Мәдениет

Айгүл Иманбаева Димаш туралы не ойлайтынын айтты

© Photo : Instagram Christy ChanДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айтуынша, Димаштың әр сөзінен еліне деген махаббаты сезіліп, әр ісінен музыкаға, өнерге деген адалдығы білініп тұрады

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева қазақ елін әлемге әйгілеп жүрген Димаш Құдайберген туралы пікірімен бөлісті. 

"Димаш! Бұл есім – былтырғы жылы әлемге қазақ өнерін танытудың өкілетті елшісі болған жарқыраған жауынгерінің есімі! Димаштың бір жылда бағындырған биіктері мен кеңейткен көкжиектеріне көз түгіл көңіл жетпейтіндей… Дегенмен, адам баласының қолынан бәрі келетіндігінің дәлелі бұл. Ол ерінбей еңбектенген, талмай талпынған, үмітін үзбей армандаған жанның бәріне жететіндігін өз жетістіктерімен көрсетті", — деп жазды Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Төлеген Мұхамеджанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхамеджанов: Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті

Әнші Димаштың сахнаға шыққан әр сәтін қадағалап, қайта-қайта тамсанғанын, бірде жүрегі елжіреп, көкірегін қуаныштың жасы қысқанын, бірде ойлы жанарынан сыр ұққанын айтады. 

"Бір сөзбен айтқанда, мен Димашқа жанкүйер болдым. Бір нәрсеге көзім жетті. Кез-келген адам баласының тағдыры о баста, "шыр" етіп, дүниеге келген кезде маңдайына жазылғанымен, сол жолды кім қалай кешеді өзіне және тәрбиесіне байланысты екен. Димаш – ата-әжесінің мейіріміне шомылып, әкесінің музыкаға баулуымен қанаттанған, анасының қарапайымдылығымен қаруланған бала. Сондықтан оның әр сөзінен еліне деген махаббаты сезіліп, әр ісінен музыкаға, өнерге деген адалдық білініп тұрады. Оның әр жетістігінің негізгі діңгегі – адамгершілік пен кішіпейілділік", — дейді әнші. 

Айтуынша, Димаштың әлемдегі ең танымал жұлдыздармен бірге бір сахнада дуэтпен ән шырқауы қазақ өнерінің орбитасын кеңейтуде. Ол өзінің мәртебелі жетістіктерімен тыңдармандарының талап талғамын да сатылап көтеріп тастады. Және жас ұрпақ санасына саф өнердің қаншалықты құнды болатындығын құйып берді. 

Тамара Асар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тамара Асар: қазақтың ұлттық киімін Димаш арқылы әлемге таныту керек

"Димаш орындаған әр ән ғаламат туындыға айналып, қалықтай жөнелуінде нендей құдірет бар деп ойланып көрдіңіз бе?! Бұл – өнерге, музыкаға деген махаббат, шынайы әрі адал махаббат! Себебі, Димаш салған әндердің әр иірімінде оның жүрек лүпілі бар, өнерге деген өлшеусіз махаббатының жалыны бар. Барлықтарыңызға махаббат берсін! Себебі, Біз Абай атамыз айтқандай, "махаббатпен жаратылғанбыз", — деп түйді сөзін Айгүл Иманбаева. 


Жаңалықтар
0