Мәдениет

Димаш Құдайберген әлемдік турнесін тоқтатып, елге оралды

© Sputnik / Болат ШайхиновДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші әлемдік турнесін Қытайдың қалаларынан бастаған еді

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік турнесі кезінде Қазақстанға келді.

Орындаушы осыдан бір жарым ай бұрын әлемдік турнесін бастайтынын мәлімдеген еді.

"Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата — анамның қасында жəне студияда өткіземін", — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Бұдан бөлек, Димаш табынушыларының қошеметі мен айғайлаған даусы естілетін видеоны жариялап, "Мен жанкүйерлерімнің жанкүйерімін" деп жазған.

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турнесін 13 елдің мамандары әзірлеген.

Жаңалықтар
0