Оператор, архив

Ресей телеарналарына неге тыйым салынды

30
(Жаңартылды 18:18 13.07.2020)
Литва өз аумағында RT-ның бес арнасының көрсетілуіне тыйым салды. Бұл Латвия билігі осы тектес шешім қабылданғаннан кейін орын алған жәйт. Енігі кезек Эстонияда. Елдегі сыртқы істер министрі мұндай қадам жасалуы ықтимал екенін мәлімдеді

Бұл мәселеде Таллин өзгеше позицияны ұстанады деу екіталай. Себебі, "Балтық маңындағы жолбарыстардың" дәстүрлі антиресейлік консенсусы мен дәл осы Эстония билігі елде Sputnik агенттігінің жұмыс істеуіне барынша кедергі жасаған болатын. Діттеген мақсаттарына жету үшін олар агенттік қызметкерлеріне қылмыстық қудалау қаупі бар қоқан-лоққы көрсетті.

Алайда, бұл оқиғаның ең қызықты тұсы – Вильнюстың өз шешіміне қатысты ресми негіздемесі. Оған сәйкес, RT батыс санкцияларының "құрбаны" болып табылатын Дмитрий Киселевтың бағынысындағы ұйым және бұл "оның" медиаресурсына қатысты шара қолдануға мәжбүр еткен.

Мұнда мәселе бұл тұжырымның шындыққа жанаспайтындығында және осы болжамы үшін литвалық билік өткір сынға ұшырап, RT-ның "Россия сегодня" ХАА құрылымына еш қатысы жоқтығы жайлы зәрлі пікір астында қалуында емес. Мәселе осы жағдайдың бұған дейін орын алып қойғанында болып тұр.

Яғни, тура бір апта бұрын Латвия Ұлттық кеңесі RT арналарының бұғатталуына медиаресурстың Дмитрий Киселевтың "нақты бақылауы мен жеке қадағалауында тұрғаны" себепші еенін мәлімдеген болатын. Сол кезде Маргарита Симоньян мен Ресей СІМ латвиялық ресми құрылымның кәсібиліктен жұрдай әрекетін бетіне басып, сандыраққа сүйенген негіздемесін сынға алған болатын.

Ол кезде орын алған жағдайды кездейсоқтық пен нақты орындаушылардың қателігі деп түсіндіруге болар еді. Мұндай сәтте мемлекетке кері шегіну әдепке сай емес. Мейлі, өз шенеуніктері ашық түрде ор қазса да, ол мәлімдемені теріске шығара алмайды.

Алайда, бұл жағдайдың Литвада дәлме-дәл қайталануы ешқандай кездейсоқ қателік жоқ еенін көрсетеді. Мұның барлығы "осылай да жарамды" деген қағидасы бар Латвия мен Литваның саналы ұстанымын екені анық.

RT-ның хабар таратуына тыйым салу саяси шшім екені түсінікті. Бірақ, оның заң тұрғысынан "таза" уәжбен түсіндіруге болмас па еді? Әрине, болар еді. Алайда, ол үшін көп күш жұмсап, жауапты ведомстволардың тер төгуіне, заңнамадағы мүмкіндіктерді қарастыру керек болар еді.

Бір кездері дәл осы ерекшелік, яғни, қабылданатын шешімдердің жоқ дегенде сырт көз үшін заң тұрғысынан мінсіз болуы батыс демократиясы үшін маңызды құралдың бірі болған. Ол басқа да саяси жүйелердің жанында едәуір ұтымды сипатта болатын.

Бірақ, содан бері көп уақыт өтті. RT-ға қатысты мәселеде Балтық маңы республикалары әлдеқайда қуатты державалардың әуеніне салып, солардың ізін басты.

Америкалықтар кез-келген далбасамен айналысуға дайын. Тек, Иракқа басып кіру себебін халықаралық қауымдастық алдында негіздеуге уақыты жоқ. Британдықтар Скрипальдердің улануы төңірегінде нағыз шоу ұйымдастырды. Бұл істегі сәйкессіздіктердің көзге ұрғандай анық көрініп тұрғанынан да еш қымсынбайды. Әділсотты өздерінің брендіне айналдырған Нидерландының МН17 ісі бойынша сот процесіндегі құқықтық шым-шытырығына таң қалудан қалдық.

