Мәдениет

"Спарта" КТК командасы Жоғарғы лиганың жартылай финалына өтті

© Photo : аккаунт команды "Спарта" в соцсетях"Спарта"
Спарта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық КТК құрама командасы Жоғарғы лиганың соңғы ширек финалында бірінші орынды иеленді.

АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik. Астаналық "Спарта" командасы 1/4 финалда бірінші орын алып, КТК Жоғарғы лигасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады команда капитаны Данияр Жұмаділов Instagram парақшасында.

"Бірінші орын. Жартылай финалдамыз. Бізге үміт артып, жанкүйр болған жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Алда талай белестер күтіп тұр. Командамды жақсы көремін", — деп жазды Данияр.

"Спарта" 2017 жылы КТК Жоғарғы лигасында осымен екінші рет жеңіске жетіп отыр. Жоғарғы лиганың жаңа маусымында ширек финалда жеңіске жеткені үшін 400 мың рубль ақшалай сыйлық беріледі (2 миллион теңге).

 

 

Жаңалықтар
0