Мәдениет

Америкалық фанаттары Димашты Лос-Анджелес әуежайында қарсы алды

© Photo : Пресс-служба посольства США в КазахстанеДимаштың табынушылары
Димаштың табынушылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фанаттардың арасында жазда Қазақстанға келген Патрис Груллион бар

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік турне аясында Лос-Анджелеске ұшып келді. Әуежайда фанаттары әншіні баннер және плакаттармен қарсы алды.

Әуежайда Димашты ең адал фанаты Патрис Груллион күтіп тұрды, ол жазда әншінің концерті үшін Қазақстанға келген болатын.

Ұшақтан шыға бере жас әнші жиналғандарға алғысын білдірді. Димаштың өнеріне табынушы қыздардың бірі тіпті жылап та жіберген. 

WELCOME TO LOS-ANGELES DIMASH! 🇺🇸🇰🇿 #DIMASH #DQ #dimashkudaibergenov #uskz #dimashfans

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz) Ноя 19 2017 в 9:19 PST

Америкалықтар Димашқа тілектерін жаудырып, концертіне баруға уәде берді.

Жаңалықтар
0