Мәдениет

Қазақстан "Алаш" қозғалысының 100 жылдығын атап өтпек

© Photo : Официальный сайт премьер-министра РКАхмет Байтұрсыновтың мүзей үйінің экспонаты
Ахмет Байтұрсыновтың мүзей үйінің экспонаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш қазақ партиясы "Алаштың" жүз жылдығына орай, Қазақстанда ұлы қазақ көшбасшылары туралы кітаптар жазылып, деректі фильмдер түсірілмек

АСТАНА, 1 ақп — Sputnik. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов "Алаш" қозғалысының 100  жылдығын атап өту үшін жоспар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі. 

"ХХ ғасырдың басында ұлттың зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маңызды рөл атқарды. "Алаш" алғашқы саяси партиясы және Алаш Орда үкіметінің пайда болуы азаматтық кемелденген және халықтың болашақ тағдырын шеше алатын қазақтың саяси зиялыларының жоғарғы әлеуетін көрсетті", — деп атап өтті Тасмағамбетов. 

Бұл орайда, вице-премьер еліміздегі Алаштанушы тарихшылар мен әдебиетшілер, отандық кино және телевизия саласының мамандарымен бірлесе отырып, тың бастамаларды – кітап шығару, кино түсіру мәселесін қолға алу қажеттігіне тоқталды. 

Алматы көрінісі - Sputnik Қазақстан
Археолог Байпақов: Алматыға мың жылдан астам уақыт болуы мүмкін

"Алаштың 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек. Қазір ең бастысы, жақсы жоспар құруымыз қажет. Оған бір-екі аптадай уақыт алып, дұрыс жоспар құрып, оны Елбасымен келісіп, уақытын белгілеген жөн. Алаштың 100 жылдығы сол заманмен қалып қоймай, бүгінгі тәуелсіз мемлекетпен байланыстыру орынды болады. Алаш зиялыларының арманы, оның орындалғаны, тәуелсіз ел болғанымыз, осының барлығы ұлттық және тарихи сананы көтеретін жақсы дүние болуы керек", — деді вице-премьер.

Сонымен қатар, кеңес барысында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін мемлекеттік меншікке беріп, оның мәртебесін республикалық деңгейге көтеру, ғалымның ғылыми еңбектерінің 10 томдығын жарыққа шығару мәселесі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Тасмағамбетов ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан ұлт зиялыларының өмірбаянын зерттеп, олар жөнінде көркем өмірбаяндық кітап шығаруды және Ахмет Байтұрсынов ғылыми еңбектерінің 10 томдығын басып шығаруды тапсырды.

Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынұлының музей үйінің ғимараты республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілетін болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне музей-үйді мемлекеттік меншікке алу және оны А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанынан А. Байтұрсынұлы музей-үйі – ғылыми орталығы ретінде құру тапсырылды.


Жаңалықтар
0