Тек Ресей емес, Қытай, Иран, Венесуэла секілді басқа да елдерге қатысты осы тектес мысалдардың көптігі соншалық, олар қазір қалпты жағдай секілді қабылданатын болған. Сол секілді литвалық және латвиялық биліктің RT хабар таратуына тыйым салуға қатысты негіздемесі осы тектес саясаттан шығарылып отыр. Әрине, есми ұстаным ретінде сандырақты ұсына салу әлдеқайда жеңіл емес пе?

Мұнда өз логикасы бар: антиресейлік көзқарасы бар аудитория үшін "Скрипальді улаған Путин", "Кремль Донбасс үстіндегі "Боинг" апатына кінәлі" секілдіге сенгендей, "Киселев бақылауынағы RT" түсініктемесі өтімдірек болып тұр. Ал Ресей мен оның жақтаушыларына ресурс шығындаудың мәні жоқ екенін түсінгендей.

Бастапқыда, аталған әдіс Батыстың моральдік, ақпараттық, саяси, идеологиялық монополиясына жетуден туындады. Сол себепті ол өз саясатын жоғары кәсібилік деңгейде пысықтаудың қажеттілігі жоқ деп шешім қабылдады. Нәтижесінде, құзіретінің жоғалуына байланысты аталған монополиядан өзі айырылып қалғанын байқамай қалды.

Енд жағдай жаңа белеске көтерілді. Ендігі ретте олар біліктілікке негізделген кәсібилікті қосып, сапалы жұмыс жасаудың мәнін көріп отырған жоқ. Себебі, қрсыласты көндіру екіталай.

30
Теңіз үстінде жүзіп бара жатқан кеме

"Скиф" теңіз түбіндегі құпия

63
Ресей өз территориясына зымырандық шабуыл жасалған жағдайда ұшу кезінде іске қосылған оқтұмсықтың құрамын анықтау мүмкін болмағандықтан, елдің ядролық әлеуетін іске қосады

Бұл жөнінде Қарулы күштердің бас штабы дайындаған "Ядролық тежеу саласындағы Ресей Федерациясы мемлекеттік саясатының негіздері туралы" атты мақалада айтылған. Ал материал "Красная звезда" газетінде жарияланды.

Мұндай жағдайда қарсыластың мақсаты Ресейдің көзін жою деп қарастырылады да, "жауапты әрекет жойқын болады".

"Скиф" тереңдікке негізделген континентаралық баллистикалық зымырандарын (КБЗ) жаппай іске қосу осы тектес жауаптардың бір нұсқасы болуы әбден ықтимал. "Скифтің" орналасу нүктелері және саны, соққы жасау қуаты, ұшу траекториясы санаулы мамандарға ғана мәлім екенін ұмытпау керек.

Жай ғана теория тұрғысынан қарастырсақ, қарсылас әскери патрульдеу аумағында 955 жобасының "Ярс" стратегиялық мақсаттағы зымырандық суасты крейсерлерінің ізіне түсіп, оларға соққы жасауы, "Авангард" жеке бағыттаудың гипердыбысты маневрлеуші блоктары бар "Ярс" атты 150 зымырандық кешендеріне алдын алу соққыларын жасауы, ресейлік бомбалаушы зымыран тасымалдағыштарға қандай да бір шабуыл жасауы мүмкін делік. Осы жағдайдың өзінде мұхит тереңдігінен жауапты соққы орындалады. "Скифке" қарсы қарусыздандыру соққысын жасау технология тұрғысынан мүмкін емес.

Ресейдің стратегиялық ядролық күшінің көзге көрінбейтін құрауышы, "Скиф" тереңдікке орналастырылған баллистикалық зымырандары теңіз тұңғиығында жылдар бойы жатып, пәрмен келген уақытта құрлықтағы да, теңіздегі де нысандарға соққы жасай алады. Зымыран ақпараттық саладағы құпиялылығымен көзге түсіп отыр. "Рубин" ОҚБ мен Макеев атындағы мемлекеттік зымыран орталығының бұл әзірлемесі тиімділігі жағынан жоғары екенін дәлелдеп тұр. "Скиф" бұған дейін кеңінен танымал болған "Синева" КБЗ-ның жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Оның ұшу сипаттамалары жетілдіріліп, жаңа жасанды интеллекті дамытылды. "Скифтің" маңызды артықшылығы – әскери өміршеңдігінің биіктігі мен пайдалану құнының арзандығы.

