Мәдениет

Николас Кейдж қазақтың шапанын киіп, күйін тыңдады

© Sputnik / Болат ШайхиновНиколас Кейдж Астанада
Николас Кейдж Астанада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Оскар" жене "Алтын глобус" сыйлықтарының иегері Николас Кейдж Астанада студенттер мен балалармен кездесті

АСТАНА, 23 шілде —Sputnik. Голливуд жұлдызы Николас Кейдж "Адай" күйі мен "Көзімінің қарасын" тыңдап, қазақтың ұлттық шапанын киді.

"Адай" күйі мен "Көзімнің қарасын" тыңдады

Студенттермен əңгімелесу кезінде Кейдж арманындағы рөлі Жюль Верннің" Су астындағы он екі мың лье"  шығармасының кейіпкері Капитан Немо екенін айтты.  

Қонақжай қазақ  халқы қашанда қонағын сыйлықсыз қайтармаған. Сондықтан актерге екі музыкалық сый тарту етілді. 

Дәл Кейдждің алдында саусағынан бал тамған домбырашылар Құрманғазының "Адай" күйін орындады. Ал құрметті қонақтың өзі қалтасынан телефонын шығарып, онда қазақ мәдениетінің кішкене бір бөлігін сақтап қалмақ болды. Дегенмен операторлық қызметке бөліне алмады. 

Студенттер Кейджке сүйсіне қарап тұрып, "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Өз кезегінде Кейдж орындаушыларды "періштелер" деп атады.  

Шапан киіп шықты

Елордада болған бір жарым күн ішінде, Николас Кейдж өзінің ондаған қазақстандық табынушыларына бақыт сыйлады. Ең жолы болғандар жұлдызға жақындағаны соншалықты, "Мен арманымдағы адамға жақындай алдым" деп қуаныштарын жасыра алмады. 

Фанаттарымен қоштасқан Николас Кейдж, министр, әкім және ректормен бірге лифтіге костюммен кіріп, қанық жасыл шапанмен шықты. 

© Sputnik / Болат ШайхиновНиколас Кейдж в Астане
Николас Кейдж в Астане - Sputnik Қазақстан
1/2
Николас Кейдж в Астане
© Sputnik / Айгюзель КадирНиколас Кейдж Астанада
Николас Кейдж Астанада - Sputnik Қазақстан
2/2
Николас Кейдж Астанада
1/2
Николас Кейдж в Астане
2/2
Николас Кейдж Астанада
Жаңалықтар
0