Газ құбыры, архивтегі сурет

Қазақстанның астанасына газ ресейлік құбырлар арқылы жеткізіледі

198
(Жаңартылды 20:27 30.09.2019)
Қазақстанда құбыр өнімі сұранысқа ие болып қалып отыр, өйткені елде құрыш құбырлар өндірісі толық көлемде жолға қойылмаған. Үлкен диаметрлі құрыш құбырлар өндірісі бойынша Ресей көш басында, осы елдің өнімі қазіргі уақытта Қазақстан импортының негізгі бөлігін құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда ауқымды жоба – "Сарыарқа" магистральдік газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталуға жақын. Оның құрылысына 2018 жылдың соңында республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастау берген еді.  

Газ құбыры елдің оңтүстігінен солтүстігіне 1081 километрге созылып жатыр: Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Нұр-Сұлтан және елорда, орталық және солтүстік өңірлерге тартылады.

Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан астанасына "үлкен газ" жыл соңына қарай келеді, ал 2020 жылы жылу маусымы экологиялық таза отынмен өтеді. Бұл өз кезегінде ауаның ластануы мен елорданы басып қалатын қою түтін мәселесін шешеді.

Айта кетерлік жайт, газ құбырын салуға пайдаланылған құбырлардың жартысынан астамы – ресейлік ЧТПЗ тобы компаниясының өнімі. Бұл Ресейдің металлургиялық кешенінің өнеркәсіп тобы, ірі құбыр өнімін өндірушілердің бірі.

"Сарыарқа" газ құбыры Жезқазғанға жақындады

Кәсіпорын барлығы үлкен диаметрлі 130 мың тонна құбыр жеткізді. Диаметрі 820 миллиметр, қабырғасының жуандығы 12, 14  және 18 миллиметр, беріктігі К60 класына жататын құрыштан жасалған. Өнім Челябі құбыр зауытында шығарылады.

"Қазақстан ТМД елдері аумағында ЧТПЗ тобының өнімі пайдаланылатын ірі нарықтардың бірі болып табылады. 2018 жылы ресейлік құбыр жеткізушілердің ішінде бұл компанияның үлесі 47%-ті құрады. Кәсіпорынның стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаға қатысуы өнімнің ең жоғары талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес келетінін дәлідейді", - деп мәлім етті ЧТПЗ тобы компаниясындағылар.

Қазақстан неге құбыр импорттайды?

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қара металдан жасалатын құбырлар – Қазақстанға жеткізілетін негізгі тауарлардың бірі. Құбыр өнімі Қазақстанға импортталатын тауарлардың ішінде екінші орын алады - 3,3%, бірінші орында – дәрі-дәрмек (3,4%), үшінші орында – мұнай және мұнай өнімдері (2,7%).

Бұл орайда елге сырттан келетін құбырдың 40%-і Ресейде шығарылады, қалған 60%-і Қытай, Еуропа және араб елдеріне тиесілі.

Дегенмен, Қазақстан нарықты өз құбырымен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Мәселен, Алматыда үлкен диаметрлі құрыш құбырлар шығаратын заманауи зауыт салынып жатыр. Кәсіпорын мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін жылына жоғары сапалы 100 мың тонна құбыр өнімін өндіруі тиіс.

Қазақстандық нарық үшін күрес

Жаңа технологиялардың пайда болуы мен республиканың өз өндірісін іске қосуы, сондай-ақ валюта бағамына қатысты жағдай қазақстандық нарық үшін күресті күшейте түсетіні даусыз.

2018 жылы ЧТПЗ Тобы мен Ресей экспорттық орталығы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында жоғары технологиялық өнім экспортын дамыту және қолдау саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім жоғары технологиялық өнім экспортын ынталандыру бойынша бірлескен бастамаларды әзірлеу және іске асыру, сонымен қатар ЧТПЗ Тобының өнімін ілгерілету үшін экспорттық орталықтың шетелдегі өкілдіктерінің мүмкіндігін пайдалануды қарастырады.

Енді қазақстандықтар Ресеймен шекарада басқа құжат көрсетеді

Айта кетсек, экспорттаушыларға Ресей экспорттық орталығының "Made in Russia" ("Ресейде жасалған") бағдарламасы үлкен көмек болып отыр. Ерікті сертификаттау жүйесі негізінде мейлінше қауіпсіз деп табылған тауарларға тиісті белгі беріледі.

Бұдан бөлек, "Made in Russia" бренді біртіндеп әртүрлі және бәсекеге қабілетті тауарлардың өндірушісі ретінде Ресейдің жаңа бейнесін қалыптастырып келеді.

Материал коммерциялық негізде жарияланды.

198
Кілт сөздер:
газ құбыры, Ресей
Загрузка...