Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас: киінгенім өзіме ұнайды

131
(Жаңартылды 18:41 09.08.2018)
Әнші сүйген жарын ертіп, фэшн-уикендке барды

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қайрат Нұртас жарымен бірге сән кештерінің біріне қатысып қайтты, деп хабарлайды НТК.

Танымал байер Лилия Рах, алғаш рет халықаралық фэшн шара өткізді. Екі күнге созылған сән мерекесінде, шетелдік дизайнерлер өз топтамаларын таныстырған.

Лилия ханым дизайнерлерден өзге, шоу-бизнес өкілдерін де шақырған. Мәселен, Ринголық жігіттер, Роза Рымбаева, Әли Оқапов, тіпті Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қадірлі қонақтар тізімінде болды.

"Мені мұнда өзімнің жарым, әйелім, жұбайым, Жұлдыз алып келді осында. Сосын мен осында келдім біріншіден. Екіншіден, бұл кісіні өте жақсы танимын, бұл кісімен жұмыс жасадық, осы жақында", — дейді әнші Қайрат Нұртас.

Сән шараларында жиі бой көрсетпейтін Қайрат Нұртас, мүмкін стилін өзгертуді ойлап жүрген болар деген болжамдарға қатысты әнші пікір білдірді. 

"Менің киінгенім өзіме ұнайды, себебі әркім әрқалай киінеді", — деп Қайрат қысқа да нақты жауап берді.

131
Кілт сөздер:
әнші, Қайрат Нұртас
Загрузка...