Мәдениет

Қазақстандық "Шыңырау" фильмінің түсірілімі аяқталды

© Photo : АО "Казахфильм""Шыңырау" фильмі
Шыңырау фильмі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл философиялық картина өз көрермендерін өмірдің күрделі сұрақтарына жауап беруге шақырады

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Режиссер Жәнібек Жетіруов құдық қазушы ер адам туралы баяндайтын Әбіш Кекілбаевтың белгілі повесіне негізделген "Шыңырау" фильмінің түсірілімі мен монтажын аяқтады, деп хабарлайды "Қазақфильм" баспасөз қызметі.

Фильмнің басты кейіпкерлері — ауыр еңбек пен өзінің өмірі жайлы өкінішпен қажыған құдық қазушы Еңсеп пен құлағы естімейтін, саңырау Оспан, сонымен қатар Ақмоншақ пен Асылхан атты қос ғашық. 

"Бұл фильм философиялық бағытта және ол көп адамды қызықтыра алады. Көркемдеу мен актерлердің киімдері  және реквизиттердің барлығы қазақтың этнографиялық болмысын аңғартады. Драма мен романтикалық сахнада өте сұлу дала пейзажында түсірілген фильмде Маңғыстау өңірінің көркем жерлері мен Каспий теңізі бейнеленген. Оған қоса, қазақ даласына тән жануарлар көрсетілген тарихи фильм кең ауқымды аудиторияға сәтті жол тартады деген үміттемін. Сараптамалық қабілеті дамыған, классиканы сүйетін  кез келген жастағы адамға бұл туында айтарлықтай қазақты болуы керек. Ол адам ойын кеңіте алатын фильм кәсіпкерлерге де қарапайым қара жұмыскерге де пайдалы»,-дейді режиссер.

Картинада әр-түрлі келіспеушіліктер мен өмірге деген көзқарастар, уәждер, отбасы аралық жанжалдар мен адамның өз-өзімен арпалысуы және олардың қоғамға деген реніші сияқты түрлі бағыттағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар бейнеленген.

 


Жаңалықтар
0