Нэнси Пелоси

Ауруын жасырған өледі. АҚШ-та қазір не болып жатыр

264
АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің тез арада Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы мәлімдемесі мен коронавирус жұқтырған америкалықтар санының күн сайын өсуі өткен аптаның елең еткізер жаңалықтары болды

Еске салсақ, Пелосидің мәлімдемесі "америкалықтарға қарсы Ресейдің талибтермен сөз байласуы" туралы ақпараттан кейін жасалды. 

Пентагон және ұлттық қауіпсіздік жөніндгі кеңесші О'Брайеннің мәлімдемесіне сәйкес, бұл мәлімет расталған жоқ. Сондықтан, ол жөнінде АҚШ президентіне баяндалмаған.

Алайда, бүгінгі Америка қалыпты мемлекеттің жұмыс жасауына негізделген қарапайым заңдылықтар бойынша тіршілік етіп жатқан жоқ. Ол хайптардың ішкі шайқасының заңы бойынша өмір сүруде және оны былай тұжырымдауға болады: "Ешқандай заң жоқ".

Мемлекет басшыларының кездесуі
© Sputnik / Алексей Никольский
Сондықтан ядролық держава өкілдері палатасының басшысы, өз идеологиясымен әділеттілік пен турашылдықты насихаттайтын мемлекеттің бірінші тұлғаларының бірі еш фактімен расталмаған "жедел ақпараттың" пайда болуына қатысты бірмәнді саяси қорытынды шығарды: ядролық екінші мемлекетке қарсы санкция қабылдау керек және мұны тез арада орындау қажет.

Ақпараттың рас-өтірігін тексеруге бас қатырмай, оны қоғам назарына ұсына салған БАҚ ел президентін "Ресейдің жағымсыз тұстары туралы баяндағанды ұнатпайды" деп айыптауға көшті. Олар бәз-баяғы "Трамп – орыс тыңшысы" деген ойдан құрастырылған теорияға сүйеніп әрекет жасап жатыр.

COVID-19 ауруын жұқтырғандар саны күн сайын 50 мыңнан асып жатқаны туралы екінші "ақпаратқа" келсек, америкалық БАҚ-тың оны қалай ұсынып жатқаны қызық.

Мысалы, беделді Huffington Post былай деп жазады:

"Соңғы өршудің кейбір себептерін мамыр айының соңындағы Еске алу күнін мерекелеуге дейін бақылауға болады". CNN:

"Трамптың маскаға қарсы крест жорығы оны "шағу" үшін қайта оралды". The New York Times:

"Сауалнама көрсеткендей, көптеген америкалық ер-азаматтар маска тағуды әлсіздік деп санайды және президент Трамптың маска тағудан бас тартуы да бұл әлсіздердің әрекеті дегенді меңзеп тұр".

Жүз мыңдаған, тіпті, миллиондаған америкалық сақтық шараларына салғырт қарап, ешқандай коронавирус жоқ секілді жүр. Барлық сыртқы бақылаушылар мұның ақыры жақсы болмайтынын және вирустың қайта өршуіне алып келетінін айтқан болатын. Енді вирус жұқтырғандар саны артып жатқанда, оның негізгі себебін айтуға болмайтыны белгілі болды.

Сол себепті прогрессивті аналитиктер халықтың түкке қажетсіз ерлігі (халық мүлде басқа), Трамптың жауапсыздығы және мамырдағы Еске алу күнін кінәлі етіп, тіпті соқырға көрініп тұрған айқын себептерді атағысы келмейді.

Бұл екі мысал да бір құбылыстың – ауқымды әрі қорқынышты құбылыстың белгісі секілді. Оны қысқаша "эмоциялық қауіпсіздік идеологиясы" деп атауға болады. Бұл идеологияға сәйкес, нысандағы аудиторияның эмоциялық қолайлылығына зиян келтірмейтін және оның көзқарастарына қайшы келмейтін фактілер мен логикалар ғана "тірі қалады". Нысандағы аудитория үшін "америкалықтардың бас терісі үшін орыстардың ақы төлеуі" туралы ойдың ақылға қонымсыздығы және Америкадағы коронавирустың өршуіне не себеп екені туралы ақиқат маңызды емес.