Контейнердегі құпия

Тереңдіктегі "Скиф" КБЗ субмариналарға арналған үлкен қашықтықтағы зымырандар тобына жатады және теңіз түбінде жатып қызмет етеді. Аталған зымыран үлкен қысымнан және агрессивті ортадан сенімді қорғайтын, әскери-теңіз флотының пәрмен беру нүктесімен байланысты қамтамасыз ететін іске қосу контейнеріне орналастырылған. Көп жылдар бойы зымыранды тұщы судан қорғайтын герметикалық және тот баспайтын "қаптаманы" дайындау жобаның басты техникалық проблемасы болды. Есесіне, қазір теңіздегі "Скифті" табудан гөрі сабан арасынан инені тапқан әлдеқайда оңай.

КБЗ контейнерінің әлеуетті қарсылас торпедалары үшін қолжетімсіз тереңдікке орналастырылуы оның құпиялылығының жоғары болуы және әскери өміршеңдігін қамтамасыз етіп отыр. Арнайы субмарина "Скиф" зымыранын орналасу орнына жеткізеді.

Соғыс жағдайында қолдану кезінде контейнер сигнал бойынша балласты жиырып тастап, белгіленген тереңдікке дейін жүзеді де, зымыран өз бағдарламасы бойынша нысанға қарай бағытталады. Егер "Синева" КБЗ алыстығы 8 000 киломтерден астам болса, онда "Скиф" жетілдірілген зымыран ретінде бұдан да ұзақ қашықтықта әрекет ететінін пайымдауға болады.

Айта кету керек, Ресейдің ішкі суларындағы әскери кезекшілік 1970 жылғы "Теңіз тереңдігі туралы келісімшарт" талаптарын бұзбайды. Бұл келісімшарт 12 милдік жағалауға жақын тереңдікте ядролық қару орналастыруға тыйым салады.

"Скиф" КБЗ-ның экономикалық жайлылығы да айқын көрініп тұр. Мысалы, ядролық тасымалдағыш-субмариналар өндірісте және пайдалануда өте қымбат, экипажды дайындау да арзанға түспейді. Тереңдікке орналастыру зымыраны қосымша шығынсыз-ақ қызмет ету мерзімі бойынша кез келген субмаринадан оза алады және өзінің бастапқы соғыс әлеуетін сақтап қалады. Ұжымдық Батыс жариялаған теңіздегі қарулану жарысында Ресейдің жауабы осы.

Көкке ұшқан арман

Ресей президенті Владимир Путин 2 маусымда "Ядролық тежеу саласындағы мемлекеттік саясат негіздерін" бекітті. Құжатқа сәйкес, әлеуетті қарсылас агрессия үшін жауап қайтарылатынын білуі қажет. Сонда да Ресей ядролық қаруды тежеу құралы ретінде қарастырып отыр.

Еске салсақ, 1970 жылдары АҚШ тереңдікке зымырандар орналастыру идеясынан бас тартты және Еуропада орташа қашықтықтағы зымырандарды орналастыруға бет бұрды. АҚШ-тың ядролық стратегия құжаттарында Батыс Еуропадағы озық орналастыру жүйесі мен ұшу уақытының ұтымды болуы есебінен шектеулі ядролық соғыста жеңіске жетудің агрессивті доктринасы пайда болды.

Вашингтон жсопары бойынша Pershing-2 зымырандары КСРО-дағы нысандарға 1 800 киломтер қашықтыққа дейін қуаты 80 килотонна ядролық моноблоктарды жеткізуі керек болатын. Бүгінде бұл тарих қайталанып отыр. Тек, басқа технологиялық деңгейде. Біздің көз алдымызда озық орналастыру жүйесі (Forward Based System) Германиядан Польшаға орын ауыстырып жатыр. Стратегиялық қарулану саласындағы АҚШ әрекеті ядролық құралдарды қолдану арқылы "жаһандық соққы" тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған.

АҚШ пен НАТО белсенділері әскери құралдар арқылы Ресейдің экономикалық дамуы мен халықаралық ықпалының өсуін тежегісі келеді. Ресейдің Батыстан оқ бойы озық тұрғанын гиппердыбысты зымырандар, субмариналар, 5-ші буынды жойғыштарын, су астында қозғалатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын және басқа да жоғары технологиялық қару-жарақты дайындау саласындағы әзірлемелері арқылы дәлелдеуге болады.

