Мәдениет

Джеки Чан Астанада қытай киносы фестивалін ашады

© AP Photo / Chris PizzelloДжеки Чан
Джеки Чан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джеки Чанның Астанаға қашан келетіні белгілі болды

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Джеки Чан Астанада 7 —18 маусым аралығында өтетін қытай киносы фестивалін ашады, деп хабарлады  "Қазақстан" РТРК басшысы Ерлан Қарин фейсбуктегі жеке парақшасында. 

"7 маусымда Қазмедиаорталықтағы киноконцерттік залда қытай киносы фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді. Шараның ұйымдастырушылары – "Қазақстан" телерадиокомпаниясы мен ҚХР ақпарат, баспа және кино мемлекеттік комитеті.  Қытай киносы фестивалі Ақпарат және коммуникациялар және Мәдениет және спорт министрліктерінің қолдауымен өтеді", — деп жазады Ерлан Қарин. 

Киноактер Джеки Чан - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Джеки Чан Қазақстанға келеді

Шараның арнайы қонағы – әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытайлық актер, кинорежиссер, кинопродюсер Джеки Чан. Фестивальдің ашылуында ол "Кунг-фу йога" фильмін ұсынбақ.

"Сонымен қатар, бұл шараға CCTV и Hunan TV телеарналарының өкілдері келеді.  «Қазтелефильм" мен "China film group" киносүйер қауымға соңғы жылдардағы үздік қытай фильмдерін ұсынады. Барлығы фестиваль бағдарламасы бойынша 7 —18 маусым аралығында 6 фильм көрсету жоспарланған", — дейді ол. 

Бұған дейін танымал актер Джеки Чан ЭКСПО аясында өтетін қытай фильмдерінің фестиваліне келеді деп хабарланған болатын.


Жаңалықтар
0