Сол себепті, кез келген жағдайда "Ресей мен Трампты айыпта" деген ұстаным бар.

Бұл Американың алдында тұрған шынайы проблемаларды шешуде еш көмектеспейтіні анық. Есесіне, америкалық қоғамның ішіндегі прогрессивті күштердің белсенділігін арттырады және қазіргі ел президентінің қарсыластарына оны орнынан алып тастауға ықпал етеді.

264
Альтиус-У

Әуе күштеріне соққы жасайтын дрондар қашан пайдалануға беріледі?

47
Ресейдің әуе-ғарыш күштері (ӘҒК) 2021 жылдан бастап соққы жасайтын көп нысанды ұшқышсыз ұшу аппараттарын ала бастайды. Бұл жөнінде ӘҒК бас қолбасшысының орынбасары Сергей Дронов мәлімдеді

Әскери басшы мынаны атап өтті: "Сирия Араб Республикасындағы арнайы операция барысында пилотсыз авиацияны пайдалану өз тиімділігін растады. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану қаруланған заңсыз құрылымдардың нысандарына дәл соққы жасауға мүмкіндік берді".

Ресей ӘҒК-нің жақын және алыс қашықтықтағы ҰҰА кешендері әзірше басқарылатын авиация міндеттерін шешу және мүмкіндіктерін кеңейту үшін "екінші рөлде" қызмет етіп жатыр. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының бірыңғай ақпараттық кеңістікте әскери ұшқыштармен ықпалдастығы артып келеді және келешекте "ақылды" дрондар үлкен жетістікке қол жеткізеді. Ресейлік көпнысанды ұшқышсыз ұшу аппараттары 2021 жылдан бастап өз бетінше әуе барлау қызметіне жетекшілік етіп, "стратегиялық тереңдіктегі дәлдігі жоғары оқ-дәрімен қарсылас нысандарына шабуыл жасай алады".

Дронов генерал алдағы уақытта ӘҒК әскери құрамына енетін дрондардың "есімін" атамады. Бірақ, ауыр "Охотник" 2024 жылы операциялық дайындыққа жететіні белгілі, ал қалған екі ресейлік аппарат – "Альтиус" пен "Орион" Сириядағы сәтті сынақтан кейін әскери-тәжірибелік пайдалану сатысында тұр.

Көшбасшы "Орион"

Ұшқышсыз "Орион" 8000 метрге дейінгі биіктікте әрекет етеді, 250 кг дейін пайдалы жүктемемен қосымша жанармай құюсыз әуеде 24 сағатқа дейін ұша алады (аппарат салмағы – 1100 кг). Ұзындығы – 8 метр, қанатының құлашы – 16 метр. Диаметрі 1,9 метр АВ-115 қос қалақты бұрандасы бар АПД-110/120 поршеньді қозғалтқышымен жабдықталған.

Жауынгерлік қолдану радиусы басқару қағидасына байланысты болады (жердегі оператор немесе жеке бағдарлама). Құрылғы жоғары дәлдіктегі зымырандарды жеткізе алады және қарсыластың аумағындағы тереңдікте орналасқан нысанды қирата алады. Ұшқышсыз ұшу аппараты Сирияда конструктарлар тағайындаған соққы әлеуетін сенімді жүзеге асырды. Қытайдың "Хуаньцюшибао" басылымының мәліметі бойынша, мұнда тұрақты түрде түрлі модификациядағы шамамен 80 ресейлік дрон бар көрінеді. Видеолардың бірінде соққы жасаушы "Орион" Зака қаласындағы содырлардың тірек нүктесін қиратты.