Екі онжылдыққа жуық уақыт бойы аз қаруланған "Талибан"* террористік ұйымын жеңу мақсатында Пентагон өз одақтастарымен бірге Ауғанстанда құны қымбат әскери операциялар жүргізді. Алайда, бүгінгі күні АҚШ қарсыласпен өз әскері үшін масқаралы бейбіт келісім жасасты да, Ауғанстан Ислам Республикасын тағдырдың тәлкегіне тастап кетіп барады. Өкінішке қарай, Вашингтон дұрыс шешім қабылдай алмады. Есесіне, Еуропаны ресейлік көзге көрінбейтін қауіптен құтқаруға құлшына кірісіп кетті. Алайда, "Скифтер" мен РФ қауіпсіздігінің басқа да кепілдіктері сақ тұр.

* – "Талибан" – Қазақстан мен Ресейде және бірқатар елдерде тыйым салынған террористік ұйым.

63
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, АҚШ, Ресей
Дональд Трамп

Трамп АҚШ әскерін Германиядан шығарады

56
(Жаңартылды 18:51 11.08.2020)
АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер алдағы уақытта Германиядан әскер шығару әрекеті Ресейді ұстап тұру стратегиясына сәйкес орындалатынын мәлім етті

Мәлімдеген позициясына негіз ретінде айтар жалғыз уәжі ғана болса, ведомство басшысының жағдайы мәз емес секілді. Егер ресми көзқараспен қарасақ, іс жүзінде АҚШ "көп әскерін шығысқа, ресейлік шекараға жақынырақ жылжытады". Ал осы тұжырымға "тереңірек үңіліп" қарар болсақ, онда тезистің күлі көкке ұшқаны анықталады, деп жазады РИА Новости.

Германиядан 12 мыңға жуық әскери қызметші шығарылады. Бірақ олардың басым бөлігі – 6,4 мың азамат АҚШ-қа оралады. Қалғандары Еуропаның басқа елдеріне, соның ішінде, Италия мен Бельгияға да жіберіледі. Мәскеумен иық тіресе орналасқан Польшаға небәрі мың әскери қызметші жөнелтіледі. Бұл Эспердің сөзін растайтындай ауқымды көрсеткіш емес. Басқаша болуы екіталай еді. Себебі, ФГР-дегі америкалық контингенттің айналасындағы коллизияның НАТО мен Ресей арасындағы қақтығысқа қатысы алшақтау.

2018 жылдың маусым айында Washington Post Пентагон Еуропадағы әскерді ірі көлемде қайта орналастырудың құны мен салдарына талдау жүргізіп жатқаны жайлы жазды. Басылым дәл сол жылдың басында Трамп бұл мәселеге қызығушылық танытқанын атап өтті. АҚШ президентінің мұндай әрекетке баруына НАТО одақтастарының қорғаныс үшін қалталарын қаққысы келмегені себепші еді. Ең алдымен бұл Берлинге қатысты болды. Ол әскери шығындарды ЖІӨ-ден екі процентке дейін көтеруден көп жыл қатарынан бас тартып келеді.

Бір жыл бұрын бұл мәселеге тағы көтерілді. Ол кезде АҚШ-тың Германиядағы елшісі Ричард Гренелл Құрама Штаттар өз әскери контингентінің бір бөлігін ФГР-ден Польшаға көшіруге дайын екенін мәлім етті. Оның айтуынша, "немістер өз сауда теңгерімінің қаражатын елдегі ішкі қажеттіліктерге жұмсап отырған кезде америкалық салық төлеуші Германиядағы 50 мыңнан астам отандасы үшін салық төлеуді жалғастыра беруі намысқа тиетін әрекет".

Бұл мәлімдеме Польшадағылар үшін қуанышты хабар болды. Өткен жыл бойы польшалық саясаткерлер мен БАҚ өз елдерінің Еуропадағы америкалық қарулы күштер орналастырылған негізгі орынға айналуын асыға күтті. Тіпті, ядролық қаруды қайта орналастыру мәселесіне дейін талқыланды. Бірақ айта кету керек, бұл әңгіме бос жерден пайда болған жоқ. Мұнда да Шаттағылардың үлесі орасан зор болып тұр.

Егер фактілерді саяси мәлімдемелер және жоспарлардан тазартып қарар болсақ, онда бәрі айдан анық.

