"Прометей" нысандарға қырғидай тиюде

© Sputnik / Host photo agency / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуСтратегический бомбардировщик-ракетоносец Ту-160 во время воздушной части военного парада в Москве
Стратегический бомбардировщик-ракетоносец Ту-160 во время воздушной части военного парада в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, С-500 технологиясы әскер ісінде жаңа мүмкіндіктерді ашып, жақын ғарыш пен жаһандық геосаясатқа тікелей ықпал етіп отыр

"Прометей" С-500 су жаңа зениттік зымырандық жүйенің пайда болуы Ресейге қатысты сыртқы қауіптің артуына байланысты орын алып отыр.

Зенитная ракетная система С-400 - Sputnik Қазақстан
Түркия С-400 кешенін не үшін таңдады
Өткен аптада ресейлік әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс құралдары шекара маңында барлау жүргізген шетелдік 46 ұшақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтап, тыйым салынған аумақтан ары "алыстатты". Бұл жөнінде "Красная звезда" газеті Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Елдің әуе кеңістігіне қол сұғу орын алған жоқ. Бірақ мұндай шақыртусыз келген "қонақтар" саны артып келеді. Осылайша, Пентагон "болжанбаған соққының" стратегиясын, тактикасын және технологиялық алгоритмдерін пысықтап жатыр. Ресей бұған қатысты әрекет жасап, ықтимал агрессордың ұшу аппараттарын бақылау мен жоюдың әлдеқайда тиімді құралдарын дайындауға мәжбүр.

"Прометей" С-500 зениттік зымыран жүйесінің сынақтан өтуі де аяқталып жатыр. Айта кету керек, сынақ барысында зымыран рекордтық 553 километрді еңсерді. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жүйені әскерге жеткізу 2020 жылы басталатынын айтты. Яғни, жақын күндері С-500 әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесі жауынгерлік кезекшілікте тұрады.

"Прометей" С-500 кешені ұзақ қашықтықта әрекет ете алатын айрықша зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жоғары әлеуеті бар "жер – әуе" әмбебап жүйелердің жаңа буынына жатады. Ол әуедегі барлық нысандарды, мейлі ол баллистикалық, аэродинамикалық, дыбыстан жылдам болсын, бүгінгі күні қолжетімді жылдамдықта жоюға қабілетті. Қажет болған жағдайда "Прометей" F-35 нысанын 4 секундта жойып, Жер орбитасындағы қарсыластың спутниктік топтарының күлін көкке ұшыра алады. Әрекетінің тиімділігі жағынан С-500 жүйесінің әлем бойынша баламалары жоқ және алдағы он жылда пайда болмайтыны анық.

Теңіз көкжиектері

"Прометей" "Триумфке" (4С-400) көмекке келіп, Ресей Федерациясының әуедегі және зымырандық шабуылға қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесінің негізіне айналады. Бұл әлеуетті қарсыластың көзге көрінетін және көрінбейтін барлау және соққы жасау ұшақтары Ресей шекарасынан 600 шақырым қашықтыққа дейінгі нысанада болатынын білдіреді.

Мысал ретінде қарастырсақ, Қара теңіз бағытында С-500 Қырымнан әлеуетті қарсыластың Бұқара, Анкара немесе Киев төбесінде "ойнақтап" жүрген жойғыштары мен стратегиялық бомбалаушыларын жоя алады. "Прометей" РЛС сәуле шығаруы Қара теңізден айтарлықтай қашықтықта "серіктестердің" барлаушы және соққы жасау авиациясының күнделікті белсенділігін төмендетіп, Пентагонның Румыниядағы жаңа базаларын жарамсыз етіп тастайды.

АҚШ cенатында Түркиядан С-400 кешендерін сатып алу ұсынылды - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ cенатында Түркиядан С-400 кешендерін сатып алу ұсынылды
Балтық өңірінде әскери қақтығыс орын алған жағдайда Ресей Балтық үстінде ұшуға жарамсыз аумақты ұйымдастырудың технологиялық мүмкіндігін күшейтетіні анық. Калининиград облысына орналастырылған "Прометейлер" бүкіл Польшаның және Германия, Дания, Чехия мен Словакияның бір бөлігіндегі әуе кеңістігін тиімді бақылай алады. Осылайша, С-500 поляктардың аумағында орналасқан америкалық әскердің және Вашингтон мен Варшаваның кеңейтілген әскери серіктестігінің тиімділігін тез құнсыздандырады. Екінші жағынан, ресейлік жаңа зениттік зымырандық жүйе одақтас Беларусьтің әуе кеңістігін сенімді қорғай алады.

