Ресейлік "Охотник" АҚШ-ты алаңдатып отыр

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуБеспилотный летательный аппарат "Элерон"
Беспилотный летательный аппарат Элерон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ ӘӘК ауыр ұшқышсыз ұшу аппараттары "үшінші әлем" елдеріндегі көтерілісшілермен күресуге ғана арналған болса, Ресей жасанды интеллекті және Су-57-мен өзара әрекеттесе алатын 5-ші буын жойғыштарын дайындап жатыр

Ресейдің жоғары технологиялық қару-жарақ саласындағы жетістіктері батыстық "серіктестерін" қатты алаңдатқаны соншалық, беделді Forbes журналының өзін 7 тамызда негізгі тақырыбынан ауытқып, ресейлік S-70 ауыр ұшқышсыз ұшу аппаратын АҚШ-тың балама аппараттарымен салыстырумен айналысты.

Ресейдің әуе күштері Сирияда содырлар қоршауында қалып қойған әскерилерді құтқарды - Sputnik Қазақстан
Видео
Ресейдің әуе күштері Сирияда содырлар қоршауында қалып қойған әскерилерді құтқарды
Америкалық басылым атап өткендей, АҚШ ӘӘК-ге тиесілі MQ-9 Reaper аппаратына қарағанда, ресейлік барлау-соққы жасау дроны көтерілісшілермен күресуге емес, ауқымды әскери қақтығыстарға арналған. Ол барлау құралдары мен 6 тоннадан астам бомба немесе "жер-әуе" және "әуе-әуе" зымырандарын 5 мыңнан астам шақырымға тасымалдау мүмкіндігіне ие. "Охотник" қашықтық пен қарулану түрлілігі бойынша "теңдесі жоқ мүмкіндіктерге" ие. Оның сыртқы түрі X-47B NorthropGrumman жобасына ұқсас болғанымен, жолы басқа. "Охотник" ұшқышсыз ұшатын соққы жасаушы аппаратын дайындауды жеделдету жоспары жарияланып, сериялық жеткізулер 2024 жылы басталатыны мәлім болды.

АҚШ-тың балама жобасы тұралап қалды. Американың Х-47В ұшқышсыз ұшу аппаратының бірінші рет әуеге көтерілуі 2011 жылы жүзеге асты. Бұл кезде "Сухой" корпорациясы "Охотникті" енді ғана әзірлеп бастаған болатын. Пентагон аппаратының бейімделу бағдарламасын әскери-теңіз күштері үшін – UCLASS – 2013 жылы іске қосты. Машинаның дайындығына 2020 жылы қол жетеді деген мақсат болды. Осыған қатысушы төрт компания 15 миллион доллардан алғанын да айтпай кету жарамас. 2015 жылы ӘТК мамандары палубалық соққы дронының қажеттілігіне күмән келтіре бастады. Одан соң іс құрдымға кетті. UCLASS бағдарламасы аясында ұшқышсыз ұшу аппаратының мәртебесі соққы жасаудан барлаушыға дейін төмендей берді де, соңында жанармай жеткізуші деңгейінде қалды.

Қазір АҚШ ӘӘК 450 килограмм пайдалы жүктемені ғана көтере алатын -28 Valkyrie  соққы аппаратын сынауды ақырындап жүзеге асыруда. Бірақ, беделді басылым америкалықтардың ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеуде Ресейден кейін келе жатқанын мойындауға мәжбүр.

Жауынгерлік интеллектуал

Бұған дейін америкалық TheDrive басылымы да ресейлік ұшқышсыз ұшу аппаратына арнап бірқатар мақала жариялаған болатын: "Охотник" жойғыш аппаратқа ұқсайды және оның көлемі де ауқымды – қанаттарының құлашы 62 фут болатын ұзындығы 38 футты құрайды. Оның көлемі қару-жарақты ішіне орналастыруға, конструкциясы дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшуға мүмкіндік береді және ол Су-57 басқарылатын жойғышымен байланыста әрекет етеді.

Ресейлік Су-27 АҚШ-тың барлау ұшақтарына тосқауыл қойды - Sputnik Қазақстан
Видео
Ресейлік Су-27 АҚШ-тың барлау ұшақтарына тосқауыл қойды
Мұндай қызығушылықтың болуы заңдылық. Себебі, барлау-соққы жасауды жүзеге асыратын ауыр ұшқышсыз ұшу аппараттарын дайындайтын елдер саны аз. Ал ұшқышсыз ұшу аппараттарын 5-ші буын жойғыштарымен біріктіру технологиясын әлі ешкім меңгерген жоқ. Сондықтан, бұл істе Ресейдің бірінші болуы ықтимал.