"Орионның" зымырандық-бомбалаушы қарулануы жайлы ашық дереккеөздерде мейлінше аз айтылған. Алайда, ақпан айында "Тактикалық зымырандық қарулану" корпорациясының бас директоры Борис Обносов журналистерге дрондарға арналған жеңіл арсеналды әзірлеу туралы айтып берді.

Есептеуіш техника қуаттылығының артуы және жасанды интеллектінің күрделі алгоритмдерінің артуына байланысты алдағы жылдары жоғары дәлдіктегі жеңілдетілген қарулану тиімділігі күрт артуы мүмкін.

"Орион" ҰҰА зерттеу мен сынақтың сан түрлі жолынан өтіп, қазір сәтті қолданыста жүр. Бұл жоба 2011 жылы Ресейдің қорғаныс министрлігі тарапынан болған тапсырыс бойынша дайындалды.

"Орионның" сериялық өндірісі 2019 жылдың тамызында басталды. Жыл сайын осы тектес 30 машина шығару жоспарда бар. Өндіруші компания "Орион" ҰҰА-ның экспорттық нұсқасы қайран қалдырарлықтай болатынын мәлімдеді.

Автономды "Альтиус"

"Альтиус" атты үлкен қашықтыққа ұшқышсыз ұшатын ауыр турбобұрандалы аппарат автоматты режимде алғашқы ұшуды 2019 жылы жүзеге асырды. Бұл машина қанаттарының ұзындығы 28,5 м болса, корпусының ұзындығы 11,6 м құрайды. Ол сағатына 250 км/сағ жылдамдықпен екі тәулік бойы 2 тоннаға дейінгі жүктемені көтеріп жүре алады және 12 мың метр биіктікте 10 мыңға дейінгі километрді оңай еңсеруге қабілетті. Композициялық материалдарды пайдалану арқылы жасалған дронның өз салмағы 5-6 тоннаны құрайды.

СП-2 инерциялы навигациялық жүйе аппараттың әуеде көзге түсуін төмендетеді және қарсылас тарапынан радиоэлектронды қарсы әрекетке қосымша төзімділігін қамтамасыз етеді. Жасанды интеллекті бар "Альтиус" автономды түрде, оператордың қатысуынсыз, басқарылатын ұшақтармен өзара әрекеттесе алады.

Бүгінде жауынгерлік дрон әуедегі жағдай туралы штабтан өз бетінше ақпарат алуға, әлеуетті қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймақтарын айналып өтіп, нысанаға бағдар құруды, маңызды жер үсті және су үстіндегі нысандарды (штаб, байланыс тораптары, зымыран қондырғылар, кемелер) анықтауға және жоюға және әскери қызметтің басқа да қыр-сырын үйренуге ден қойып жатыр. Ауыр және өте ақылды "Алтиус" Ресей ӘҒК және ӘТФ-ға қарулануын толықтырады деп жоспарлануда.

Ұзақ қашықтыққа және жоғары биіктікке ұшатын дрондардың әуедегі үстемдігінің артуы, соққы жасаушы және барлаушы ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді пайдалану және "интеллектуалдандыру", әскери мамандар мен жауынгерлік роботтардың бірлескен әрекеттері қайтымсыз қарқынға айналуда. РФ Қарулы күштерін ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жаппай жабдықтау олардың жауынгерлік пайдалану тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, ықтимал басқыншының жолында - ауада, құрлықта және теңізде еңсерілмейтін кедергілерді тудырады.

Ресей 2022 жылы тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл – "Сириус". Аталған аппаратәуеде 40 сағатқа дейін ұша алады, 1 тонна пайдалы жүктемемен 12 мың метрге дейінгі биіктікте 10 мың километрге дейінгі қашықтықты еңсере алады.

РФ әуе-ғарыштық күштерінің "ақылды" барлау және соққы жасаушы ұшқышсыз ұшу авиациясымен басымдықпен дамуы қазір қолданыста бар және келешектегі авиациялық жою құралдарының тиімділігін арттырып, жеке құрамның ықтимал шығынын төмендетеді.

