Мәдениет

Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильм түсірілді

© Photo : kazakhfilmstudios.kzҚазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түсірілімдердің негізгі бөлігі Алматы облысында жүргізілді

АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанда атақты Балуан Шолақ туралы көркем фильмнің түсірілімдері аяқталды, деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі. 

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы бірер күн бұрын Балуан Шолақ туралы түсірілген толық метражды фильмнің жұмысын аяқтады. Бұл фильм режиссер – Нұргелді Садығұловтың түсірген толық метражды алғашқы туындысы. Фильмдегі басты рөлі-Еркебұлан Даиров ойнады. Сонымен қатар, картинаға қазақстандық актерлер – Болат Әбілдинов, Медғат Өмірәлиев, Александр Багрянцев, Жанел Жақажан және басқалар түскен. 

Шыңырау фильмі - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстандық "Шыңырау" фильмінің түсірілімі аяқталды

"қазір мен фильмнің монтажын аяқтап қалдым. Шын мәнінде монтажға менің көп уақытым кетті. Себебі түсірілім барысында көптеген ауқымды жұмыс жасалып, қызықты материалдар түсірілді. Монтаждың соңғы нұсқасын ''Қазақфильмнің'' Эксперттік кеңесіне көрсетеміз. Содан кейін ғана дыбыстау жұмыстары, графика және түстеу жасаймыз», — деді Нұргелді Садығұлов. Фильм түсірілімдерінің негізгі бөлігі Алматы облысының Кеген және Жалаңаш ауылдарында түсірілген. Ол жердегі көпшілік сахналауға үш жүзге жуық адам қатысқан. Сонымен қатар, түсірілім жұмыстары Павлодар қаласы мен Бурабай аумағында орындалған. 

Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
1/3
Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
2/3
Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
3/3

Режиссер Нұргелді Садығұлов, ең басты мақсаты көрермендерге атақты Балуан Шолақтың тұлғасымен және оның өмір сүрген дәуірімен кеңінен таныстыру болғанын атап өтті.  

Жаңалықтар
0