Америкалық The National Interest журналы "Прометейдің" сынақтан өтуін мазасыздана бақылап, былай хабарлады: "Жаңа заман қаруы болып табылатын бұл жүйе Мәскеудің қолында бар онсыз да қуатты С-400 аппаратын толықтыруға арналған... С-500 жүйесінің биіктіктегі нысандарды тек ұзақ қашықтықта жоюдың мінсіз мүмкіндіктеріне ие және ол "стелс" технологиясы бойынша дайындалған ұшақтармен күресе алады".

Расымен де, Пентагон үшін ресейлік жүйенің 600 километрлік қашықтықты еңсеруі жағымсыз жаңалық болып табылады. Бұл АҚШ ӘӘК мен оның одақтастарының қарқынын айтарлықтай бәсеңдетуге ықпал етері сөзсіз.

Шекараға қауіп төндірмесе, америкалықтарға және басқа да әлеуетті қарсыластарға уайымдаудың еш қажеті жоқ. "Прометей" қорғаныс үшін, сырттан қауіп төнген жағдайда жаяу әскер мен әскери-теңіз флотының күштерін жедел орналастыруға және "мәжбүрлі бітімгершілік" үшін тиімді әрекет етуге арналған жүйе.

Ғарыштағы биіктік

АҚШ-тың Еуропамен зымыран келісімі: неміс тілшілері нені анықтады? - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ-тың Еуропамен зымыран келісімі: неміс тілшілері нені анықтады?
Әскери стратегиялар мен қақтығыстар технология тұрғысынан күрделеніп жатыр. Көптеген барлау мен навигация жүйелері Жер орбитасына шығарылған. Біршама уақыттан бері АҚШ Ғарыш күштері "дұшпан мемлекеттердің" спутниктік топтарын "жансыздандыру" бойынша миссияны жоспарлауды бастады. Пентагон ғарыштағы операцияларды соғыс әрекеттерінің жекелеген саласы ретінде қарастырып отыр. Сондықтан, ол ерте ме, кеш пе, жер маңындағы орбитаға соққы жасау қаруын орналастырады.

Ал АҚШ-тың бастамасымен жүзеге асатын бұл "жұлдыздар соғысына" қатысуға Ресейдің еш құлшынысы жоқ. Оның қажеті де шамалы. Себебі, "Прометейлердің" құрлықтағы желісі орбиталық қауіпті тез арада жоюға қабілетті болып отыр.

Сондықтан, бұл кез келген "жұлдызаралық флоттан" әлдеқайда тиімді әрі оңтайлы. Бас құрастырушы Павел Созинов С-500 Жерден жүздеген километр қашықтықта орналасқан нысандарды жою мүмкіндігі жайлы мәлімдеген болатын.

С-500 технологиясы әскер ісінде жаңа мүмкіндіктерді ашып, жақын ғарыш пен жаһандық геосаясатқа тікелей ықпал етіп отыр. Ресейде және посткеңестік кеңістікте ешкім бірыңғайланған, тереңдете эшелондандырылған әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінен бас тартпайды. С-500, С-400 және С-300 жүйелері ресейлік әуе кеңістігін түрлі қауіп-қатерден тиімді қорғайтын болады.

Сонымен қатар, С-500 мүмкіндіктері ТТХ-мен қоса, оның америкалық баламасы Patriot Advanced Capability-3 кешенінен әлдеқайда басым түседі. Мысырлық Sasapost басылымының мәліметі бойынша, ресейлік ӘШҚ-ЗШҚ жүйесі 500 миллион доллар тұрса, америкалық аталған кешеннің құны 1 миллиард долларға сатылып жатыр.

Жаңалықтар
0