқан көрінеді.

Өзін әлемнің көшбасшысы санайтын елдің азаматтары Американың ең беделді басылымында мынандай ақпаратты оқығанда қандай сезімде болатындарын елестетудің өзі қорқынышты:

"Шенеуніктердің хабарлауынша, барлау қызметінің тұжырымы туралы мәліметтер президент Трампқа жеткізілді және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі наурыз айының соңындағы ведомствоаралық жиында бұл проблеманы талқылады. Шенеуніктер орындалуы ықтимал болжамды әрекеттер тізімін әзірлеп қойды. Ол тізім Мәскеуге дипломатиялық шағым жолдаудан бастап күшейтілетін санкцияларды және тағы басқа әрекеттерді қамтиды. Алайда, шенеуніктер Ақ үй әлі қандай да бір қадамды мақұлдамай отырғанын айтады.

Америкалық және НАТО-ның басқа да әскерилерін өлтіруді ынталандыру бойынша операция америкалық және ауғандық ресми тұлғалардың "Талибан" қозғалысына Ресей тарапынан қолдауы деп атауының маңызды әрі арандатушылық сипаттағы күшеюі болар еді. Әрі десе, ресейлік шпиондық бөлімше батыс әскеріне қарсы шабуыл ұйымдастыруының алғаш рет анықталуы осы болар еді".

The New York Times атын құпия сақтауды жөн көрген америкалық әскери қызметшілердің сөзінен құрастырған Ресейге қатысты мұндай медиалық "айыптау актісіне"  бірнеше түсіндірме мен ескертпе енгізген жөн.

Біріншісі: 1990 және 2000 жылдары мыңдаған ресейлік азаматты өлтірген террористерге АҚШ, соның ішінде америкалық медиа көрсеткен медиалық, логистикалық, дипломатиялық және ақпараттық қолдаудан кейін басқа елдің территориясын жаулап алушы болып табылатын Құрама штаттарының әскерилеріне қатысты жоғарыда аталғандай қитұрқы әрекет жасалған күннің өзінде АҚШ-тың шағымдануға ешқандай моральдық құқығы жоқ.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны АҚШ қаласының мэрі атанды
Оның үстіне, әдеттегідей, Ресейге қатысты тағылған бұл айыптың ешқандай дәлелі жоқ.

Екінші ескертпе: империялығы мен орыс халқына фобиялылығы үшін нью-йорктық журналистердің оң көзқарасына ие америкалық истеблишмент мәселесі әлі күнге шешілмеген террористік проблема сипатындағы бүгінгі Ауғанстанды құрушы өзі екені анық. Ауғандық, тіпті, ауғандық қана емес, басқа да террористік қозғалыстарды америкалық қаражатқа және америкалық қару-жарақпен америкалық мамандар құрғанын дәлелдейтін фактілер анықталған. Айта кету керек, мысалы, 2001 жылғы бәрімізге белгілі жайтқа дейін Бен Ладен мырза жылдар бойы америкалық БАҚ пен саясаткерлердің сүйікті одақтасы болып келді.

Сонда АҚШ түрлі елдерде азаматтық соғыс, жаппай қыру және терроризмнің қанат жаюына алдымен жағдай жасайды да, кейіннен, бұл әрекеттерінің күтпеген салдары америкалық әскерилердің өліміне және Құрама Штаттарының халықаралық аренада ұятқа қалуына алып келген кезде америкалық медиалық-әскери кешеннің қабырғаларында барлығына Ресей кінәлі және тез арада оған қатысты санкция енгізу қажеттілігі туралы күңкіл естіле бастайды.

Алайда, жақсы жаңалық та жоқ емес.

Егер, бұған дейін NYT немесе The Washington Post секілді басылымдарда тұрақты жарияланып келген америкалық қарулы күштер саласынан ұсынылған мұндай ақпараттарға деген көзқарас ауқымды сипатқа ие болып, кең талқыға салынып, Трамп әкімшілігі өзін қоғам алдында қалай да ақтап алуы үшін тез арада Ресейге қарсы кезекті санкция енгізуіне алып келсе, бүгінде жағдай мүлде басқаша.

