Мәдениет

Жас ақындар арасындағы мүшәйраның жүлде қоры белгіленді

© Photo : ortcom.kzЖас ақындар арасында мүшәйра жарияланды
Жас ақындар арасында мүшәйра жарияланды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш кезеңнен тұратын мүшәйраға 14 – 29 аралығындағы жас ақындар қатыса алады

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Астана қаласының жас ақындары арасында мүшәйра жарияланды. Жыр байқауы − Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Мүшәйраның жалпы жүлде қоры — 1 200 000 теңге.  "Мәңгілік ел – мұратым!" және "Мемлекеттік рәміздер мақтанышым!" тақырыптарына жазылған шығармалар осы жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйек аралығында қабылданады. 

Әлия Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Әлия Назарбаева жүлде алды

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында өтетін мүшайраға Астананың жас ақындарын қатысуға шақырамын. Биыл қалалық деңгейде өтетін мүшәйраны болашақта, республикалық, тіпті халықаралық жыр бәйгесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз", — деді баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов.

Үш кезеңнен тұратын мүшәйраға 14 – 29 аралығындағы жас ақындар қатыса алады. Бірінші кезеңде "Мәңгілік ел мұратым" мен "Мемлекеттік рәміздер мәртебе" тақырыптарындағы шығармаларды қабылдау жүргізіледі. Екінші және үшінші кезеңде өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындар орнын анықтап, мүшәйраның әділ қазылар алқасының отырысы өткізіледі. 

Марапаттау рәсімі қыркүйек айында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

Сонымен, 1 орын – 1 адам (300 000 тг); 2 орын — 2 адам (200 000 тг); 3 орын – 3 адам (100 000 тг) және «Үздік ақын» (50 000 тг) номинациясы бойынша жүлде тағайындалып отыр.


Жаңалықтар
0