Мәдениет

Стивен Сигал Шыңғысхан туралы фильм түсіруді армандайды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуСтивен Сигал
Стивен Сигал - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Стивен Сигал Шыңғысхан туралы фильм түсіру үшін демеуші іздейді

АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Голливуд актері Стивен Сигал Қырғызстанда Шыңғысхан туралы фильм түсіруге ниет етеді, деп хабарлайды kabar.kg. порталы. 

"Мен әлі күнге дейін ол фильмді дәл осы жерде түсіруді армандаймын. Бірақ ол үшін қомақты қаржы керек, мен оған демеушілерді  іздестіріп жатырмын", — деді голливудтық актер Бішкекте өткен ІІІ дүниежүзілік көшпелілер ойындарының аясында, Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Ысковпен болған кездесу кезінде. 

Стивен Сигал: бешбармак — самое лучшее, что я ел - Sputnik Қазақстан
Видео
Стивен Сигал: бесбармақтай дәмді тамақ жеген емеспін
 

 "Мен өзімді үйдегідей сезінемін. Шын мәнінде мен сіздердің елдеріңіз үшін не істей алатынымды қарастырып жүрмін. Мен елдеріңізді қатты жақсы көремін. Мен жеті жыл бұрын болған ұлтаралық қақтығыс, тұрақсыздық туралы естідім. Бірақ, Қырғызстан президенті менің досым, ол өз елі үшін көп жақсылық жасады. Қала көшелерін аралап, мен күлімсіреп жүрген халықты көріп, олардың бақытты екенін байқадым. Бұл Атабаевтың үлесі", — деді актер. 

Ол ІІІ дүниежүзілік көшпелілер ойындары туралы роликке түсуге келісім бергенін мойындады. Бұл роликті бүкіл дүниежүзінде, сонымен қатар "Евроньюс" арнасынан да көрсетеді. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0