Мәдениет

Қазақстан мен Ресей кино және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытатын болады

CC0 / Narcis Ciocan / Құжатқа қол қою
Құжатқа қол қою - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада ЭКСПО-2017 аясында бірқатар ортақ шараларды өткізу жоспарланып отыр

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қазақстан мен Ресей 2017 жылы ортақ шаралар жоспарына сәйкес мәдениет саласында бірлесіп қызмет ететін болады – осыған орай ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен РФ мәдениет министрлігі басшысы Владимир Мединский тиісті құжатқа қол қойды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Владимир Мединский - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері шаңғымен серуендеді

Жоспарға сәйкес елдер 2019 жылды Қазақстан мен Ресейдің мәдениет алмасу жылы деп жариялау бағытында жұмыс атқармақ. Сонымен қатар, тараптар Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде мәдени шараларды өткізуде өзара ықпалдастық етуге келісті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы туризмді дамыту мен кинематография саласындағы серіктестікке де баса назар аударылатын болады.

Жаңалықтар
0