Мәдениет

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай жаңа кітап жарық көрді

© Photo : Болатбек Төлепберген Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай жаңа кітап жарық көрді
Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай жаңа кітап жарық көрді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбекте Алаш қозғалысының эволюциялық даму үрдісі мен оның берер тағылымы таразыланған

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Астанада Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясына 100 жыл толуына орай "Алаш жолы" кітабы жарық көрді. Бұл туралы кітап авторы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепберген хабарлады. 

Аталған кітапта автор Алаш қозғалысы мен Алаш идеясы туралы пайымдарын, яғни қазақ елінің ұлттық мұрат-мүддесін қорғау жолында өмірге келген қоғамдық құбылыстарға байланысты өз тұжырымдарын оқырман назарына ұсынған. Алаш идеясымен сусындаған аталған туынды ХХ ғасырдың түрлі кезеңдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар арасындағы  өзара  логикалық  байланысты ұтымды баяндауымен бағалы. 

       

Ахмет Байтұрсыновтың мүзей үйінің экспонаты - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстан "Алаш" қозғалысының 100 жылдығын атап өтпек
Әсіресе жастарымызға қажетті тарихи танымдық туынды – "Алаш жолы" кітабы көпшіліктің көңілінен шығары анық. Бұл белгілі публицист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің ғылыми әрі публицистикалық еңбегінде жалпы өткен ғасырдың басындағы бұрқ етіп көтерілген Алаш қозғалысының эволюциялық даму үрдісі мен оның бүгінгі күнге берер тағылымы таразыланған. Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтардан бастап,  сол кезде енді ғана ақыл тоқтатқан жас толқын ізбасарлары да қамтылған. 

         Кiтап Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясына 100 жыл толуына арналып шығарылып отыр. Мың дана таралыммен жарық көрген аталған кітап Алаш қайраткерлерінің суреттерімен безендірілген. Еңбек Алаш идеясына қызығушылық танытқан барша оқырманға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. 


Жаңалықтар
0