Құрама Штаттар көп жылдар бойы әлемдегі ең ірі экономикалардың бірі саналатын Германияны әскери шығынды арттыруға көндіре алмай келеді. Америкалықтар тарапынан қоқан-лоққы да, қысым мен қорқыту да жасалды. Алайда, олардың барлық әрекеті нәтижесіз болды: Вашингтон немістерді алған бетінен қайтара алмады.

Соған қарағанда, Дональд Трамптың бұл мәселеден ығыры шыққан секілді. Сондықтан, елдегі қорғаныс министрі мен басқа да ресми тұлғалар америкалықтардың көшбасшысы қабылдаған шешімде АҚШ аса аянышты күйде болмауы үшін түрлі уәждерді айтып жатыр.

Бірақ олар бәрібір аянышты күйде тұр.

Немістерден көздегеніне қол жеткізе алмады. Өз экономикасына қосымша қаражат тарта алмады. Еуропадағы әскери контингент қысқартылады. Мұның барлығы Ресейдің өз ықпалын арттырып жатқан шақта орын алып отырғаны жағдайды тіпті ушықтыруда. Жалпы Германияны жазалау ретінде әскерін әкету аса ұтымды әдіс емес. Әрине, ФГР әскери инфрақұрылымға қызмет көрсету бойынша жұмыс орындары мен біршама қаражаттан айырылады. Бірақ бұл Вашингтон талабына келіскенде орын алатын шығынның жанында түк те емес.

Сол себепті, Польшадағы қосымша мың әскери қызметші Ресейді ұстап тұру бағытындағы АҚШ-тың ауыз толтырып айтар жалғыз дәйегі болып отыр. Бірақ Трамптың әскерін әкету туралы шешімге келуіне не себеп болғаны қызықты. Себебі, ол Германияны әлі де біраз әурелеп, діттегеніне жетуге талпынса болар еді. Есесіне, салдары мұншалықты шиеленіспес пе еді.

Мұның жауабын Америка президентінің жеке тұлғасынан және ұлттық көшбасшы ретінде алға қойған мақсатынан іздеуге болады.

Дональд Трамп өзінің ел күтпеген қылыққа құмар мінезіне қарамастан, АҚШ-тың көптен күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелерін реттеуге тырысатыны хақ. Мейлі, ол бағыттағы әдіс-тәсілдері тым радикалды болса да. Сол себепті, бұл мәселеде президент Трамптың ашуға берілуі орынды: Еуропаның қорғаныс қызметтерін Америка өз мойнына алғанымен қоса, барлық шығынды да өзі көтеріп келеді. Ал әлемнің ірі және экономикасы бай елдер АҚШ-тың мойнына мініп алғандай.

Бұл жерде мәселе Германия және басқа да елдердің Ресей тарапынан болатын қауіпке аса қатты сенбеуінде болып отыр. Сондықтан, америкалықтар Мәскеумен әскери-саяси қақтығысын жалғастырғысы келсе, онда Еуропа НАТО бойынша аға серіктесінің бұл ойынына қолдау көрсетуге дайын. Бірақ ол үшін шығынға батудан бас тартып отыр.

АҚШ-тың ұлы держава ретіндегі мәртебесі америкалықтардың басым бөлігі үшін өзіндік құндылық іспеттес. Сондықтан, олар бұл бағытта қаражат шашудан аянбайды. Мейлі, ол жоба сәтсіз аяқталары анық болса да. Бірақ Дональд Трамп бұл ұстанымды жақтамай отыр. Ол әлемдік көшбасшылық Құрама Штаттарға және оның экономикасына табыс әкелуі керек екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Германиядан әскерін әкету туралы шешім Трамптың сөзі мен ісі бір жерден шығатынын дәлелдеді.

Берлиннің өз ұстанымынан айнымайтынын түсінген ол бұл іске бизнесмен ретінде қарап, шығынды азайту шараларын қолданды. Әскерді қайта орналастыруға да аз шығын кетпейді. Бірақ бұл алдағы жылдардың ауқымды шығынын алдын алуға жасаған оңтайлы шешім екені анық. Сондықтан, Дональд Трамптың әскерді немістердің елінен әкету туралы шешімі экономика тұрғысынан тиімді және АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сәйкес келеді деп сенімді айтуға болады.

56
Кілт сөздер:
әскери, Ресей, Германия, АҚШ
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

0
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

0
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео