Бәйтерек

Астананың ең үздік туристік символы таңдалады

15
(Жаңартылды 13:50 23.12.2016)
Қалалық билік өкілдері Астананың туристік символының ең үздік нобай-жобасына конкурс жариялады

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Символ, белгі (бренд) қаланың мәртебесін, оның туристік тартымдылығын, көрікті жерлерін, ландшафтының ерекшеліктерін және тарихын жеткізуге тиіс деп хабарлайды елордалық әкімшіліктің ресми сайты.

Конкурс шартына сәйкес, түс гаммасы қазақтардың сәндік өнерінің түс және композициялық дәстүрлерін көрсетуге тиіс. Туристік белгіде қаланың рухын, оның мәнін жеткізетін түпнұсқа семантикалық шешімдерді, графикалық элементтерді, айрықша ұрандарды қолдануға болады. 

Туристік символ дизайн мен графикалық өнердің заманауи, әлемдік үдерістерінде орындалуға тиіс. Байқау 2016 жылдың 26 желтоқсаны мен 2017 жылдың 25 қаңтар аралығында өтеді. 

Байқауды ұйымдастырушы «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады. 

Байқау материалдарын 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 535 кабинет мекен-жайы бойынша, 2017 жылдың 25 қаңтары сағат 18:00 –ден кешіктірмей тапсыру қажет.

15