"Охотниктің" нақты сипаттамасы, әскери тағайындамасы, жабдықталуы мен қарулануы көп уақыт бойы құпия күйде болады. Ол қарсыластың зымырандық ұшу жүйесінің көзіне түсу деңгейін айтарлықтай төмендедетін композиттік материалдарды қолдану арқылы "ұшатын қанат" сызбасы бойынша дайындалғаны белгілі. 5-6 тоннаға дейінгі жүкті көтере алады. Ұшу массасы – 20 тоннаға дейін.

Сонымен қатар, "Охотник" және осы топтағы басқа да аппараттарға жасанды интеллект жүйесі қосылуда. Су-57 жойғыштарымен ықпалдастырылуы "ақылды" ҰҰА бағасын асырып, сұраныстың артуына себепші болатыны анық. Себебі, Су-57 4000 киломтер қашықтықта әуедегі және жердегі нысандарды анықтай алады, 62-ге дейінгі нысанға ілесіп, соққы жасайтын ҰҰА-ға бағдар бере алады.

Ауыр соққы жасаушы және барлаушы ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресейдің әскери-әуе күштері мен әуе-ғарыштық күштерінде қызмет етуге жарамды. Сол сияқты, келешекте авиатасымалдаушы кемелерде "Охотник" пен модификацияланған Су-57 бірге орналастырылып, әскери тапсырмаларды бірлесіп орындай алады.

Бірінші оқ атуға дейін ұшатындар

7 тамыз күні АҚШ әскери-әуе күштері Невада штатында F-22 Raptors пен F-35A JointStrikeFighter стелс-жойғышы, көзге көрінбейтін B-2A Spirit бомбалаушысы, RQ-170 Sentinel стелс-дроны, сондай-ақ, F-15E StrikeEagle жойғыштары мен EA-18G Growler ВМС радиоэлектронды күрес ұшағының қатысуымен болған үш күндік оқу-жаттығудың аяқталғанын мәлімдеді. Құны 1,4 млн долларды құрайтын бұл шара АҚШ-тың Солтүстік және Оңтүстік Америкада қазіргі уақытта жоқ жоғары технологиялық қарсыласының шабуылына қарсы ауқымды дайындық секілді көрінеді.

Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді - Sputnik Қазақстан
Видео
Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді
Маневр кезінде ұшақтар эшелеондалған ӘШҚ аумағына жасырын енуді, радиоэлектронды бәсеңдету мен қарсыластың қорғаныс құралдары мен жүйесін жоюды жүзеге асырды. Бұл не нәрсеге дайындық екенін болжау қиын емес. Себебі, өткен жылдың қыркүйек айында АҚШ ӘӘК-нің Еуропадағы қолбасшысы Джеффри Харриган Пентагон Калининград облысындағы көпқабатты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне шабуыл жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді де, қазан айында дәл осы облысты басып алу бойынша жоспар жарияланды.

Пентагонның Ресейді "тежеу" бойынша амалдары мен әрекеттері бара-бара ақылға қонымсыз сипатта болып жатыр. Балтық және Қара теңіздің үстіндегі әуе кеңістігінде америкалық барлаушыларды жай ғана оққа ұшыратуда. Бұл концептуалды қақтығысты қарулы қақтығысқа айналдыру мақсатында жасалып отырған ашық және жауапсыз арандатушылықтар.

Сонымен бірге, 2020 жылы Ресей шекараларына жақын маңда АҚШ барлау ұшақтарын қағып түсуінің күрт өсуі қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Америкалық The National Interest журналының сарапшылары бұл оқиғаларда кінә толығымен Вашингтонның мойнында екенін айтып, НАТО әскерлерін Ресейдің қарулы күші емес, керісінше, натолықтар Ресей шекараларын қоршап алғанын мәлімдеді. Мұндай әрекетке қатысты Ресей де жауап қатуға мәжбүр.

GlobalFirepower мәліметі бойынша АҚШ-та шамамен 2 мыңға жуық соққы жасаушы ұшақ бар. Пентагонда барлығы 5 мың ұшу аппараты бар және бұл НАТО бойынша одақтастардың әскери авиациясын есепке алмағандағы көрсеткіш. Салыстыру үшін айтсақ, Ресей қорғаныс министрлігінде шамамен 870 жойғыш, бомбалаушы және шабуыл жасаушы болса, тағы 4 мыңға жуық ұшу аппараты бар. Сондықтан, Мексика немесе Куба аумағынан келетін ресейлік ұшақтарды ұстап тұруға арналған америкалық ұшақтар саны аз. Алайда, Ресейдің де алға қойған мақсаты шабуыл емес.

"Охотник" ұшқышсыз ұшу аппараты – әуедегі үстемдікті иелену бағытында әзірленіп жатқан жүз жобаның бірі ғана. Ресейдің жоғары технологиялық қорғаныс мүмкіндіктері батыстағы "серіктестері" тарапынан болатын ең жойқын шабуылға төтеп бере алатындай деңгейде жетілдіріп жатқанын ескеру керек.

Жаңалықтар
0