47
АҚШ-тың F-16 әскери ұшағы Ирактың Балада әскери базасында, архивтегі сурет

Иракта болған соғыстың әлемге қандай әсері тиді

185
Автор "Соғысты бастау. Буш әкімшілігі Американы Иракқа қалай итермеледі" кітабын жаза бастағанға дейін Буштың отбасымен достық қарым-қатынаста болған

АҚШ-тың қазіргі ұлттық апатына Ирактағы сәтсіз (немесе арандатқан) оқиғалар себеп болған: дәл қазір бұл айқын сериялар сияқты. Жақында Америкада жарық көрген кітапта 2003 жылдың наурызында Иракқа басқыншылық әрекетті бастау туралы шешімді кім және қалай қабылдағанын егжей-тегжейлі талданған.

Бұл кітап осынысымен ғана жақсы емес. Сонымен қатар бұл жерде сол кездегі басқарушы топ – Джордж Буш пен оның өзге де серіктестерінің бірегейсіздігі ғана емес деген тақырыпта арандату пікірталасын тудырды. "Ал бірегейсіздік қайдан пайда болады?" дегенге нақты себептер де бар.

Әңгіме ауаны Роберт Дрейпердің "Соғысты бастау. Буш әкімшілігі Американы Иракқа қалай итермеледі" (To Start a War, by Robert Draper) деп аталатын жұмысы туралы өрбімек. Автор осы кітапты жаза бастағанға дейін Буштың отбасымен достық қарым-қатынаста болған. Ол бұл кітапты жаза бастағанда, экс-президент онымен сөйлесуден бірден бас тартқан. Ал сол кездегі оның серіктестері бас тартпаған. Дрейпер шенеуніктерден алынып, сол уақыттарда жарияланған жүздеген сұхбаттарды жинақтады. Өйткені, бұл материалдар әрдайым оқуға жарамағанмен, өте пайдалы еді.

Ендеше, бұл мәселенің астарына америкалық азамат ретінде емес, адами көзқараспен үңілу керек. Ирактағы соғыс Америка мен әлемге не әкелді?

90-жылдардағы жағдай осы әлемді басқаратын жалғыз ғана держава бар деген елес кезді. Себебі, сол кездегі держава әлсіз қарсыласпен соғыста айқын жеңіске жете алатындығын әлемге көрсетті (өткен ғасырдың 60-70 жылдарындағы үндіқытайдағыдай емес). Бірақ мұндай жеңіс жеңімпазды жойып жібереді.

Мұндай жағдайда жақын одақтастар (Германия мен Франция), сондай-ақ мейірімді серіктестердің (Ресей) өзіндік көзқарасы болуы тиіс және қажет жағдайда Американы елемесе, ол орынды еді.

Америка өзінің барлық қаржылық және басқа да күштерімен бір елді (яғни Иракты) басып алу арқылы оны бақытқа кенелтіп, гүлдендіре алмады. Бұл әлемдегі ондаған мемлекетті дұрыс ой мен іс-әрекетке әкелуде АҚШ-тың (батыстың да) саяси және құндылықтар жүйесі экспортқа жарамсыз дегенді білдіреді. Яғни, бұл жерде Америкасыз өтіп қана қоймай, қажет болса айналып өту деген сөз.

Егер Ирак авантюрасы болмағанда – қазіргі қаржылық қиындықты айтпағанда, америкалық қоғамның, бүкіл басқару жүйесінің бүгінгідей бүлінуі мен идеологиялық күйреуі болмас па еді? Қалай болғанда да, Ирак мұнда айтарлықтай өзіндік үлесін қосты.