"Рашагейт" пен Ресейге қарсы жалған мәліметтері бар фейк айыптаулар мен жасанды баяндаулар жылдары өз мәресіне жетті: Америка қоғамының ауқымды сегменті өз бұқаралық ақпарат құралдарына және өз қарулы күштеріне сенбейді. Ал, саясаткерлерге беделді медиа мен оның ақпарат көздерін жалған мәліметтері үшін айыптап қана қоймай, дәл осы бағалауға сәйкес әрекет етулеріне мүмкіндік береді.

Радиолокационная станция - Sputnik Қазақстан
Ресей Балқаштағы РЛС-тан не себепті бас тартты
Президент Дональд Трамп айыптауға твиттер арқылы жауап берді: "The New York Times-тың фейк жаңалықтары өзінің құпия ақпарат көзінің атын атауы қажет. Олардың мұны жасай алмайтынына бәс тігемін. Себебі, ол адам ойдан құрастырылған!".

АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры міндетін атқарушы Ричард Гренелл осы мәселе бойынша Демократиялық партия мүшесі – конгрессменмен әлеуметтік желіде сөз таластырып қалды. Ол конгрессменді барлау мәліметтерін саяси мақсатта қолданды деп айыптады.

"Мен бұл жайлы ешқашан естіген емеспін. Сіздердің барлау қызметін саясиландырып жатқандарыңыз жиіркенішті жағдай. Сіздер өңделмеген барлау ақпараты қаншалықты тексерілетінін түсініп тұрмаған боларсыздар. Анонимдік ақпарат көздерінен журналистерге қандай да бір мәліметтің ұсынылуы өте қауіпті. Себебі, сіздер секілді адамдар оны саяси пайда үшін қолданады".

The New York Times мақаласындағы президентке қатысты жазылған мәліметтерді америкалық барлау қызметі ресми түрде жоққа шығарып та үлгерді. Теория бойынша барлығы осылай болуы керек екені түсінікті. Бірақ, шындықтың мұндай шағын үлесінің өзі заманауи Америка үшін ғажайып құбылыспен пара-пар.

Айтқандай, егер америкалық журналистер отандас әскерилерінің өліміне алып келген арандатушыларды көргісі келсе айнаға қараулары керек. Адам өлтіргені үшін ақы барлық кезде материалдық сипатта бола бермейді.

АҚШ-тағы наразылық - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ-тағы наразылық: Ақ үйдің айналасына қоршау орнатылды - видео
Тәжірибе көрсеткендей, атақ пен қоғам ықыласына бөлену мүмкіндігі қомақты қаражатқа қарағанда терроризмді әлдеқайда тиімді ынталандырғыш болып табылады. Америкалық полицейлерді, сондай-ақ, консерваторлық құндылықтарды жақтаушылар мен "трампшыларды" әзәзіл әрі азғын еткен The New York Times пен америкалық басқа да БАҚ оларға қарсы эмоциялық, психологиялық, тіпті, физикалық күш қолданғандарға қандай да бір "эмоциялық марапат" уәде ететін көрінеді.

Барлық дерлік америкалық медиа арандатушысы ретінде пікір білдірген жақында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлердің қаны либералды және ілгерішіл америкалық журналитердің қолында екені анық.

Алайда, мұндай журналистер үшін америкалық полицейлердің өмірі маңызды емес. Ал, антиресейлік санкцияға себеп іздегенде немесе Демократиялық партияның мүдделерін қорғағанда олар америкалық сарбаздардың мәйітін жұрт алдында жоқтауға дайын.

Мұндай жалған ақпарат таратушы медиа құрылымдарға сенетіндер саны АҚШ-та да, әлемде де азайып келе жатқаны таң қаларлық жағдай емес. Негізінен, америкалық ықпал мен ұлылыққа қарсы сөз байласу тап осы The New York Times редакциясының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

Жаңалықтар
0