Дрейпердің кітабы бізге ең алдымен америкалық барлаудың деградациясына қатысты кездейсоқ сюжетті көрсетеді. 90-шы жылдардың соңында ЦРУ-дің бірнеше бөлікке бөлінуіне байланысты Билл Клинтон әкімшілігімен арада  проблемалар туындағаны белгілі болды. Бірақ содан кейін 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористік шабуыл болып және сол кездегі ведомство басшысы Джордж Тенет ықпалды жандандыруға үміттенді.

Айтпақшы, ЦРУ-дің 90-жылдардағы сәтсіздіктерінің өзіндік және әртүрлі себептері болды. Бірақ содан кейін күлкілі жағдай орын алды. Атап айтқанда, Таяу Шығыста (бүкіл Ирак тарихының нәтижелері бойынша белгілі болған) ақылды әрі қабілетті мамандардың жетіспеушілігі туындады. Содан кейін Тенеттен болмағанды болдыру талап етілді. Яғни, Ирак жетекшісі Саддам Хусейн 11 қыркүйектегі террорлық шабуылды ұйымдастырған "Аль-Каидамен"* құпия одақтас болғанын және АҚШ-қа қарсы жаппай қырып-жою қаруын дайындап жатқандығын дәлелдеуі керек.

Ал мұндай жағдайда нашар барлау қызметі өзін қалай ұстайды? Жалған деректер жасап, оған сенуді сұрайды. Айтпақшы, "Америкалық сайлауға Ресей араласты" деген ашық айыптауға негізделген жалған деректерді 2003 жылдармен салыстырып қарағанда жағдай әлі де өзгерген жоқ. Жалпылама түрде алғанда ақылды барлау қызметі мемлекет үшін көп ақша үнемдеп, ал ақымақ үлкен проблемалар туғызады.

Бірақ бір ведомствоның сәтсіздікке ұшырауы – мұның өзі ерекшелік. Егер Джордж Буш жеке өзі мен негізгі лауазымдарға тағайындаған адамдар ЦРУ-дан мұндай жалған ақпаратты талап етпегенде, Ирак апаты болмайтын еді. Осылайша, Теннет өзінің кеңсесін Саддамды АҚШ-қа қауіп төндіруші идеясын "халыққа сататын" агенттікке айналдырды. Бірақ оны сол дәуірдің барлық басты кейіпкерлері – қорғаныс министрінің орынбасары Пол Вулфовиц пен оның бастығы Дональд Рамсфелд, вице-президент Дик Чейни және ең алдымен президенттің өзі мәжбүрледі.

Мұны неліктен жасады? Өйткені, олар Американың кедергісіз басшылығы ретінде бүкіл әлемдегі жаһанданудың идеологтары болды. Олар сол бұрынғы лауазымдарында, 90-жылдардың соңында Конгрестің "Иракты азат ету актісін" қабылдауға қол жеткізді. Өздері комиссия құрып, іс жүзінде Ирактан келетін "қауіпті" ЦРУ байқамады деп айыптады (сонымен бірге Иран мен Солтүстік Корея да бар). Ал лаңкес террористер Нью-Йоркке соққы жасаған кезде ел басқарылмайтындай күйге душар болды.

Ал енді Бушқа келер болсақ, кітапта Саддам жай құбыжық еместігі және оны билікте қалдыру мүмкін емес екендігі айтылған.

Дрейпердің сөзіне қарағанда, әкімшілікте Иракта соғыс бастау туралы бір де бір пікірталас болмаған. Әңгіме, тек қана қашан және қалай болатыны туралы өрбіген.

Демек, идеялар алдын-ала іске асқан кезеңде, фактілер де оған сәйкес келуі керек. Олай болмаған жағдайда мемлекеттегі билеуші ​​таптың надандығы мен тозуы орын алады. Президенттер мен премьер-министрлерді немесе патшаларды қандай-да бір жолмен өзгерту мүмкін-ау, ал жалпы ұлтты ауыстыру қиын.

* – Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.

185
Кілт сөздер:
соғыс, Джордж Буш, АҚШ
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара